Меню

Страницы

Статья

2025 жылдың 4 тоқсанында сәулет, қала құрылысы және цифрландыру бөлімі келесі жұмыстарды атқарды.

2025 жылдың 4 тоқсанында сәулет, қала құрылысы және цифрландыру бөлімі келесі жұмыстарды атқарды.

Қазіргі уақытта Абай облысында елді мекендерді аумақтық жоспарлау және дамыту саласында кешенді жұмыс жүргізілуде.

Үржар, Бородулиха, Бесқарағай және Көкпекті аудандарының аумағында орналасқан 18 елді мекеннің даму схемаларын әзірлеу жұмыстары басталды.

Сонымен қатар Абай облысының Мақаншы ауылында жер үсті және жер асты инженерлік коммуникацияларын цифрландыру жұмыстары аяқталды.

Бұдан басқа, ақпараттық технологияларды дамыту және аумақты басқару процесін автоматтандыру шеңберінде «Мемқалақұрылысыкадастры» РМК геопорталын толтыру маңызды міндет болып табылады.

Бүгінгі жағдай бойынша Абай облысы бойынша геопорталды толтыру деңгейі:

* сәулет-жоспарлау тапсырмалары бойынша-76,5 %;

* эскиздік жобалардың келісімі бойынша-80,4 %;

* объектілерді пайдалануға беру актілері бойынша-68,3 %.

Жүргізіліп жатқан жұмыс қала құрылысы деректерінің бірыңғай цифрлық базасын қалыптастыруға, рәсімдердің ашықтығын арттыруға және аумақтық даму саласында басқарушылық шешімдер қабылдау сапасын жақсартуға бағытталған.

Атқарылған жұмыс туралы ақпарат

Жердің жылдық есебіне сәйкес Абай облысының аумағы 18,5 млн га құрайды, оның ішінде: ауыл шаруашылығы маңызы бар жерлер 9,3 млн га (оның ішінде: егістік – 824,7 мың га, тыңайған жерлер – 112,2 мың га, шабындықтар-245,9 мың га, жайылымдар – 7974,9 мың га және басқалар); елді мекендер – 2,4 млн га; өнеркәсіп, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер-121,4 мың га; ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері, сауықтыру, рекреациялық және тарихи - мәдени мақсаттағы жерлер – 851,4 мың га; су қорының жерлері – 82,1 мың га; босалқы жерлер-5,8 млн га.

Жер пайдаланушылардың жалпы саны 166,9 мың.

Облыс аумағында 10,3 мың ауыл шаруашылығы кәсіпорны орналасқан, оның ішінде: 9 858 ш/қ, ф/қ, мал шаруашылығы бірлестіктері (азаматтар); 451 ЖШС, ӨК және т.б. (ұйымдар).

Абай облысы бойынша 2025 жылға арналған ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмаған жерлерді қайтару жоспары 170,0 мың га құрайды.

Ағымдағы жылдың басынан облыс әкімдігінің ведомствоаралық кіші тобы жеткізілген жоспардан 179,4 мың га пайдаланылмайтын жерлер (486 жер учаскесі) мемлекеттік меншікке қайтарылды, оның ішінде 156,0 мың га жайылым, 14,2 мың га егістік (тыңайған жер) және 9,0 мың га басқа да алқаптар, бұл жылдық жоспардың 106 %-ын құрайды.

Өткен 2024 жылы 121,1 мың га пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлері мемлекеттік меншікке қайтарылды.

Жайылымдық жерлермен халықтың мұқтаждығын қанағаттандыру мақсатында, жайылымдардың жаңа алаңдарын айналымға енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, бүгінгі күні Абай облысы бойынша 2022-2025 жылдары аралығында мемлекет меншігіне қайтарылған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ауыл шаруашылығы айналымына енгізу жоспары бекітілді (481,5 мың га).

Жоспарға сәйкес, ағымдағы жылдың соңына дейін – 70,8 мың га, 2026 жылдың I тоқсанында – 132,5 мың га, II тоқсанында – 278,2 мың га жерді қайта айналымға енгізу көзделген.

Биылғы жылғы тоқсанаралық есеп бойынша 74,3 мың га жер ауыл шаруашылығы айналымына қайта енгізіліп, жоспар толық орындалды.

Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы                         29 шілдедегі № 263 бұйрығымен бекітілген Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспары, Абай облысының аудандарының назарына жеткізілген.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасын орындау және жер заңнамаларын сақтау мақсатында Абай облысының әкімдігі Жоспарларды бекіту бойынша нақты іс-шаралар мен мерзімдерді қамтитын Іс-шаралар жоспарын бекітті. Аталған жоспарға сәйкес 2025 жылғы 1 мамырға дейін жайылымдарды басқару жөніндегі өңірлік жоспараларды бекітуді аяқтау көзделген болатын.

