Абай облысы әкімінің аппараты өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің басшысы (негізгі қызметкердің бала күтімі мезгіліне 2026 жылғы 25 ақпанға дейін) (№15-01) (функционалдық блок А).
Абай облысының әкімдігі
Абай облысы
380391
Жалпы біліктілік талаптары
D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
4) кеңесші және көмекші лауазымдарына жұмыс тәжірибесі қажет емес.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады. Бөлімнің әрбір қызметкерінің міндеттері мен лауазымдық өкілеттіктерін айқындайды, олардың орындалуы үшін жағдайлар жасайды, бөлімде тиісті еңбек және орындаушылық тәртіпті қамтамасыз етеді. Бөлімнің жұмысын жоспарлауды, облыс әкімі аппаратының өзге бөлімдерімен өзара ісқимылды қамтамасыз етеді. Жеке және заңды тұлғалардың: қағаз түріндегі, оның ішінде пошта байланысы арқылы, сондай-ақ Бөлімге қолма-қол, Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес электрондық форматта келіп түсетін өтініштерінің қабылдануына және тіркелуіне бақылауды жүзеге асырады. Үлгілік базалық бағыттың «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс» жобалар тобы аясында өтініштерге контент-талдау жүргізеді және арыз берушілер көтеретін жүйелі мәселелер туралы анықтамалар жасайды, аудандар/қалалар бөлінісінде проблемалық мәселелерді мониторингілеу, проблемалық мәселелер картасын қалыптастыру, облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерімен, басқа да уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесе жасау, мәселелердің сипатын анықтайды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін бөледі және оларды қарау және жауап беру үшін облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелеріне, басқа да мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға жібереді не болмаса қарау тәртібі Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында, қылмыстықпроцестік, азаматтық-процестік заңнамасында белгіленген өтініштерден басқа, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінде көтерілген проблемалар бойынша ұстанымды қалыптастырады. Мемлекеттік және жергілікті атқарушы, оның ішінде аудандық/ауылдық деңгейдегі органдарға жіберілген жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің қаралуына бақылауды жүзеге асырады. Бөлімнің құзыреті шеңберінде мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар жауаптарының сапасын және олар жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша қабылдаған, облыс әкімі бақылауға алған шараларға талдау жүргізеді. Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жауаптары сапасыз орындалған жағдайда Бөлімнің құзыреті шеңберінде оларды пысықтауға жібереді. Бөлімнің құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуыан және арыз берушілерге жауаптар жолдануына бақылауды жүзеге асырады. Бөлімнің құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ағымдағы іс жүргізудің және есепке алудың ұйымдастырылуына бақылауды жүзеге асырады. Бөлімнің құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғаларға консультативтік көмек көрсетілуіне бақылауды жүзеге асырады. Аудандық/ауылдық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың жеке және заңды тұлғаларды қабылдау және өтініштерін қарау жөніндегі жұмыс мониторингіне бақылауды жүзеге асырады. Облыс әкімінің және оның орынбасарларының, әкім аппараты басшысының және оның орынбасарларының, әкім аппаратының құрылымдық бөлімшелері басшыларының, сондай-ақ әкім аппаратының алдын ала жазылу бойынша қабылдауды жүзеге асыруға уәкілетті өзге де қызметкерлерінің жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдауын ұйымдастыруына және өткізуіне бақылауды жүзеге асырады, жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдау барысында берілген өтініштер мен тапсырмалардың қаралуына бақылауды жүзеге асырады. Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауды ұйымдастырады, оларды облыс басшылығының қабылдауына жазады, жеке және заңды тұлғаларды күнделікті қабылдауды, оның ішінде «сенім телефоны» бойынша қабылдауды, бірегей талондарды күнделікті беруді жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдау кезінде облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарының, облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің басшысы орынбасарының қатысуын қажет болған жағдайда қамтамасыз етілуіне бақылауды жүзеге асырады. Облыс әкімінің аппаратында не басқа елді мекенде жеке және заңды тұлғаларды, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісімен бейнеконференц байланыс форматында жеке қабылдауды қажеттілік болған жағдайда ұйымдастырады. Облыс