«Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ Әкімшілік-қаржы бөлімінің басшысы (№ 2-1, функционалдық блок А)

Мемлекеттік орган

Абай облысының әкімдігі

Аймақ

Абай облысы

Санат

D-O-3

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  5. ғылыми дәрежесінің болуы;
  6. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Функционалды міндеттер

Бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру. Басқарманың бухгалтерлік есебін және қаржы-шаруашылық қызметін жүргізу. Жалақы бойынша есеп айырысуды, салықтық және басқа да міндетті төлемдерді, зейнетақы, сақтандыру жарналарын және өзге де төлемдерді есептеу мен аударуды жүзеге асыру. Қаржы құрылымдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру. Басқарманың бюджеттік бағдарламаларын әзірлеу және келісу бойынша бақылауды ұйымдастыру және жүргізу.Басқарманың қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы жылдық, тоқсандық, ай сайынғы есептілікті жасау. Қаражат шығыстары туралы жедел жиынтық есептерді жасауды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастыру, мемлекеттік сатып алу жөніндегі шарттардың жобаларын әзірлеу, тауарлар, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін өнім берушілермен және мердігерлермен есеп айырысуды жүзеге асыру, басқарманың бюджеттік бағдарламалары мен бюджеттік өтінімдерін жасау және бекіту, басқарманың мемлекеттік сатып алу жөніндегі есептілігін жасау. Бөлімнің іс жүргізуінде жалпы басшылықты жүзеге асыру. Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңнамалық, нормативтік және нұсқаулық материалдарды зерделеу. Бөлімнің құзыретіне жататын «Iprotocol» порталында қызметкерлердің тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындалуын бақылау. «Қызмет бабында пайдалану үшін» таңбасы бар құжаттармен жұмысқа қойылатын талаптардың қызметкерлермен сақталуын бақылауды ұйымдастыру. Өз құзыреті шегінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 02.04.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

03.04.2024 – 05.04.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30МВ

Сұхбаттасу күні

09.04.2024

Сұхбаттасу орны

Абай облысы Семей қаласы, Кайым Мұхамедханов көшесі 8. Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар мен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейне байланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін

Анықтама алу үшін байланыс

Лебаев М.Б. тел: +77786007604

WhatsApp: +77058417701