Меню

Страницы

Статья

Өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық дамыту бөлімі

2024 жылдағы өнеркәсіп өндірісінің нәтижесі 2023 жылғы сәйкес көрсеткішпен салыстырғанда өнеркәсіптік өнімінің нақты көлемінің өсуі болып табылды.

Өнеркәсіптік кәсіпорындармен және өндірістермен 1 779,7 млрд теңгеге өнім (тауар, қызмет) шығарылды, бұл өндірістің республикалық көлемінде 4,0%-ді құрайды. Өнеркәсіптік өндірістің индексінің көрсеткіші 2023 жылғы қаңтар-қарашадағы деңгейге қатысты алғанда 100,2%-ға бағаланды.

Облыстың өнеркәсіп өндірісінің құрылымында ең жоғарғы үлес (69,2%) тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу тиесілі. Өңдеу өнеркәсібіне 27,8%-ды, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау – 2,6%-ды, сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет – 0,4%-ды құрады.

2024 жылғы қаңтар-қарашада тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда  1 231,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейіне қарағанда 0,9%-ға жоғары. Металл кендерін өндіруі 0,6%-ға өсті.

Өңдеу өнеркәсібінде 2024 жылғы қаңтар-қарашада 494,9 млрд. теңгеге өнім өндірілді, есепті кезеңде  2023 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда өнеркәсіптік өндірістің индексі 98,2%-ды құрады. Көбею машина жасауда – 16,7%-ға, тамақ өнімдерін өндіруде – 4,0%-ға байқалды.

Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда 46,2 млрд. теңгеге өнім (тауарлар, қызметтер) өндірілді, өнеркәсіптік өндірістің индексі 114,8%-ды құрады. Электр энергиясын өндіру, беру және таратуда – 23,2%-ге өсу байқалды.

Сумен жабдықтауда; су бұруда; қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте 7,0 млрд.теңгеге өнім өндірілді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінің деңгейінен 15,2%-ға төмен. Кемуі қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру) 35,3%-ға, ағынды суларды жинау және тазарту –  2,4%-ға байқалды.

Облыс өңірлері ішінде өнім көлемі бойынша ең жоғары үлестік салмақты Аягөз ауданының өнеркәсіп өндірісі алады (өндіріс көлемінің 49,8%-ы), Жарма ауданында – 20,2%-ы. Семей қаласында өнеркәсіп өндірісі облыстық көлемінің 16,3%-ы, Жаңасемей ауданында – 8,9%, Бородулиха ауданында – 3,4%-ы өндірілді.

Әдіснамалық түсіндірмелер

Өнеркәсіптік өндіріс индексі – бұл салыстырылып отырған кезеңдердегі өнеркәсіптік өнім көлемінің өзгерісін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.

 

Сауда бөлімі

Сауда және қызмет көрсету саласында кәсіпкерлікті дамыту

2024 жылдың басынан бастап Семей қаласында жалпы сомасы 2,2 млрд теңгеге сауда объектілері пайдалануға берілді, оның ішінде:

Семей қаласындағы «Smart» СОО «Альпиев» ЖК, Трусов көшесі, 3 (құны - 500 млн теңге);

«BB» супермаркеті «Трухин» ЖК, Кутжанов көшесі, 42Б/1 (құны - 380 млн теңге);

Семей қаласындағы Әуезов көшесіндегі «Кульчигишев» ЖК СОО (құны – 350 млн теңге);

Семей қаласындағы Ауданы 4 000 шаршы метр «Арғымақ» СҮ екінші корпусы («Арғымақ» СҮ кеңейту) «Ширяев» ЖК, Засядко көшесі, 89 (құны – 750 млн теңге);

«Central City» СҮ, Шәкәрім көшесі, 74, ауданы 3 500 шаршы метр (құны – 600 млн теңге).

Сонымен қатар, бүгінгі күні Қабанбай батыр көшесінде «Ковалев» ЖК Балалар ойын – сауық орталығының құрылысы жүргізілуде (құны-500 млн теңге).

Жол картасы аясында облыс бойынша 2024-2025 жылдарға арналған өткізу мерзімімен стационарлық емес сауда базарларын («Мереке» базары, «Смокк» базары, «Ақшын» СҮ) жаңғыртуды бастау жоспарлануда.

Қазіргі заманғы сауда форматтарын салу және кеңейту үшін пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялаумен екі жоба ұсынылады: «Тұрлыбеков» ЖК, Семей қаласының «Мереке» базары (құны 2,5 млрд. теңге, іске асыру мерзімі – 2025 жыл), «Аубакиров» ЖК, Семей қаласының «СМОКК» базары (құны 2,5 млрд. теңге, іске асыру мерзімі – 2025 жыл).

2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін жаңғыртуды жүргізу қажеттілігі туралы нарықтар басшылығымен консультативтік және түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

 

ӘМАТ

Өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру мақсатында ҚР Үкіметінің резервінен 2,0 млрд теңге бөлінді, оның ішінде 1,3 млрд теңге сомасына ӘМАТ-қа форвардтық шарттар жасалды.

