Абай облысының энергетика және тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық басқармасы тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы (№ 6-1) (функционалдық блок А).

Мемлекеттік орган

Абай облысының әкімдігі

Аймақ

Абай облысы

Санат

D-О-2 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

327792

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Жылу энергетикасы
  • Электр энергетикасы

Функционалды міндеттер

Өз құзыреті шегінде заңнамалық және нормативтік актілердің, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, басқарма басшысы бұйрықтарының орындалуын бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; тұрғын үй-коммуналдық саласы саласындағы мемлекеттік саясатты және нысаналы бағдарламаларды іске асыруға бақылауды жүзеге асырады; кондоминиум объектілерін басқарудың жаңа нысандарына көшу бойынша мемлекеттік саясатты және мақсатты бағдарламаларды іске асыруға бақылауды жүзеге асырады (МИБ/ӨК); тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің тиісті сапасын қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай тұрғын үй-коммуналдық саясаттың жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады; мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды, оның ішінде облыс халқының әлеуметтік осал топтарын және көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша мониторинг жүргізу. Кезекте тұрғандардың құқықтық мәселелерін қарау кезінде жергілікті атқарушы органдар атынан сот процестеріне қатысу: кезектен шығару, кезекте қалпына келтіру. Нормативтік құқықтық актілерді, процесстік құжаттарды, сондай-ақ заңдық сипаттағы басқа да құжаттарды әзірлеуге қатысу. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу жөніндегі жұмыс топтарына қатысу. Өз құзыреті шегінде нормативтік-құқықтық актілерге талдау жүргізеді, заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар дайындайды. Коммуналдық қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың қаржы-экономикалық қызметін талдайды; қалалық, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің және коммуналдық кәсіпорындардың қызметін үйлестіреді; тұрғын үй қорын сақтау және тиісті пайдалану бойынша кондоминиум объектісін басқару органдарының қызметін бақылау бойынша қалалар мен аудандар әкімдіктерінің тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастырады; облыстың жылумен жабдықтау көздерінің, тұрғын үйлерінің, әлеуметтік және коммуналдық маңызы бар объектілерінің қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындығын бақылауды жүзеге асырады, ақпаратты жинау және талдау; жетекшілік ететін сала мәселелері бойынша облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындайды; өз құзыреті шегінде облыстың елді мекендерінде абаттандыру және қатты-тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша жұмыстардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады; өз құзыреті шегінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы нысаналы бағдарламаларды іске асыруды жүзеге асырады; облыстың елді мекендеріндегі рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою бойынша жұмыстардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында жаңа технологияларды енгізу бойынша саясатты жүзеге асырады; коммуналдық қызметтерді есептеу құралдарын орнату бойынша өткізілетін іс-шараларға бақылауды жүзеге асырады; облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының облыс халқының, кәсіпорындары мен ұйымдарының пайдаланылған коммуналдық қызметтер үшін берешегі бойынша ақпаратты талдау; пәтер иелері кооперативтерінің және кондоминиум объектілерін басқарудың басқа да нысандарының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады; тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің қолданыстағы тарифтері мен бағалары туралы талдау жүргізеді; коммуналдық кәсіпорындардың (жылумен жабдықтаудың) инвестициялық бағдарламасын бекіту жөніндегі өтінімдерді қарайды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында құрылған облыстық коммуналдық-техникалық басқармасы; республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен кондоминиум объектілерінің ортақ бөлінбейтін меншігін күрделі жөндеу бойынша ақпаратты үйлестіреді және талдайды; БАҚ жариялау және жариялау үшін материалдар дайындайды, жетекшілік ететін мәселелері бойынша облыс әкімінің сайтына; кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық зерттеуді ұйымдастыру бойынша мониторингті жүзеге асырады; өз құзыреті шегінде нормативтік-құқықтық актілерге талдауды жүзеге асырады, заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар дайындайды; облыстың тұрғын үй шаруашылығын жаңғырту саласында жай-күй мен қабылданатын шаралар туралы ақпарат жинауды, талдауды және дайындауды жүзеге асырады; авариялық үйлердің саны және қоныс аударуға жататын азаматтардың саны туралы ақпаратты жинау, талдау және дайындау. Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстың қалалары мен аудандарындағы тұрғын үй инспекциясының; тұрғын үй-коммуналдық саланы жаңғырту бойынша жұмыстарды орындауға әр түрлі деңгейдегі бюджеттерден қаражат бөлу бойынша бюджеттік өтінімдерді дайындауды жүзеге асырады; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы аумақтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде жобалардың іске асырылуын бақылайды; заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін уақытында және сапалы қарастыру; бөлім жұмысына жалпы басшылықты, қызметкерлер арасында міндеттерді бөлуді жүзеге асырады орындалуын бақылауды жүзеге асырады; облыс әкімі, әкімінің орынбасарлары жанындағы жұмыс кеңестерін дайындау бойынша жұмысты ұйымдастырады; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша материалдарды дайындауды және семинарлардың өткізілуін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді; бөлім мамандарының жұмысын үйлестіреді және бақылайды; жоғары тұрған органдардың өкімдік құжаттарының орындалуын бақылайды; жетекшілік ететін мәселелер бойынша бөлімнің жұмысы туралы есептер, ақпараттар дайындайды; өз құзыреті шегінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 16.06.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

19.06.2023 – 21.06.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу күні

26.06.2023

Сұхбаттасу орны

Абай облысы Семей қаласы, Кайым Мұхамедханов көшесі 8. Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар мен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейне байланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін

Анықтама алу үшін байланыс

Сайлауова Г.М. тел. 87222522105, 87071077594