Абай облысы әкімінің аппараты жұмылдыру дайындығы жөніндегі бас инспекторы (№ 04-03) (функционалдық блок А)
Абай облысының әкімдігі
Абай облысы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
- А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Қызмет көрсету (білім беру саласы)
- Білім (білім саласы)
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
- Құқық (білім саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
- Әскери іс және қауіпсіздік (білім саласы)
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
Азаматтық қорғаныс және жұмылдыру дайындығы мәселелері бойынша жалпы бақылауды жүзеге асырады. Азаматтық қорғаныс саласындағы білімді ақпараттандыру және насихаттау бойынша жұмысты жүргізеді.
Азаматтық қорғаныс және жұмылдыру дайындығы бойынша оқу жаттығуларын, оқуларды өткізу және іс-қимыл жоспарын әзірлейді.
Төтенше жағдайлардан мониторинг жүйесін бақылауды қамтамасыз етеді. Апаттарда, төтенше жағдайларда іздестіру жұмыстарына қатысады. Азаматтық қорғаныс мүлікті дайындауға жинау, сақтау, жаңарту және қолдау бойынша нақты шаралар қабылдайды және көлемді анықтйды. Жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс облысындағы басшы құрамындағы біліктілігін арттыру Республикалық курстарындағы оқу барысында жалпы бақылау жасауды жүзеге асырады, сондай-ақ қаланың мекемелер мен ұйымдардың лауазымдық тұлғаларды оқулары. Негізгі және резервтік бақылау бекеттеріне хабарландыру және байланыс схемаларын әзірлеуді бақылауда ұстайды.
Қаланың жұмылдыру дайындығы мақсатында ұйымдармен жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсетуге шарттар (келісімшарттар) жасауда бақылау жүргізеді. Мемлекеттік органдармен бірлесе отырып жұмылдыру жоспарларын орындауға экономиканы дайындау жөніндегі іс-шараларды жүргізеді. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар мәселелері жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді. Бұлтты құжат айналым жүйесінде (БҚА) жұмыс.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
g.sailauova@akimatabai.gov.kz
- 15.03.2023
- Абай облысы Семей қаласы, Кайым Мұхамедханов көшесі 8. Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар мен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейне байланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін
-
Сайлауова Г.М. 87071077594 (432 каб)