Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы (функ. блок А)
Абай облысының әкімдігі
Абай облысы
688751
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында үш жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 6 жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Басқармаға жалпы басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ басқарма қызметін жақсарту бойынша іс-шаралар әзірлейді және жүргізуді ұйымдастырады, оның құрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды; Облыстың автокөлік жолдары, сондай-ақ жолаушы темір жолы, әуе, өзен және автомобиль көліктері саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша жұмыстар кешеніне басшылықты жүзеге асырады; Бекітілген штат саны мен құрылымының лимиті шегінде басқарманың штаттық кестесін бекітеді; Өмірге және денсаулыққа қауіпсіз және жайлы еңбек жағдайларын орнатуды, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының сақталуын қамтамасыз етеді;Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады; Ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттері мен кәсіптік даярлығына сәйкес олардың мемлекеттік қызметке теңдей қол жеткізуін қамтамасыз етеді;Мемлекеттік мекемені білікті кадрлармен қамтамасыз ету, кәсіби білім мен тәжірибені дамыту және тиімді пайдалану бойынша шаралар қабылдайды; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғаларды қабылдауды жүргізеді, жиындарға, семинарларға және кеңестерге қатысады; Барлық бөлімдердің жұмысын және тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастырады, олардың қызметін икемді және жедел мемлекеттік қызмет көрсетуді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды; Мемлекеттік қызмет көрсетудің тиісті стандарттары мен регламенттерінің сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді; Мемлекеттік мүліктерді сақтау және тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді; Әлеуметтік серіктестік қағидасы негізінде еңбек ұжымымен ұжымдық келісімшарт жасайды; Абай облысының жобалық басқару регламентіне сәйкес жобалық басқару бойынша жұмысты жүзеге асырады; Заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
g.sailauova@akimatabai.gov.kz
- 03.02.2023
- Абай облысы Семей қаласы, Кайым Мұхамедханов көшесі 8. Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар мен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейне байланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін
-
Сайлауова Г.М. тел.87071077594 (432 кабинет)