Абай облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы материалдық өндіріс және кірістерді болжау бөлімінің бас маманы (№ 5 - 4) (функционалдық блок В)
Абай облысының әкімдігі
Абай облысы
243700
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Белгіленген тәртіппен салық саясаты бөлігінде басқа облыстық басқармалардың, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің, Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруге қатысу.
Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен бюджеттік параметрлерін әзірлеуге қатысу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламалары мен жоспарлары шеңберінде облыстың даму жоспары мен әлеуметтік - экономикалық даму болжамын іске асыру жөніндегі іс-шараларға қатысу.
Абай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті мен қаржы басқармасының есептері негізінде қалалар мен аудандар бөлінісінде бересінің, мемлекеттік және жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдердің мониторингін жүзеге асыру.
- табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдер, мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер, жер қойнауын пайдаланушылардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына аударымдары және басқа да түсімдер (өңірлер бөлінісінде);
- мүлік салығының, көлік салығының, жер салығының, бірыңғай жер салығының, сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақының, тіркелген салықтың түсімдерін (өңірлер бөлінісінде) болжау және талдау;
- жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, акциздер, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер (қалалар мен аудандар бөлінісінде).
Облыстық бюджеттің өз кірістерінің болжамын қарау үшін қажетті материалдарды бюджеттік комиссияның отырыстарына дайындау.
Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, облыстық бюджеттің өз кірістерінің түсімдерін болжау жөніндегі жұмысты жүзеге асыру.
Облыс бюджетінің болжамын орындауды қамтамасыз ету үшін, оның кіріс бөлігін ұлғайту бойынша ұсыныстар дайындау.
Қалалар мен аудандар бөлінісінде жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы ақшалай қаражаттың түсімдері мен қалдықтары туралы ақпарат жинау жұмыстарын жүргізу.
Жетекшілік ететін мәселелер бойынша облыстық әкімдіктің кеңестеріне, отырыстарына, облыстық мәслихаттың сессияларына ақпараттар дайындауды, оларды кәсіпорындармен, басқармалармен, қалалар мен аудандардың экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдерімен пысықтауды жүзеге асыру.
Облыс әкімінің орынбасарлары мен басқарма басшысының жанындағы кеңестерде қарау үшін облыс әкімінің ақпараттық материалдарын, жобаларын, баяндамаларын, шешімдерін дайындауға қатысу.
Белгіленген тәртіпке сәйкес өкімдік құжаттарды орындауды жүзеге асыру. Кеңестерге, отырыстарға арналған материалдарды ұйымдастыруға және дайындауға қатысу.
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске сәйкес өтініштерді қарау бойынша әкімшілік рәсімдерді уақытында және сапалы жүргізу (қабылданған шешімге шағым беру құқығын түсіндіре отырып, өтініш берушінің дәлелдерін теріске шығаратын немесе растайтын нақты фактілерді қамтитын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сілтеме жасай отырып, мемлекеттік тілде немесе өтініш жасалған тілде негізделген және дәлелді жауаптарды қарау, мерзімінде дайындау. қажетті жағдайларда тыңдау өткізу, әкімшілік істі қарау нәтижелері және қабылданған шаралар туралы өтініш берушіні хабардар ету).
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқарманың ақпараттық ресурстарымен жұмыс процесінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
k.tursyngaliev@akimatabai.gov.kz
- 22.07.2024
- Абай облысы Семей қаласы, Кайым Мұхамедханов көшесі 8. Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар мен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейне байланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін
-
+7 (7222) 36-10-99