Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімі тәрбие жұмысы секторының бас маманы (№ СВР-2) (функционалдық блок В).

Мемлекеттік орган

Абай облысының әкімдігі

Аймақ

Абай облысы

Санат

D-R-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

209593

Жалпы біліктілік талаптары

D-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, осы Үлгілік біліктілік талаптарының 9-тармағына сәйкес жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі;

Мамандығы

  • Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)

Функционалды міндеттер

Білім беру мекемелерінде балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесі бойынша жұмысты үйлестіреді:

     - қаланың жалпы білім беретін мектептерінің дене шынықтыру мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің қызметін үйлестіреді;

     -білім беру мекемелерінде Президенттік тесттерді, спорттық-бұқаралық іс-шаралар күнтізбесін орындау бойынша бақылауды жүзеге асырады және жүргізеді.

- оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және енгізу бойынша жұмысты үйлестіреді;

     - мамандандырылған спорт сыныптарының қызметін бақылауды жүзеге асырады;

Білім беру мекемелерінде Алғашқы әскери даярлықты ұйымдастыру жөніндегі жұмысқа жетекшілік етеді:

     - қаланың жалпы білім беретін мектептерінің бастапқы әскери дайындық оқытушыларының әдістемелік бірлестігінің қызметін үйлестіреді;

- «Жас Сарбаз» мамандандырылған сыныптарының қызметін бақылауды жүзеге асырады.

     - әскери-патриоттық клубтардың жұмысын үйлестіреді;

- білім беру мекемелерінде әскери-спорттық іс-шаралар күнтізбесін орындау бойынша бақылауды жүзеге асырады және жүргізеді; қосымша білім беру ұйымдары бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мәселелерді бақылайды; нысандар бойынша есептерді құрастырады және жинайды; балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастырады және бақылайды:

- ЖҚЕ зерделеу бойынша, балалар жол жарақаттануының алдын алу бойынша және сәтсіз оқиғалар бойынша жұмыстарға мониторинг жүргізеді;

- Жас полиция инспекторлары жасақтарының қызметін үйлестіреді; Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласында интернетте орналастырылған жұмысты ұйымдастырады; оқушылардың өзін-өзі басқаруының балалар қоғамдық ұйымдарының қызметі бойынша жұмысты бақылайды:

- қала мектептері тәлімгерлерінің әдістемелік бірлестігінің жұмысын ұйымдастырады;

- КТК мектеп лигасының, пікірсайыс қозғалысының жұмысын үйлестіреді;

Ведомстволық бағынысты мекемелермен ҰБДҚ (ұлттық білім беру деректер қоры) сапалы толтырылуын үйлестіреді, жетекшілік ететін мәселелерге сәйкес өзгерістер енгізеді; білім беру мекемесі қызметінің мәселелері бойынша әкімдік қаулыларын, бөлім бұйрықтарын дайындайды; жоғары тұрған органдардың тапсырмаларына, хаттарына, бақылау құжаттарына, азаматтардың өтініштеріне жауаптарды уақтылы дайындайды, әкімдік, қалалық мәслихат, бөлім кеңесі, аппараттық кеңестер отырысына сұрақтар дайындайды; бекітілген білім беру мекемелеріне жетекшілік етеді;  СМЖ шеңберінде белгіленген талаптарды орындайды және еңбек заңнамасына сәйкес СМЖ талаптарын орындамағаны үшін жауапты болады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 16.08.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

19.08.2024 – 27.08.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу күні

03.09.2024

Сұхбаттасу орны

Абай облысы, Семей қаласы, Қ. Мұхамедханов көшесі 8, конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Анықтама алу үшін байланыс

36-10-99