«Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ Әкімшілік-қаржы бөлімінің бас маманы, (№ 2-2) (функционалдық блок В).
Абай облысының әкімдігі
Абай облысы
243700
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Талап-арыз жұмысын жүргізуді ұйымдастыру және бақылау. Басқарма қызметінде туындайтын құқықтық мәселелер бойынша қорытындылардың, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің жобаларына дайындалуын бақылау. Наразылық шағымдарының, сот істері бойынша хабарламалардың қорытындылары бойынша талдау мен жинақтауды бақылау. Құқықтық сипаттағы мәселелерді қарау кезінде сотта, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда белгіленген тәртіппен Басқарманың мүдделерін білдіру. Басшыға қол қоюға ұсынылатын бұйрықтардың, нұсқаулықтардың, қаулылардың және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін, заңда қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру және оларға бұрыштама қою. Басқарма қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын насихаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу, олардың жұмысына қатысты нормативтік-құқықтық актілерді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды зерделеу жөніндегі іс-шаралар мен жұмыстарды жүргізу арқылы басқарма қызметкерлерінің хабардар болуын қамтамасыз етуді бақылау. Басқарманың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу. Электрондық заңнамалық дерекқормен жұмыс; қажетті жұмыс жоспарларын әзірлеу. Басқарма қызметкерлеріне құқықтық тәрбие беруді ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Шарттарды жасасу және ресімдеу, жасалған шарттарға заңгерлік сараптама жүргізу, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту жөнінде ұсыныстар әзірлеуге және енгізуге қатысу. Нормативтік-құқықтық актілердің, құқықтық санаттағы шешімдер мен құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу. Өңірлік және мемлекеттік бағдарламаларды, әкімдік қаулылары мен облыс әкімі өкімдерін, облыстық мәслихат тапсырмаларын және басқа да заңнамалық актілерді орындау, басшылық құжаттары мен тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын бақылау және мониторингтеу.Басқарма сайтында жетекшілік ететін салалар бойынша ақпараттың уақтылы орналастырылуын бақылауды жүзеге асыру. Өтініштерге уақтылы және сапалы жауап беруді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс тәртібінің «Е-өтініш» ақпараттық жүйесінде сақталуын бақылау. «Е-өтініш» ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша салыстыру, есептілік актілерін жасау. Басқарманың, құрылымдық бөлімшелерінің (бөлімдерінің) ережесіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Өз құзыреті шегінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
k.tursyngaliev@akimatabai.gov.kz
- 26.09.2024
- Абай облысы, Семей қаласы, Кайым Мұхамедханов көшесі 8, әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін
-
8 (7222) 36 10 99