Абай облысы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық, облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік) тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурс өткізу туралы хабарландыру

  1. Абай облысының әкімдігі, «Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ тұлғасында 2025 жылдың 7 сәуір күні сағат 10.00-де өтетін маршруттарға қызмет көрсету құқығына конкурс өткізетіні туралы хабарлайды.

 

  1. Конкурсқа мынадай маршруттар шығарылады:

 

Лот № 1

Семей – Қалбатау-Жаңғызтөбе, ұзындығы – 191 км

Лот № 2

Семей – Жезкент, ұзындығы – 125 км

Лот № 3

Семей – Жерновка – Жаңа Шүлбі – Песчанка, ұзындығы – 127 км

Лот № 4

Аягөз – Алматы, ұзындығы – 788 км

Лот № 5

Семей – Талдықорған, ұзындығы – 909 км

Лот № 6

Семей – Алматы, ұзындығы – 1189 км

Лот № 7

Семей – Өскемен, ұзындығы – 218 км

Лот № 8

Семей – Риддер, ұзындығы – 298 км

Лот № 9

Семей – Көкпекті– Аксуат, ұзындығы – 409 км

Лот № 10

Семей – Қарауыл, ұзындығы - 192 км

Лот № 11

Семей – Курчатов, ұзындығы – 141 км

Лот № 12

Семей – Ескі бекініс, ұзындығы – 17 км

Лот № 13

Семей – Бесқарағай – Қарағайлы а.– Қоянбай а., ұзындығы – 180 км

Лот № 14

Урджар – Алматы, ұзындығы – 798 км

 

 

  1. Конкурсқа меншік нысанына қарамастан, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.
  2. Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер «Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-нен конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтінімді Семей қаласы, Қ. Мұхамедханов көшесі, 36 б мекенжайы бойынша ұсынуы тиіс.
  3. Конкурстық құжаттарды алуға өтінімдерді қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2025 жылдың 19 наурыз.
  4. 2025 жылдың 14 наурыз сағат 10.00-де конкурстық Комиссия конкурс өткізу мәселелері бойынша конкурс алдындағы конференция өткізеді.
  5. Анықтама алу үшін телефон: 35-55-95
Қызмет бағыты