әкімінің, облыс әкімі орынбасарларының және облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері басшыларының жеке және заңды тұлғаларды, оның ішінде бейнеконференцбайланыс форматында тұрақты көшпелі қабылдауларын ұйымдастырады. Аудандық/ауылдық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар басшыларының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының ұйымдастырылуына және өткізілуіна бақылауды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін жетілдіру, сондай-ақ құжаттамалық қамтамасыз ету мен өтініштер бойынша тапсырмалардың орындалуын бақылау жөніндегі құқықтық актілерді және әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысады. Өтініштерге контент-талдау жүргізуге және арыз берушілер көтеретін жүйелі мәселелер туралы анықтамалар жасауға, аудандар/қалалар бөлінісінде проблемалық мәселелерді мониторингілеуге, проблемалық мәселелер картасын қалыптастыруға, облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерімен, басқа да уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесе жасауға қатысады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша заңнаманы және құқық қолдану практикасын одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар жасауға қатысады. Облыс әкімінің, облыс әкімінің аппараты басшысының Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшылығының және Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі меңгерушісінің жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бөлігіндегі тапсырмаларының іске асырылу барысы туралы баяндамалары мен талдамалық жазбаларының жобаларын жарты жылда бір рет дайындауға қатысады. Өз құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғаларға консультативтік көмек көрсету, өзекті жүйелі проблемалар мен үздік практика негізінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау және қарау бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлейді. Өз құзыреті шеңберінде жергілікті атқарушы органдарға жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу, тіркеу, сондай-ақ қарау мәселелері бойынша ұйымдастыру-әдістемелік және ақпараттық көмек көрсетілуіне бақылауды жүзеге асырады. Өз құзыреті шеңберінде мүдделі уәкілетті мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам мен сарапшылық қоғамдастықтар өкілдерінің қатысуымен жоғары қоғамдық резонанс тудыратын маңызды мәселелер бойынша шешімдер әзірлеу үшін арнайы жұмыс топтарын құруға бастамашылық жасауды ұйымдастырады. Жергілікті атқарушы органның жауапты құрылымдық бөлімшелерімен, басқа да уәкілетті мемлекеттік органдармен және Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау шеңберінде берген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімімен өзара іс-қимыл жасайды. Құқық қорғау блогының – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау қызметі орталығының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Ахуалдық орталығының және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты аппаратының), «Е-өтініш» жобасын әзірлеу және іске қосу шеңберінде уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдың қамтамасыз етілуіне бақылауды жүзеге асырады. Облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің, аудандық/ауылдық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшылығы, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің басшылығы, облыс әкімі тапсырмаларының іске асырылуы бойынша өтініштерді қарау жөніндегі қызметіне бақылауды жүзеге асырады. Орындаушылық тәртіпті нығайту бойынша ұсыныстар енгізеді. Бұқаралық сипаттағы күрделі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісінің, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі басшылығының, облыс әкімінің тапсырмаларының орындалу барысын жергілікті жерге бара отырып тексеруге қатысады. Облыстың әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшылығының, облыс әкімінің актілері мен тапсырмаларын, орындаушылық тәртіпті іске асыру мәселелері бойынша тексерулерге қатысу, анықталған бұзушылықтарды жою және бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсыныстар енгізеді. Жергілікті атқарушы органдардың, аудандар/қалалар әкімдерінің жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау қорытындыларын талқылау бойынша есептік алқалы іс-шараларына қатысады. