Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының әкімшілік -құқықтық және кадрлық жұмыс бөлімінің бас маманы (05-3) (функционалдық блок В)

Мемлекеттік орган

Абай облысының әкімдігі

Аймақ

Абай облысы

Санат

D-О-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

243700

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық

Функционалды міндеттер

Мемлекеттік органның қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;

Сенімхат бойынша бөлім атынан мемлекеттік органдарда құқықтық мәселелер бойынша сөз сөйлейді;

Мемлекеттік орган қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның мүдделерін білдіреді;

Тиісті сот талқылауына әкеп соққан негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының қатысуымен даулар бойынша талап қою жұмысының, сот

практикасының жай-күйін талдайды және оларды жою және кінәлі лауазымды адамдарды жауапқа тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді;

Заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөнінде шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді;

Заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда, барлық сот сатыларында мемлекеттік органның пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөнінде уақтылы шаралар қабылдайды, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына қадағалау тәртібімен наразылық келтіру туралы өтінішхаттармен жүгінеді;

 Мемлекеттік органның миссиясын оның стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ заңдық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын әзірлейді;

 Басшының визасына сәйкес заңда белгіленген мерзімде мемлекеттік органның негізгі қызметі мәселелері бойынша жеке/заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

 Есептің белгіленген нысанына сәйкес ай сайын Абай облысы бойынша ҚР БП ҚСжАЕКБ-мен жеке/заңды тұлғалардың өтініштері бойынша салыстыру актісін жүргізеді;

 Жеке/заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, тіркеу және есепке алу жөніндегі мемлекеттік органның жауапты тұлғасы болып табылады;

 "Е-Otinish" бағдарламасымен жұмыс жөніндегі мемлекеттік органның жауапты тұлғасы болып табылады;

 Мемлекеттік органда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді;

 "Ашық НҚА" порталының жұмысын ұйымдастыру бойынша мемлекеттік органның жауапты тұлғасы болып табылады;

 Заңда белгіленген мерзімде мемлекеттік органның қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді;

 Бөлім басшысының тапсырмаларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін бөлім мамандарын, ведомстволық бағынысты спорт

мекемелерінің басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізеді;

Жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындайды. Бөлім басшысы, облыс әкімінің орынбасары, облыс әкімі деңгейінде материалдар дайындайды және кеңестер өткізуді ұйымдастырады;

Басқарма басшысына бөлімнің Ережесіне, ведомстволық бағынысты мекемелер мен кәсіпорындардың жарғыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар енгізеді. Осы мәселелер бойынша әкімдік қаулысының жобасын дайындау бойынша заң көмегін көрсетеді;

Спорт мекемелері мен кәсіпорындарының қызметі мәселелері бойынша әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;

Жетекшілік ететін мәселелерге қатысты ОДО бірыңғай жүйесінің іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру.

Е-Өтініш жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың құжаттары мен өтініштерін уақытылы қарау және орындау.

Жетекшілік ететін мәселелер бойынша азаматтардың өтініштерін, хаттарын және ауызша өтініштерін белгіленген мерзімдерге сәйкес қарайды;

Жетекшілік ететін мәселелер бойынша бөлімнің жұмысы туралы есептер мен ақпаратты дайындау;

Жетекшілік ететін мәселелер бойынша облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын, әкімдік, мәслихат қаулыларын әзірлеуге қатысады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 24.07.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

25.07.2024 – 02.08.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу күні

07.08.2024

Сұхбаттасу орны

Абай облысы Семей қаласы, Кайым Мұхамедханов көшесі 8. Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар мен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейне байланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін

Анықтама алу үшін байланыс

8(7222) 36-10-99