Меню

Страницы

Статья

Абай облысы бойынша 2026 жылдың I жартыжылдығында мәдениет саласында атқарылған жұмыстар және 2026 жылдың II жартыжылдығына арналған іс-шаралар жоспары туралы ақпарат

Мәдениет және өнер саласы

Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы өңірде мемлекеттік мәдениет, тілдерді дамыту, тарихи-мәдени мұраны қорғау саясатын жүйелі түрде іске асырып келеді.

Бүгінгі күні Абай облысында 298 мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі нысаны жұмыс атқаруда.

Оның ішінде:

137 кітапхана,

131 клуб пен мәдениет үйі,

10 музей (оның ішінде 6 филиал),

9 архив (оның ішінде 2 филиал),

1 лингвистикалық орталық,

1 театр,

1 филармония,

1 облыстық халық шығармашылығы орталығы,

1 ескерткіштерді қорғау орталығы,

1 мәдени-демалыс орталығы,

5 кинотеатр қызмет көрсетуде.

         Салада жиыны 2 194 қызметкер еңбек етуде, олардың 1358-і ауылдық елді мекендерде, ал 836-сы қалалардағы мәдениет ұйымдарында қызмет атқарады.

         Есепті кезеңде ұлттық мәдениетті дәріптеу және өңірдің шығармашылық әлеуетін арттыру бағытында бірқатар ірі мәдени жобалар іске асырылды.

         Солардың қатарында Қазақстанның халық әртісі, белгілі композитор Төлеген Мұхамеджановтың шығармашылық концерті жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

         Сонымен қатар Абай облысының Үржар ауданында Қазақстанның Еңбек Ері, көрнекті жазушы Қабдеш Жұмаділовтің туғанына 90 жыл толуына арналған республикалық мерейтойлық іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Мерейтой аясында ғылыми-тәжірибелік конференция, әдеби-танымдық кездесулер, кітап көрмелері және салтанатты концерт өткізілді.

         «Абай елі – өнер кеніші» атты облыстық көркемөнерпаздар байқауына 10 ауданнан 1 500-ге жуық өнерпаз қатысты.

         Бұл байқау мәдениет саласындағы аймақтық ынтымақтастықты арттырып, халықтық өнердің жаңа тынысын ашты.

         Алакөл жағалауында «Алакөл алаулары – 2026» мәдени-туристік фестивалі өткізілуде.

         Аталған фестиваль өңірдің туристік әлеуетін арттыруға, ұлттық мәдени құндылықтарды насихаттауға және жазғы демалыс маусымын мазмұнды ұйымдастыруға бағытталған ірі мәдени жоба болып табылады.

         Фестиваль маусым айынан басталып, тамыз айының ортасына дейін жалғасады. Аталған кезеңде апта сайын мәдени бағдарламалар, концерттер, шығармашылық ұжымдардың өнер көрсетуі және гала-концерттер ұйымдастырылуда.

         Театр

         Абай атындағы қазақ музыкалық-драма театры 98 спектакль оның ішінде 7 премьера қойып, 21 мыңнан астам көрерменді қамтыды.

         2026 жылғы 10 мамырда Абай атындағы театрда жас драматург Жәнібек Әлікеннің «Қарағай» әлеуметтік драмасының премьерасы өтті. Қойылымды режиссер Серікжан Айтқалиев сахналады.

«Қарағай» спектаклі - елімізде «Таза Қазақстан» бастамасының экологиялық, идеологиялық және азаматтық жауапкершілік қағидаттарын сахна тілімен жеткізген алғашқы әлеуметтік-мәдени қойылымдардың бірі. Туындыда табиғатты қорғау, заңға құрмет, қоғамдық тәртіп, адалдық, ар-ождан, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік, мемлекет мүлкі мен табиғи байлыққа жауапкершілікпен қарау мәселелері көркемдік тұрғыда терең бейнеленді.

         Филармония

         Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясы 97 концерт өткізіп, 20 мыңға жуық көрерменге рухани сый тартты.