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі басшылығының нақты өтініштер бойынша тапсырмаларының орындалуына мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша қорытындылар дайындайды. Өз құзыреті шеңберінде облыс әкімі аппаратында, аудандық/ауылдық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдарда іс қағаздарын жүргізудің жай-күйін жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің қаралуы бөлігінде тексеру жүргізілуіне бақылауды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жөніндегі заңнама талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асырады, облыс әкімі аппаратының жаңадан қабылданған қызметкерлеріне жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселелері бойынша нұсқама береді. Бөлімнің қарауына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік және басқа да ұйымдармен қызметтік хат алмасулар жүргізілуіне бақылауды жүзеге асырады. Нормативтік-құқықтық және өзге де актілердің жобаларына мүдделі органдардың келісімі болуын, мемлекеттік және ресми тілдердің дәлме-дәлдігіне және ол сәйкес келмеген жағдайда тиісті жобаларды пысықтауға қайтарылуына бақылауды жүзеге асырады. Облыс әкімімен, әкімнің орынбасарларымен, облыс әкімі аппаратының басшысымен қарауды қажет етпейтін мәселелер бойынша хатхабарларды тиісті басқармаларға, мемлекеттік органдарға жіберілуіне және қайтарылуына бақылауды жүзеге асырады. Облыс әкімі аппаратының бөлімдерінен, облыстық басқармалардан, аумақтық инспекциялардан, комитеттерден, департаменттерден іс жүргізу, заңды және жеке тұлғаларды қабылдау, олардың өтініштерін қарау мәселелері бойынша ақпарат және басқа да материалдар ұсынылуынбақылауды жүзеге асырады. Адресаттарға дұрыс ресімделмеген құжаттарды, сондай-ақ шешімі өз құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша құжаттардың қайтарылуын бақылауды жүзеге асырады. Аппараттың құрылымдық бөлімшелерінде іс жүргізуді, құжаттардың сақталуын, істердің дұрыс ресімделуін тексереді. «Электрондық үкімет» порталында онлайн режимінде «Орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына азаматтарды қабылдау» сервисінің мониторингіне бақылауды жүзеге асырады (техникалық қолдау, бейнеконференц байланысын ұйымдастыру). Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының блогплатформасы арқылы келіп түсетін өтініштерінің басқарылуына бақылауды жүзеге асырады. «Электрондық үкімет» порталы, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының блог-платформасы және басқа да арналар арқылы келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен ақпарат сұраныстарының қаралуына бақылауды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша есептер жасайды (ай сайын, тоқсандық, жартыжылдық, жылдық). Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес тиісті субъектілердің қарауына жіберілгені туралы хабарламамен ілеспе хаттарға қол қояды. Белгіленген нысан бойынша айлық, тоқсандық және жылдық есептерді, 1-ОЛ нысаны бойынша статистикалық есептің уақтылы ұсынылуына бақылауды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Үкімет Аппаратына жеке және заңды тұлғаларды қабылдау туралы деректерді, сондай-ақ облыс әкімінің аппараты басшыларының жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесінің ұсынылуын бақылайды (тоқсан сайын). «Жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін қарау сапасы» бағыты бойынша мемлекеттік органның азаматтармен өзара ісқимылын бағалау әдістемесі бойынша облыстың қалалары мен аудандары әкімдерінің аппараттарында және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын басқармаларда орындаушылық тәртіптің жай-күйіне талдау жасалуын бақылауды жүзеге асырады. Облыс әкімі аппаратының бөлімдеріндегі, облыстық басқармалардағы, инспекциялардағы, департаменттердегі, қалалар мен аудандар әкімдерінің аппараттарындағы өтініштерді қарау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мәселелері жөнінде облыс әкімі аппаратының іс-шаралары мен жоспары бойынша ұсыныстар енгізеді. Бөлімнің құрылымы мен штат кестесі, бөлім қызметкерлерін ұсыну, көтермелеу және жазалау, оларға кезекті демалыс беру және оларды қызметтік іссапарларға жіберу бойынша ұсыныстар енгізеді. «БҚА» ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. БҚА «Шығыс хатхабар» ДҚ-да бақылау құжаттарын тіркеуді жүзеге асырады және оларды жөнелтуге дайындайды. Ақпараттық қауіпсіздік бойынша шараларды сақтап, АҚ жөніндегі техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес міндеттемелерді орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
g.sailauova@akimatabai.gov.kz
- 26.06.2023
- Абай облысы Семей қаласы, Кайым Мұхамедханов көшесі 8. Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар мен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейне байланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін
-
Сайлауова Г.М. тел. 87222522105, 87071077594