«Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ Автомобиль жолдарын дамыту және күтіп ұстау бөлімінің бас маманы, (№ 04-1-5) (функционалдық блок А).

Мемлекеттік орган

Абай облысының әкімдігі

Аймақ

Абай облысы

Санат

D-О-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Құрылыс
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
  • Көлік құрылысы
  • Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)

Функционалды міндеттер

Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын уақтылы әзірлеуді және іске асыруды қамтамасыз етеді;

Жетекшілік ететін салаға қатысты мемлекеттік бағдарламаларды, ұлттық жобаларды, жобалық кеңселерді, басқа да бағдарламалар мен жобаларды іске асыруға бағытталған жұмысты жүзеге асырады;

Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын дамыту бағдарламалары мен схемаларын әзірлеу, құрылысқа, реконструкциялауға және күрделі жөндеуге жататын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жобалау-сметалық құжаттамасын қарау және келісу бойынша жұмыс жүргізеді;

Тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімдерді уақтылы әзірлеу және тапсыру бойынша жұмыс жүргізеді;

Облыстың Жол шаруашылығын мемлекеттік реттеу, басқару және жұмыс істеуі бойынша нормативтік - құқықтық актілердің, құжаттардың жобаларын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізеді;

Мемлекеттік қызметтерді уақтылы және сапалы көрсету бойынша жұмыс жүргізеді;

Мемлекеттік қызмет көрсетудің тиісті стандарттары мен регламенттерінің сақталуын, әкімшілік рәсімдердің сақталуын қамтамасыз етеді;

Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мен салудың орындалуына, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, жөндеу, күтіп ұстау, көгалдандыру бойынша орындалған жол жұмыстарының сапасы мен қабылдануына бақылауды жүзеге асырады;

Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, жөндеу, күтіп ұстау, көгалдандыру бойынша орындалған жол жұмыстарының сапасы мен қабылдануына бақылауды жүзеге асырады;

Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жай күйі мен перспективалық дамуы туралы мәліметтерді жүйелейді және талдайды;

Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, күрделі жөндеу және пайдалану бойынша қызметтердің әртүрлі түрлерін ұсынатын барлық меншік нысанындағы кәсіпорындармен жұмыс жүргізеді;

Жол полициясы органдарымен және жұмылдыру дайындығы басқармасымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

Қозғалыс қауіпсіздігін арттыру, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында жол саласында бірыңғай техникалық саясат жүргізу бойынша жұмыс жүргізеді;

Басқарудың интернет-ресурсында мазмұнды толтыру үшін ақпарат береді;

Бөлімнің құзыретіне кіретін жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын, құжаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы және сапалы орындау бойынша жұмыс жүргізеді;

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі функциялардың орындалуын қамтамасыз етеді;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген бөлімге жүктелген өзге де міндеттерді орындайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 25.07.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

26.07.2024 – 05.08.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МВ

Сұхбаттасу күні

08.08.2024

Сұхбаттасу орны

Абай облысы Семей қаласы, Кайым Мұхамедханов көшесі 8. Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар мен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейне байланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7222) 36-10-99