Абай облысының ішкі саясат басқармасы Жастармен және азаматтық қоғам институттарымен жұмыс бөлімінің бас маманы, (№ 06-03) (функционалдық блок А)

Мемлекеттік орган

Абай облысының әкімдігі

Аймақ

Абай облысы

Санат

D-О-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

243700

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Тарих
  • Құқық және экономика негіздері
  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Философия
  • Филология
  • Саясаттану
  • Журналистика
  • Аймақтану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қоғамдық байланыс
  • Ақпараттық жүйелер

Функционалды міндеттер

Бөлім басшысының басшылығымен жұмыс істейді. Басқарманың жыл сайынғы жұмыс жоспарын қалыптастырады. Ақпараттық-талдау материалдарын дайындайды. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың өз қызметінің бағыттары бойынша ақпаратты жинау, қорыту және талдау бойынша сұрауларын күнделікті, апта сайынғы, ай сайынғы негізде орындайды. ҮЕҰ және азаматтық қоғамның басқа институттарының дерекқорын қалыптастырады және өзекті жағдайда ұстайды. Облыстың  үкіметтік емес ұйымдарының өзара іс-қимылын және қызметін талдауды қамтамасыз етеді. Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу саласында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды жүзеге асырады. Техникалық ерекшеліктерді әзірлейді. Шығармашылық есептерді қабылдау. Азаматтық қоғам институттарын дамыту мәселелері бойынша іс-шаралар дайындау және өткізу. Орталық және жергілікті атқарушы органдар өткізетін іс-шараларға қатысады. Абай облысы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен  өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі Кеңестің қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Үкіметтік емес ұйымдар үшін ақпараттық-әдістемелік материалдар дайындайды. Бөлімнің іс номенклатурасына сәйкес іс қағаздарын жүргізеді. Бөлімнің істер номенклатурасын құрастырады. Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің аппараты, актілері мен тапсырмаларын, облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын, азаматтардың өтініштерін орындайды. Сапа саласындағы мақсаттарға қол жеткізуді және саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді. Өз құзыреті шегінде басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 01.04.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

02.04.2024 – 10.04.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу күні

15.04.2024

Сұхбаттасу орны

Абай облысы Семей қаласы, Кайым Мұхамедханов көшесі 8. Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар мен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейне байланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін

Анықтама алу үшін байланыс

Лебаев М.Б. тел: +77786007604

WhatsApp: +77058417701