Абай облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы жер қатынастары және табиғат пайдалануды реттеу салалары бөлімінің бас маманы (№ 9 - 3) (функционалдық блок В)

Мемлекеттік орган

Абай облысының әкімдігі

Аймақ

Абай облысы

Санат

D-О-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

243700

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу салалары (бұдан әрі - жетекшілік ететін салалар) бойынша облыстың әлеуметтік - экономикалық даму болжамын және үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік параметрлерді әзірлеуге қатысу.

Жетекшілік ететін салалар бойнша облыстың даму жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын түзетуге және мониторинке қатысу.

Үш жылдық кезеңге арналған облыстық бюджеттің жобасын әзірлеуге қатысу және жетекшілік ететін салалар бойынша облыстық бюджеттік комиссияның қарауына материалдар дайындау.

Жетекшілік ететін салалар бойынша бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын олардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан қарастыру және тексеру.

Жетекшілік ететін салалар бойынша облыстық бюджеттік комиссияның қарауына жіберу үшін бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалардың жобаларына қорытындылар дайындау және оларға қол қою.

Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен инвестициялық ұсыныстарды және бюджеттік инвестициялық жобаларды қарастыру.

Жетекшілік ететін салалар бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің заңды тұлғаларының жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыруға жоспарланатын инвестициялық ұсыныстар мен бюджеттік жобалар, бюджеттік инвестициялар бойынша экономикалық қорытындылар дайындау және оларға қол қою.

Жетекшілік ететін салалар бойынша облыстық бюджетті нақтылау және түзету жөнінде ұсыныс енгізу, облыстық бюджет комиссиясының қарауына қажетті материалдарды дайындау.

Үш жылдық кезеңге арналған ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша облыстық бюджет шығыстарының лимиттерін айқындауға қатысу.

Бюджеттік мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің саны мен еңбекақы төлеу қорына тоқсан сайын мониторинг жүргізеді.

Жетекшілік ететін салалар бойынша талдамалық және ақпараттық материалдарды дайындау, талдамалық материалдардың уақытында және дұрыстығын қамтамасыз ету.

Орталық және жергілікті атқарушы органдар әзірлеген нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын келісу бойынша ұсыныстарды қарастыру және енгізу.

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске сәйкес өтініштерді қарау бойынша әкімшілік рәсімдерді уақтылы және сапалы жүргізеді (қабылданған шешімге шағым беру құқығын түсіндіре отырып, өтініш берушінің дәлелдерін теріске шығаратын немесе растайтын нақты фактілерді қамтитын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сілтеме жасай отырып, мемлекеттік тілде немесе өтініш жасалған тілде негізделген және дәлелді жауаптарды қарау, мерзімінде дайындау. қажетті жағдайларда тыңдау өткізу, әкімшілік істі қарау нәтижелері және қабылданған шаралар туралы өтініш берушіні хабардар ету).

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқарманың ақпараттық ресурстарымен жұмыс процесінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 05.04.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

08.04.2024 – 16.04.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МВ

Сұхбаттасу күні

19.04.2024

Сұхбаттасу орны

Абай облысы Семей қаласы, Кайым Мұхамедханов көшесі 8. Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар мен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейне байланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін

Анықтама алу үшін байланыс

Лебаев М.Б. тел: +77786007604

WhatsApp: +77058417701