Абай облысының цифрлық технологиялар басқармасының Әкімшілік жұмыс бөлімінің басшысы № 4-1 (функционалдық блок А).
Абай облысының әкімдігі
Абай облысы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқық және экономика негіздері
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
- Мемлекеттік басқару
Функционалды міндеттер
Әкімшілік-қаржы бөлімінің қызметіне басшылықты жүзеге асырады. Басқарма қызметінде заңдылықтың сақталуын және оның құқықтық мүдделерін қорғауды бақылауды жүзеге асырады. Кадр жұмысының жүргізілуін, тиісті есептердің уақтылы ұсынылуын бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу, конкурстық іріктеу, мемлекеттік қызметшілерді қызмет бойынша жоғарылату, қызметтік тергеп-тексеру, мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауаптылыққа тарту, мемлекеттік қызметшілерді қызметтен шығару рәсімдерінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Жеке құрам, негізгі қызмет, іс-сапарлар, демалыстар, оның ішінде «Е-қызмет» жүйесінде бұйрықтарды жүргізу және есепке алу бойынша жұмысты ұйымдастырады». Қызметтік құжаттар бойынша тапсырмалардың орындалу мерзіміне, азаматтардың өтініштерін қарау барысына, кеңсе жұмысының ұйымдастырылуына бақылауды қамтамасыз етеді. Кіріс және шығыс хат-хабарларды есепке алуға бақылауды жүзеге асырады, құжаттардың уақтылы жеткізілуін және таратылуын бақылайды, өз құзыреті мәселелері бойынша әкімдіктермен, мекемелермен, ведомстволық бағынысты ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады, Іс жүргізудің жүргізілуін және электрондық құжат айналымының сақталуын ұйымдастырады және бақылайды. Басқарманың ішкі нормативтік құжаттарының (басқару және оның құрылымы туралы Ереже, Басқарманың жұмыс регламенті, өтілі бойынша хаттама, «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің біліктілік талаптары, лауазымдық нұсқаулықтар және басқа да ұйымдастырушылық-нормативтік құқықтық құжаттар) әзірленуін және бекітілуін бақылауды қамтамасыз етеді). Алқа мен мәжілістерде қарау үшін ақпараттық материалдарды, баяндама жобаларын, шешімдер мен өкімдерді дайындауға қатысады. Басқарманың қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебін ұйымдастыруды және материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының жұмсалуын, мемлекеттік меншіктің сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Бастапқы және бухгалтерлік құжаттарды, есеп айырысулар мен төлем міндеттемелерін ресімдеу тәртібінің сақталуына, жалақы қорының жұмсалуына, лауазымдық жалақыларды белгілеуге, ақша қаражаттарына, тауар-материалдық құндылықтар мен негізгі қорларға түгендеу жүргізуге, Бас кітапты жүргізуге бақылауды жүзеге асырады. Ағымдағы қаржы жылына басқарма аппаратының штаттық кестесін жасайды. Басқарманың бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің міндеттемелер мен төлемдер бойынша ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерді қаржыландырудың жеке жоспарын өзгертуге өтінімнің, міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын өзгертуге арналған өтінімнің жасалуын бақылауды жүзеге асырады. Басқарма қызметкерлерінің, штаттан тыс қызметкерлердің жалақысын есептеу және есепке алу бойынша жұмысты орындайды. Қызметкерлердің жалақысы бойынша есеп айырысу ведомостарының мемориалдық ордерін қалыптастырады. Қазақстан Республикасының заңнамасы мен нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес тиісті органдарға белгіленген мерзімде қаржылық, салықтық, статистикалық және басқа да есептілікті жасау және уақтылы ұсыну бойынша жұмысты орындайды. Шоғырландырылған қаржылық және бюджеттік есептілікті қалыптастырады. Бухгалтерлік есепте барлық жүзеге асырылатын шаруашылық операциялардың уақтылы көрсетілуіне, белгіленген мерзімде қаржылық есептіліктің жасалуына бақылау жүргізеді. Келіп түскен ақшалай қаражаттың, тауар-материалдық құндылықтардың және негізгі құралдардың толық есепке алынуына және олардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады, оларға түгендеу жүргізудің белгіленген қағидаларының сақталуын ұйымдастырады. Бюджетке салықтар мен төлемдердің аударылуын, белгіленген мерзімде дебиторлық және кредиторлық берешекті өндіріп алуды, төлем тәртібін сақтауды бақылауды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын жасауды және бекітуді, оны веб-сайтқа орналастыруды және Мемлекеттік сатып алу рәсімін ұйымдастыруды ұйымдастырады, мемлекеттік сатып алу жөніндегі шарттардың жасалуын, Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізуді ұйымдастырады және бақылайды. Басқарманың бюджет қаражатының тиімді, мақсатты пайдаланылуын және уақтылы және толық игерілуін бақылауды жүргізеді. Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдарының бюджет қаражатының тиімді, мақсатты пайдаланылуын және уақтылы және толық игерілуін бақылауды жүргізеді. Басқарманың шоғырландырылған бюджеттік және қаржылық есептілігінің жинағын, ведомстволық бағынысты ұйымдардың аудиторлық тексерулерін жасауды және қаржы органына ұсынуды бақылайды. Есептің тиісті бағыттары бойынша бухгалтерлік есептерді пайдаланатын басшыларды, жоғары тұрған органдарды және басқа тұлғаларды нақты және салыстырмалы ақпаратпен қамтамасыз етеді. Актілер мен тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді. Басқарма басшысы белгілеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
m.lebaev@akimatabai.gov.kz
- 16.04.2024
- Абай облысы Семей қаласы, Кайым Мұхамедханов көшесі 8. Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар мен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейне байланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін
-
Лебаев М.Б. тел. +77222522105, +77058417701