Кандидаттардың партиялық тізімдерін тіркеу жөніндегі Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы
Көру саны:9






Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Абай облысы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысу үшін «Әділет», «Respublica», «Ауыл» партиялары және Қазақстан Халық партиясы ұсынған кандидаттардың партиялық тізімдерін тіркеу мәселесі бойынша отырыс өткізді.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес аумақтық сайлау комиссиясы саяси партиялардың партиялық тізімдерді тіркеу үшін ұсынған құжаттарын қарады.
Отырыс қорытындысы бойынша Абай облысы мәслихатының депутаттығына жалпы саны 45 кандидат ұсынған 4 саяси партияның партиялық тізімдерін тіркеу туралы шешімдер қабылданды:
«Әділет» партиясы — 31 кандидат, «Respublica» партиясы — 6 кандидат, «Ауыл» партиясы — 3 кандидат және «Қазақстан Халық партиясы» — 5 кандидат.
Тіркеу рәсімі барысында аумақтық сайлау комиссиясы саяси партиялардың партиялық тізімдерді ұсынудың белгіленген тәртібін сақтауын, ұсынылған құжаттардың толықтығын және кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген талаптарға сәйкестігін тексерді.
Партиялық тізімдерді қалыптастыруға қойылатын заңнама талаптарының сақталуына, сондай-ақ кандидаттарды тіркеу үшін заңда көзделген негіздердің болуына ерекше назар аударылды.
Ұсынылған құжаттар мен мәліметтерді қарау нәтижелері бойынша комиссия саяси партиялардың партиялық тізімдерін және оларға енгізілген кандидаттарды тіркеу туралы тиісті қаулылар қабылдады.
Абай облысының
аумақтық сайлау комиссиясы
30 қазан 2026
30 қазан 2026