         2026 жылғы 14 мамырда Алматы қаласындағы Республика сарайында Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, күйші-композитор Секен Тұрысбековтің 65 жас мерейтойына арналған «Көңіл толқыны» атты мерейтойлық шығармашылық концерті жоғары деңгейде өтті. Концерт Абай облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып, ұлттық күй өнері мен қазақ музыкасының жауһарлары кеңінен насихатталды.

         Кітапхана

         Облыста 137 мемлекеттік кітапхана халыққа қызмет көрсетуде. Кітапхана қоры 2 440 802 дананы құрайды, оның ішінде 1 048 479 дана мемлекеттік тілдегі әдебиеттер. Оқырмандар саны – 148 691 адам. Есепті кезеңде кітапханаларда 3 243 мәдени-көпшілік іс-шара өткізілді.

         Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында «Абай жолы кітапханасы» бесжылдық жобасын жүзеге асыруда. Жоба басталғалы өңір қаламгерлерінің 61 атаулы кітабы 30 500 данамен жарық көрді. 2026 жылы жобаға 78 млн теңге бөлініп, қазан айында 22 атаулы кітапты 11 000 данамен шығару жоспарланған.

         Жоба аясында жарық көрген басылымдар құқық иелерінің келісімімен   ҚР Ұлттық электронды кітапханасының қорына енгізіліп, оқырмандарға электронды форматта қолжетімді етілуде.

         Облыс кітапханаларын жаңғырту бағытында «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Jana Klub» жобасы аясында 30 ауылдық кітапхананы жаңғырту жоспарланған. Жобаның бірінші кезеңіне 109 845 тұрғынға қызмет көрсететін 15 кітапхана енгізіліп, жаңғырту жұмыстары басталды.

         Қазіргі уақытта «TANA» қоғамдық қоры кітапханаларды жиһазбен және кітап қорымен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізуде. Жобаның жалпы құны 1,143 млрд теңгені құрайды.

         Абай атындағы облыстық әмбебап кітапхананың сирек қорын ұзақ мерзімді сақтауды және оған әлемдік деңгейде қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында АҚШ елшілігіне жазған жобамыз қолдау тауып, қазір алғашқы қадамдар жасалуда. Қаражатты түсіру бойынша  жұмыстар «SAM.gov»  парталына тіркеліп, рәсімдеу  шаралары жүргізілуде. 

         Абай есімін ең алғаш рет қағаз бетіне түсіріп, әлемге әйгілеген американдық журналист Джордж Кеннанның зертханасын ашқаннан кейін сирек қолжазбаларды, сирек кітаптарды, оның ішінде Абай тұлғасына қатысты кітаптар мен Абай оқыған басылымдарды консервациялау, реставрациялау және цифрландыру шаралары жүзеге асырылмақшы.

         Музей

         Облыста 4 мемлекеттік музей жұмыс істейді. Олардың қорында 149 838 экспонат бар, соның ішінде 27 779 данасы цифрлық форматқа көшірілген. Есепті кезеңде музейлерде 1 016 іс-шара ұйымдастырылған.

         2026 жылғы 15–18 мамыр аралығында Семей қаласындағы                       Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейінің 55 жылдығына арналған халықаралық деңгейдегі мәдени, ғылыми іс-шаралар ұйымдастырылды.

         Халық шығармашылығы және мәдени-демалыс жұмыстары

         Абай облысының мәдениет үйлері мен клубтарында халық шығармашылығын дамыту, көркемөнерпаздар ұжымдарының қызметін жетілдіру және тұрғындардың мәдени өмірге белсенді қатысуын қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда.

         Облыс бойынша 131 клубтық ұйым мен мәдениет үйі қызмет көрсетуде. Оларда түрлі бағыттағы 440 үйірме жұмыс істеп, 6 669 қатысушыны қамтып отыр. Оның ішінде ауылдық жерлерде 372 үйірме ұйымдастырылып, 5 844 тұрғынның шығармашылықпен айналысуына мүмкіндік жасалған.

