Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы әкімшілік бөлімінің бас маманы (№ 02-1-5) (функционалдық блок Б).
Абай облысының әкімдігі
Абай облысы
243700
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
Құқықтық мәселелерді қарау кезінде сотта, төрелік сотта, сондай-ақ мемлекеттік (мемлекеттік емес) және қоғамдық ұйымдарда Басқарманың мүдделерін білдіреді, сот және төрелік істерді жүргізуді жүзеге асырады;
Басқарма құзыреті шегінде облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізеді;
Сот кабинетінің мониторингін, Сот кабинеті жүйесіндегі жұмысты жүзеге асырады;
Басқарманың құқықтық және қаржылық мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізеді;
Басқарма қызметкерлеріне әртүрлі құқықтық мәселелер бойынша жазбаша және ауызша кеңес беруді жүзеге асырады, заң құжаттарын дайындауда құқықтық көмек көрсетеді;
Мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды және оларға қосымша келісімдерді жасауға тікелей қатысады;
Талап қою жұмысын жүргізуді жүзеге асырады: шарттық дауларды реттеу тәртібін сақтау жөнінде шаралар қабылдайды, талап арыздар мен материалдарды дайындайды, оларды соттарға береді;
Талап қою жұмысы бойынша деректер банкін жүргізуді, мемлекеттік (мемлекеттік емес) және қоғамдық ұйымдармен құқықтық хат алмасуды жүргізуді қамтамасыз етеді;
Тексерушілердің іс жүргізу іс-әрекеттерінің сақталуын, тексерушілер қорытындыларының негізділігі мен дұрыстығын, тексеру нәтижелерін ресімдеуді және іс жүргізу құжаттарын жасауды Құқықтық бақылау мақсатында мемлекеттік бақылау-қадағалау органдары жүргізетін тексерулер кезінде басқарманың мүдделерін білдіреді;
Басқарманың құрылтай құжаттарын әзірлеу және оларға өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізеді;
Басқарманың нормативтік-құқықтық актілерін әзірлеуге, тиісті порталдарда, сайттарда орналастыруға қатысады;
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін, басқарма басшысының бұйрықтары мен өкімдерін іске асыру және олардың орындалуын бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі функциялардың орындалуын бақылау және №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытының жобасын әзірлеу, ресімдеу, қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жүргізеді;
Бұқаралық ақпарат құралдарында сыни және проблемалық материалдармен жұмыс жүргізеді, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс бойынша жедел ақпарат береді;
Басқарманың интернет-ресурсында мазмұнды өзектендіру және толтыру бойынша жұмыс жүргізеді;
Басқарма мамандарымен бірлесіп Ашық Үкімет порталдарымен жұмыс жүргізеді; «Ашық диалог», «Ашық деректер», «Ашық НҚА», «Ашық бюджеттер» және т. б.;
Басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарауды жүзеге асырады;
Бөлімнің құзыретіне кіретін жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын, құжаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы және сапалы орындау бойынша жұмыс жүргізеді;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі функциялардың орындалуын қамтамасыз етеді;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
m.lebaev@akimatabai.gov.kz
- 16.04.2024
- Абай облысы Семей қаласы, Кайым Мұхамедханов көшесі 8. Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар мен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейне байланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін
-
Лебаев М.Б. тел: +77786007604
WhatsApp: +77058417701