Абай облысының ветеринария басқармасы әкімшілік құқықтық қамтамасыз ету және бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маманы (№ 5-1-3) (функционалдық блок A)

Мемлекеттік орган

Абай облысының әкімдігі

Аймақ

Абай облысы

Санат

D-О-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану

Функционалды міндеттер

Басқармада құқықтық жұмысты ұйымдастыру, заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету. «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» немесе қысқартылған ТБН №4» жобасы бойынша жұмыстар жүргізу. «Ашық нормативтік құқықтық актілер» интернет порталында жұмыстар жүргізу. «Мемлекеттік органдардың интранет-порталының ақпараттық жүйесі» арқылы нормативтік құқықтық актілерді әділет органдарына тіркеуге жолдау бойынша жұмыстар жүргізу. Сотта және басқа да мекемелерде сенімхат негізінде басқарманың заңды мүдделерін білдіру және қорғау. Басшылыққа қол қоюға ұсынылатын бұйрықтардың, нұсқаулықтардың, шарттардың және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларының қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізу.

 Әзірлеушісі басқарма болып табылатын облыс әкімі мен әкімдігінің, облыстық мәслихаттың құқықтық актілерінің (нормативтік құқықтық және нормативтік құқықтық емес) жобаларын дайындау. Басқарма басшысының бұйрықтарының жобаларын дайындау. Әзірлеушісі басқарма болып табылатын нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын газеттерде, ресми сайтта, «Ашық нормативтік құқықтық актілер» интернет-порталында жариялау, Қоғамдық кеңестің, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, Сараптамалық кеңестің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамалық орталықтың қорытындыларын алу бойынша жұмыстар жүргізу.  Басқармаға қарасты шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды құру, қайта ұйымдастыру, тарату мәселелері бойынша   жұмыстар жүргізу. Басқарма қызметкерлеріне, басқармаға қарасты  шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлеріне  Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізу. Басқарма және оған қарасты мекемелермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаулар жүргізілуін үйлестіру. Нормативтік құқықтық актілер бойынша есепті, басқарма мамандары қатысқан сот істері туралы есепті және басқа да басқарма жұмысына қатысты есептерді жоғары тұрған органға ұсыну. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер, жолданымдар, хабарламалар, сұрау салулар, пікірлер мен ұсыныстар, кіріс құжаттар, жоғары тұрған органдардың хаттамалық тапсырмаларының орындалуы бойынша уақытылы  жауаптар мен ақпараттар дайындау, жіберу. Бөлім туралы ереже және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде басқарма басшысының, басқарма орынбасарларының және бөлім басшысының басқа да тапсырмаларын орындау, сондай-ақ өз құзыреті шегінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 24.10.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

28.10.2024 – 05.11.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МВ

Сұхбаттасу күні

08.11.2024

Сұхбаттасу орны

Абай облысы, Семей қаласы, Қ. Мұхамедханов көшесі 8, конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Анықтама алу үшін байланыс

36-10-99