ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және оның аумақтық бөлімшелері мемлекеттік қызметтердің 5 түрін көрсетеді:

1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге жоғары эпидемиялық маңызы бар объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру-көрсету мерзімі: 13 жұмыс күні.
2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге шикізат пен өнімнің жаңа түрлеріне қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың шекті жол берілетін шығарындылары мен шекті жол берілетін төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғау аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру - көрсету мерзімі: 10 жұмыс күні.
3. ПАТОГЕНДІЛІГІ I-IV топтағы микроорганизмдермен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру-көрсету мерзімі: 10 жұмыс күні.
4. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру-көрсету мерзімі: 10 жұмыс күні.
5. Санитариялық-эпидемиологиялық салада мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектісіне есептік нөмір беру-көрсету мерзімі: 5 жұмыс күні.
Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік қызметті үйден шықпай-ақ "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы алуға болады www.egov.kz, www.elicense.kz .