Абай облысының дін істері басқармасының талдау және мониторинг, ақпараттық-түсіндіру жұмысы және мемлекеттік қызметтер көрсету бөлімінің бас маманы, (№ 03-02 (функционалдық блок А).

Мемлекеттік орган

Абай облысының әкімдігі

Аймақ

Абай облысы

Санат

D-О-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

263131

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Информатика
  • Тарих
  • Құқық және экономика негіздері
  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Философия
  • Халықаралық қатынастар
  • Филология
  • Дінтану
  • Археология және этнология
  • Шығыстану
  • Теология
  • Түркітану
  • Құқықтану
  • Саясаттану
  • Журналистика
  • Аймақтану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қоғамдық байланыс
  • Исламтану

Функционалды міндеттер

Бөлім бойынша жиынтық-аналитикалық құжаттарды дайындайды. Бөлім жұмысының бағыттары бойынша мониторингтік және талдамалық ақпаратты қамтамасыз етеді. Бөлімнің құзыретіне кіретін есептік материалдарды дайындау және құжаттардың уақытылы дайындалуын қамтамасыз етеді. Дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру топтарыныңжұмысын ұйымдастырады, жүргізеді. Облыс бойынша апталық, айлық, кварталдық және жылдық есептерді жинақтап, әзірлейді. Мүдделі мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша ақпараттық бюллетеньдерді, арнайы баспа басылымдарын ақпараттық-талдау және ғылыми-әдіснамалық қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Діни экстремизмге және жалған діни қызметке қарсы іс қимылдың өңірлік деңгейде алдын алуға бағытталған дәрістер, семинарлар, тренингтер, ақпараттық-түсіндіру және профилактикалық іс-шаралар өткізу үшін материалдар дайындайды. «Е-Otinish»  бірыңғай тұғырнамасы бойынша Бөлімге түскен азаматтардың өтініштерін, арыздарын уақытылы қарау бойынша шаралар қабылдайды. Ақпараттық материалдарды, мақалаларды, әдістемелік құралдарды, брошюраларды және т.б. шығарады және шығаруға қатысады. Сұрақтарды жинақтау мен жіктеуді, жауаптарды дайындауды жүзеге асырады. Бөліммен орындалған жұмыстар бойынша есептік құжаттаманы жасайды. Өңірлік деңгейде діни экстремизмге және жалған діни қызметке қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған әдістемелік және практикалық іс-шараларды (оқыту семинарлары, тренингтер, курстар, дәрістер, «дөңгелек үстелдер», конференциялар, акциялар және басқа да ақпараттық-түсіндіру және алдын алу іс-шаралары) ұйымдастырады және өткізеді. Діни бірлестіктердің қызметі туралы ақпараттық-анықтамалық материалдар, діни экстремизмнің алдын алу бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлейді. Пенитенциарлық мекемелерде жазасын өтеп жатқан адамдармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкімет Аппаратының актілері мен тапсырмаларын, облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын, азаматтардың өтініштерін орындайды. Сапа саласындағы мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Өз құзыреті шегінде басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 05.04.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

08.04.2024 – 16.04.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МВ

Сұхбаттасу күні

19.04.2024

Сұхбаттасу орны

Абай облысы Семей қаласы, Кайым Мұхамедханов көшесі 8. Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар мен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейне байланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін

Анықтама алу үшін байланыс

Лебаев М.Б. тел: +77786007604

WhatsApp: +77058417701