         Облыста «Халықтық» атағына ие 58 шығармашылық ұжым жұмыс атқарадыі. Аталған ұжымдар өңірдің мәдени келбетін қалыптастырып, түрлі деңгейдегі фестивальдерге, байқауларға, концерттік бағдарламаларға белсенді қатысып келеді.

         Мәдениет үйлері мен клубтарда ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында 3 411 мәдени іс-шара өткізіліп, оған 880 мыңнан астам көрермен қамтылды.          Аталған шаралар тұрғындардың мәдени сұранысын қанағаттандыруға, ұлттық өнерді насихаттауға және шығармашылық ортаны дамытуға бағытталды.

         Ономастика

         Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бір реттік  тапсырмасына сәйкес Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен Кеңес Одағы Батырларының есімдерін ұлықтау мақсатында көшелерге атау беру жұмыстары жалғастырылды.

         Есепті кезеңде екінші кезең аясында келісім алынған 25 атауы жоқ көшеге ардагерлердің есімдері берілді. Оның ішінде Семей қаласында – 17, Ақсуат ауданында – 2, Аягөз ауданында – 3, Үржар ауданында – 3 көше қамтылды.

         Архив ісі

         2026 жылдың І жартыжылдығында Абай облысының архив саласында тарихи-деректі мұраны сақтау, толықтыру және цифрландыру бағытында жұмыстар жүргізілді.

         Қазіргі уақытта облыста 9 мемлекеттік архив жұмыс істейді, оның ішінде 1 облыстық архив, 2 филиал және 6 аудандық архив бар.

         2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша облыстың мемлекеттік архивтерінде 4 035 қорда 1 066 003 сақтау бірлігі жинақталған. Есепті кезеңде архив қоры 2 969 сақтау бірлігіне толықтырылды.

         Архив құжаттарын цифрландыру жұмыстары жалғасуда. 2026 жылдың І жартыжылдығында 1 175 сақтау бірлігі цифрландырылып, жалпы цифрланған құжаттар көлемі 15 591 сақтау бірлігін құрады (1,46%).

Мемлекеттік қызмет көрсету

         Есепті кезеңде облыстың архив мекемелері жеке және заңды тұлғаларға 5 730 архивтік мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде архивтік анықтамалар, құжаттар көшірмелері және архивтік үзінді көшірмелер берілді.

         Ақпараттық-түсіндіру қызметі

         Архив ісін және тарихи-деректі мұраны насихаттау мақсатында 143 ақпараттық-танымдық іс-шара өткізілді. Оның ішінде архив құжаттарының көрмелері, дәрістер, экскурсиялар, телебағдарламалар, мақалалар жариялау және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша семинарлар ұйымдастырылды.

         Тарихи-мәдени мұраны қорғау

         Абай облысында тарихи-мәдени мұраны сақтау, қорғау және насихаттау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

         Қазіргі уақытта облыс аумағында Мемлекеттік тізілімге енгізілген 416 тарих және мәдениет ескерткіші бар. Оның ішінде:

         республикалық маңызы бар – 13;

         қала құрылысы және сәулет ескерткіштері – 66;

         монументтік өнер құрылыстары – 51;

         археологиялық ескерткіштер – 260;

         ансамбльдер мен кешендер – 15;

         киелі нысандар – 11.

         Есепті кезеңде тарихи нысандарды сақтау мақсатында 3 ескерткіште ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізілуде:

         Невзоровтар отбасы атындағы музей ғимараты (көпес Степановтың бұрынғы үйі), 1870 жыл – бюджет қаражаты есебінен 252 млн теңге. Жұмыстар 2026 жылғы 4 мамырда басталып, 2027 жылғы 31 қазанда аяқталады;

         В.Г. Чернышевский атындағы №1 мектеп ғимараты, 1917 жыл – бюджет қаражаты есебінен 375,2 млн теңге. Жұмыстарды аяқтау мерзімі – 2026 жылғы 25 тамыз;

         Бұрынғы әйелдер гимназиясының ғимараты, 1873 жыл – жеке инвестициялар есебінен 10,6 млрд теңге көлемінде жүзеге асырылуда.