Алайда, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Абай облысы бойынша филиалынан алынған бағалық ұсыныстарындағы сомаларды аудандардың жергілікті бюджеті көтере алмағандықтан, осы жұмыстарды жүргізу сұрағы қазіргі күнге дейін толық шешімін таппай отыр.

Қазіргі таңда Абай облысында Үржар (Үржар ауданы маслихатының 2025 жылғы 15 сәуірдегі №24-455/VIII шешімімен бекітілген), Бесқарағай (Бесқарағай ауданы маслихатының 2025 жылғы 23 қазан шешімімен бекітілген), Ақсуат (Ақсуат ауданы маслихатының 2025 жылғы 16 шілдедегі №30/8-VIII шешімімен бекітілген) және Жарма (Жарма ауданы маслихатының 2025 жылғы 10 қарашадағы №30/521-VIII шешімімен бекітілген) аудандары бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарлары әзірленіп, бекітілген.

Абай, Көкпекті және Жаңасемей аудандарының әкімдіктерінде аудандық маслихат сессияларында құжаттарды бекіту жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен бірге, Аягөз, Бородулиха мен Мақаншы аудандары әкімдіктері бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарларын әзірлеу жұмыстары үшін ағымдағы жылдың 8 желтоқсанда өткізілген Абай облысы маслихатының кезекті № 32-сессиясында бюджеттен қаражат бөлу мәселесі қарастырылып, мақұлданғанын хабарлаймыз.

Ағымдағы жылдың басынан бастап Басқарма жер комиссиясының 22 отырысын ұйымдастырды.

Жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін және қорғаныс мұқтаждары үшін жер беру туралы қаралған өтініштердің жалпы саны 149 құрады, оның ішінде оң қаралды – 68 (ТПИ, ОПИ), қорғаныс мұқтаждары үшін – 11; теріс – 70.

Басқарма келесі нормативтік-құқықтық актілерді әзірледі:

-««Абай облысының азаматтарына жеке меншікке тегін ұсынылуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерін белгілеу туралы» Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 81 бірлескен қаулысы және Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 2/14-VIII шешіміне толықтырулар енгізу туралы» Абай облысы әкімдігінің бірлескен қаулы және Абай облысы мәслихаты шешімі.

- ««Абай облысы бойынша меншікке немесе жер пайдалануға берілетін аталған жерлерді пайдаланудың жергілікті жағдайлары мен ерекшеліктеріне қарай ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы» Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 82 бірлескен қаулысы және Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 2/13-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Абай облысы әкімдігінің бірлескен қаулы және Абай облысы мәслихаты шешімі.

 

         Ағымдағы жылы Абай облысының Мақаншы ауданының жер қатынастары бөлімімен 10 және 17 қыркүйекте Абай облысы Мақаншы ауданының жер қатынастары бөлімімен Алакөл көлінің жағалауында орналасқан жалпы алаңы 14,35 гектарды құрайтын 27 жер учаскесіне зерттеу актілері жасалып, Абай облысының Жер ресурстарын басқару департаментіне тиісті шаралар қабылдау үшін жолданды.

Сондай-ақ жалпы ауданы 5,5 га 5 жер учаскесін анықталып сот шешімі бойынша арнайы жер қорына қайтарылды.

Бүгінгі күні Департаменттің бақылауында 2024 жылы берілген 70 нұсқама бар. Сонымен қатар, бір жыл мерзімде пайдаланылмаған жалпы алаңы 24,9 мың гектарды құрайтын 79 жер учаскесі бойынша жұмыстар жүргізілуде (орындау мерзімі – 2025 жылғы қыркүйек).

Алакөл көлінің жағалауына жер заңнамасының сақталуына тексеру тұрақты түрде жүргізілуде.

         Семей – Ақтоғай («Бақты –Аягөз» т/ж) темір жол учаскесіне және Бақты ауылы ауданындағы құрғақ портқа шыға отырып, Қазақстан-қытай шекарасында үшінші шекаралық темір жол өткелін салуға қатысты Абай облысының әкімдігі 2024 жылғы 29 қарашадағы № 227 «Бақты- Аягөз темір жолын салу үшін жерлерді резервте қалдыру туралы» қаулы қабылдады.

Қабылданған қаулыға сәйкес, 5 жыл мерзімге жалпы ауданы 10 506,3 га жер учаскелері, оның ішінде мемлекеттік меншікте 5 911,7 га және бөгде құқық иеленушілердің жерлері 4 594,6 га, Аягөз, Үржар және Мақаншы ауданының әкімшілік шекараларында резервтелген.

Бүгінгі таңда жоғарыда қабылданған қаулыға тиісті өзгерістер енгізілуде.

 

Дата публикации
13 января 2026
Дата обновления
13 января 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі
19 октября 2026
Инфографики
15 октября 2026
АБАЙ ОБЛЫСЫ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы