Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасықаржы – әкімшілік бөлімінің бас маманы (№ 02-3-1) (функционалдық блок В).

Мемлекеттік орган

Абай облысының әкімдігі

Аймақ

Абай облысы

Санат

D-О-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

243700

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Құқықтану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету

Функционалды міндеттер

Басқармаға түскен және бөлім құзыретіне кіретін жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын, құжаттарын, азаматтар мен заңды тұлғалардың арыздарын уақтылы орындалуына бақылау жасауды жүзеге асырады. Басшылыққа қол қоюға ұсынылатын бұйрықтар, шарттар және заңды мәселелерге қатысты хаттардың жобаларын нормативтік құжаттарға сәйкестігін тексереді. Басқарма аппаратының жалпыға бірдей құқықтық оқыту бойынша ісшараларды ұйымдастырады. Даулы мәселелерді қарастыру кезінде Басқарма мүддесін сотта және басқа мемлекеттік органдарда қорғайды. Құқықтық қамтамасыз ету мәселелері бойынша Басқарма аппараты қызметкерлеріне кеңес береді. Ұйымдастыру-құқықтық мәселелерді талдау кезінде Басқарма басшылығы өткізетін мәжілістерге, жиналыстарға қатысады. Аталған лауазымдық нұсқаулықпен қарастырылған міндеттермен байланысты жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді. Өз лауазымдық міндеттерін уақтылы және сапалы орындау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша жобаларды, әкімдіктің, мәслихаттың қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін әзірлеуге қатысады. Істер номенклатурасын құру бойынша жұмыстарды жүргізеді, оның дұрыстығын тексеріп, құрылымдық бөлімдерінің дұрыс жүргізуін қамтамасыз етеді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, жинақтау және талдау, есепке алу, олардың орындалуын бақылау, тоқсандық, жылдық № 1-ОЛ статистикалық есепті қалыптастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, сонымен қатар мәліметтердің дұрыстығын, толықтығы мен уақтылы ұсынуына жауапкершілік жүктеледі. Басқарма қызметінің мәселелері бойынша баяндамалар, сөз сойлеу, жиынтық ақпарат жобаларын дайындау, оның ішінде мемлекеттік тілде. Ай сайынғы, тоқсандық, жартыжылдық, жылдық жұмыс жоспарлары мен Басқарма басшысының жеке және заңды тұлғаларды қабылдау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. ҚР Президентінің актілерін мен тапсырмаларының, Премьер-Министрдің тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, ПремьерМинистрінің оның орынбасарларының, Президент Әкімшілігі басшыларының және Қазақстан Республикасы Премьер-Министр кеңсесінің, облыс әкімінің және әкімдігінің, әкім орынбасарының, басқарманың хаттамалық тапсырмаларының уақтылы орындалуына бақылауды қамтамасыз ету. Басқарманың ішкі аппараттық жиналыстарын ұйымдастыру бойынша үйлестіру жұмысын жүргізу (басқарманың аппараттық жиналыстарының хаттамаларын рәсімдеу, ақпарат дайындау). Кадрлық жұмысты жүргізу. Басқарманың негізгі қызметіне, қызметкерлердің демалыстары мен іссапарлары, Басқарманың жеке құрамына қатысты бұйрықтарды дайындау және тіркеу. Қызметкерлердің іссапарын ресімдеу және тіркеуді жүргізу. Басқарманың жедел жиналыстарын өткізуді дайындау және хаттамасын жүргізу. Басқарма қызметкерлерінің жұмыс уақытының есебін жүргізу. Мемлекеттік қызметкерлердің аттестациясын жүргізу бойынша материалдарды, конкурстық комиссия, тәртіптік комиссия мәжілістерінің хаттамаларын және материалдарын ресімдеу; іс-жүргізуді жүргізу; кадрлар есебі, мемлекеттік қызметкерлерге және техникалық жұмысшыларға еңбек кітапшаларын ресімдеу; кадрлармен жұмыс бойынша ақпаратты, анықтаманы дайындау; Абай облысы мемлекеттік істер бойынша Агенттігі басқармасымен өзара әрекеті, Әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарды алуға конкурстарды өту туралы құжаттарды қабылдау және ресімдеу, кадрлар саны туралы есепті жүргізу, мемлекеттік қызметкерлердің арнайы тексеру жүргізуге құжаттарды әзірлеу, мемлекеттік қызметкерлердің антын қабылдауды ұйымдастыру, мемлекеттік қызметкерлердің оқытылуын, қайта дайындау мен біліктілігін арттыруды ұйымдастыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 05.06.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.06.2023 – 14.06.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу күні

19.06.2023

Сұхбаттасу орны

Абай облысы Семей қаласы, Кайым Мұхамедханов көшесі 8. Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар мен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейне байланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін

Анықтама алу үшін байланыс

Сайлауова Г.М. тел. 87222522105, 87071077594