         Сонымен қатар, тарихи-танымдық бағытта «Абыралы–Шыңғыстау–Шұбартау» тарихи-танымдық экспедициясы ұйымдастырылып, өңірдің тарихи мұрасын насихаттау жұмыстары жүргізілді.

         Мәдениет нысандарының құрылысы

         Қазіргі уақытта Бесқарағай ауданында 3 мәдениет нысанының құрылысы жүргізілуде. Беген ауылдық мәдениет үйінің жалпы құны 363,0 млн теңгені құрайды, бүгінгі күні құрылыс жұмыстарының 22%-ы орындалды. Ерназар ауылындағы мәдениет үйінің құны 320,0 млн теңге, құрылыс жұмыстарының орындалу деңгейі 65%-ды құрайды. Глуховка ауылдық клубының жалпы құны 444,0 млн теңге, қазіргі уақытта жұмыстардың 67%-ы аяқталды. Аталған нысандарды пайдалануға беруді 2026 жылдың IV тоқсанында аяқтау жоспарлануда.

         Мәдениет және архив саласындағы нысандарды сақтау, жаңғырту және олардың материалдық жағдайын жақсарту мақсатында күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

         Абай атындағы облыстық әмбебап кітапхананың акт залын жөндеуге 36,7 млн теңге, кітаптарды өңдеу зертханасы кабинетіне ағымдағы жөндеу жүргізуге 6,6 млн теңге, Абай облысының мемлекеттік архиві ғимаратының шатырын жөндеуге 10,9 млн теңге бөлінді. Аталған жұмыстар бекітілген жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда.

         Мәдениет ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жаңарту

         Аудандық мәдениет үйлерін заманауи музыкалық жабдықтармен қамтамасыз ету үшін жалпы 102,8 млн теңге бөлінді. Аталған қаражат есебінен Үржар, Мақаншы, Жарма және Бородулиха аудандарындағы мәдениет ұйымдарын қажетті құрал-жабдықтармен жабдықтау жоспарланып, қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізіліп, музыкалық құрылғыларды жеткізу жұмыстары жүзеге асырылуда.

         Сонымен қатар, мемлекеттік архивтердің материалдық-техникалық базасын жаңғырту мақсатында 72,9 млн теңге бөлініп, заманауи компьютерлік, кеңсе және сканерлік жабдықтар сатып алынды.

         Абай атындағы облыстық әмбебап кітапхананың акт залындағы ескірген креслоларды жаңарту мақсатында 48,3 млн теңге қарастырылып, қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.

         2026 жылы облыста екі жаңа мәдениет нысаны пайдалануға берілді. Атап айтқанда, Үржар ауданы Жоғарғы Егінсу ауылындағы 100 орындық ауылдық клуб «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында салынды (құрылыс құны – 409,7 млн теңге). Сонымен қатар, Ақсуат ауданы Көкжыра ауылындағы 100 орындық ауылдық клуб пайдалануға берілді (құрылыс құны – 714,7 млн теңге).

         Қаржыландыру және бюджеттік қаражаттың игерілуі

         2026 жылға мәдениет саласына бөлінген жалпы қаражат көлемі – 7 389,6 млн теңге.

         2026 жылдың І жартыжылдығында 4 566,3 млн теңге игерілді.

         Бюджеттік қаражаттың игерілуі бекітілген жоспарларға сәйкес жүзеге асырылуда. Ай сайын жоспарланған қаражаттың 100 пайыз игерілуі қамтамасыз етіледі.

Дата публикации
28 августа 2026
Дата обновления
28 августа 2026
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі
19 октября 2026
Инфографики
15 октября 2026
АБАЙ ОБЛЫСЫ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы