Абай облысының бақылау басқармасы (МСҚБ, еңбек инспекциясы) мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің бас маманы (№ 03-1-4) (функционалдық блок В).
Абай облысының әкімдігі
Абай облысы
243700
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Функционалды міндеттер
Бөлінген қаражатты уақтылы және тиімді пайдалану; қолданыстағы нұсқауларға сәйкес бухгалтерлік есепті дұрыс ұйымдастыруды қамтамасыз ету; бөлім жұмысшылары мен қызметшілерінің еңбекақысын есепті айдан кейінгі айдың 10-нан кешіктірмей есептеу; еңбекақы төлеуге қатысты барлық өзгерістерді зерделеу, бағдарламаны жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу; еңбекақы туралы есептерді уақытында жасау және тапсыру; штаттық кестені әзірлеу, оның орындалуын бақылау; тоқсан сайын және жыл қорытындысы бойынша штаттар желісі бойынша есеп дайындау; барлық бюджеттік сыныптамалық бағдарламалар бойынша төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарын барлық қажетті есептеулермен уақтылы жасау және ұсыну; барлық ерекшеліктерге, бағдарламаларға сәйкес кредиторлық берешек бойынша қаржылық есептілікті әр айдың бірінші күні құрастыру және тапсыру; статистикалық есептерді дайындау; ақша қаражаттары мен бағалы қағаздардың сақталуын қамтамасыз ететін ережелерді міндетті түрде сақтай отырып, оларды алу, есепке алу, шығару және сақтау жөніндегі операцияларды жүргізу; кассалық кітапты кіріс және шығыс құжаттары негізінде жүргізу; алдағы жылдарға бюджеттік өтінімді дайындау; қазынашылық органдарымен жұмыс істеу үшін қаржылық құжаттаманы дайындау; кассалық тәртіп бойынша бухгалтерлік есеп құжаттарын компьютерлік өңдеу және қазынашылықпен өңдеу негізгі құралдарды есепке алуды жүргізу; негізгі құралдарды түгендеу және есептен шығаруды жүргізу; азаматтардың хаттарын, арыздарын, шағымдарын, өтініштерін және қызметтік хат-хабарларды қарау; өз өкілеттігі шегінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының орындалуын қамтамасыз етеді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапкершілікте болады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
m.lebaev@akimatabai.gov.kz
- 24.10.2023
- Абай облысы Семей қаласы, Кайым Мұхамедханов көшесі 8. Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар мен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейне байланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін
-
Лебаев М.Б. тел. +77222522105, +77058417701