«Үй жанындағы» дүкендерден базарлар мен ірі сауда объектілеріне дейінгі бағаларды бақылайтын 152 мониторингтік топ тұрақты жұмыс істейді.

ӘМАТ бағасын ұстап тұру бойынша 1 148 меморандумға қол қойылды (10% - дық ең төменгі сауда үстемесі туралы).

Ағымдағы жылы делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі өңірлік комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) 102 отырысы өткізілді.

Комиссия қорытындысы бойынша 176 тексеру жүргізілді, оның ішінде: 128 заң бұзушылық бойынша сауда нысаны ӘҚБтК-нің 204-4 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 17 заң бұзушылық бойынша сауда нысаны 193 баптың 4 тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 3 заң бұзушылық бойынша сауда нысаны ӘҚБтК-нің 204-2 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды,  21 тексеру бойынша заң бұзушылық расталмады.

Абай облысы бойынша 2024 жылдың І-ІІ-ІІІ-ІV тоқсанына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәні бекітілді (СИМ-мен келісілді).

2024 жылдың басынан бастап облыстың барлық аудандарында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің 217 жәрмеңкесі өткізілді, 405,7 млн. теңгеге өнім сатылды.

 

ЖЖМ

Облыста 127 ЖМҚС жұмыс істейді (оның ішінде 6 шағын ЖМҚС-та, сақтау орындарының болмауына және сатушылардан сатып алудың ең аз көлеміне байланысты 65 тонна (1ЦС), бұдан басқа алдын ала төлем жасау мүмкіндігі жоқ). Оның ішінде 120 жанармай құю станциясы дизель отынын сатады.

Анықтама: Жанар-жағармай тапшылығы мәселелері бойынша облыстың ЖМС иелерінің сұраныстары тұрақты негізде қарайды.

Мысалы, ЖЖМ тапшылығын жою мақсатында «Петроретейл» ЖШС және «Альмара Петролеум» ЖШС-мен келіссөздер жүргізілді, нәтижесінде облыс аудандарының шағын ЖМҚС АИ-92 маркалы бензин көлемі 3 000 тоннадан астам алынды.

Алайда, облыста жүйелі түрде туындайтын проблемалық мәселелер байқалуда, мысалы, кәсіпкерлер, сондай-ақ аудандар мен қалалардың әкімдіктері мұнай өнімдерін сатып алуды алдын ала жоспарламайды, бұл белгілі бір аудандарда ЖЖМ жеткізу мен тапшылығына байланысты жиі проблемалардың себебі болып табылады.

 

Жер қойнауын пайдалану бөлімі

Жер қойнауын пайдалану

Бүгінгі күні жер қойнауын пайдалану бөлімімен пысықталды:

- 2024 жылы жер қойнауын пайдалану операцияларының салдарын жою және аумақты зерттеуге шығу жөніндегі комиссия құру мәселесі бойынша жұмысқа 20 учаске бойынша 15 өтініш түсті.

- 2024 жылы 20 өтініш бойынша комиссия құрылып, жер қойнауын пайдалану операцияларының салдарын жою мәселесі бойынша учаскелерге шығулар жасалды. Шығу нәтижелері бойынша: 23 тексеру актісі және 5 тарату актісі берілді.

E-licence порталында мемлекеттік қызметтер бойынша жұмыс жүргізілуде:

«Болашақ құрылыс учаскелері астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқтығы туралы немесе оның маңыздылығының аздығы туралы» - 2022 жылы – 3 қорытынды; 2023 жылы – 17 қорытынды; 2024 жылы – 22 қорытынды, 7 бас тарту берілді.

«Жер қойнауын пайдалану құқығының кепілі туралы шартты тіркеу» - 2023 жылы-3 өтініш, 2024 жылы-3 өтініш.

«Кен іздеушілікке арналған лицензия» - 2022-2023 жылдары - 22 лицензия, 2024 жылы – 18 лицензия, 6 бас тарту берілді.

Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия беру.

Тау-кен жұмыстарының жоспарын келісу, тарату жоспарына сараптама жүргізу қажеттілігі туралы - 3 өтініш бойынша хабарламалар берілді.

Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге 16 лицензия берілді, 2 Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге лицензиясының мерзімін  ұзарту, Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге 3 рұқсаттың мерзімін ұзарту.

Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге рұқсат - 50 рұқсат берілді.

Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға рұқсат - 17 рұқсат берілді.

Жер қойнауын пайдалану кәсіпорындарын қайта тіркеу жұмыстары жалғасуда.

Жалпы Абай облысы бойынша қатты пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруді жүзеге асыратын шамамен 162 кәсіпорын және 51 кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды және өндіруді жүзеге асыратын кәсіпорындар, сондай-ақ қатты пайдалы қазбаларды және кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруді жүзеге асыратын 10 кәсіпорын жұмыс істейді.

Бүгінде Абай облысында тіркелген – 95 кәсіпорын (11 кәсіпорын қайта тіркеуден өтіп, 4 филиал ашты) тіркелмеген -128 (қатты пайдалы қазбаларды -115 барлау, 13 өндіру бойынша) олармен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.    

2022 жылы жергілікті бюджетке салынатын салықтар 18 млрд теңгені, 2023 жылы – 18,5 млрд теңгені, 2024 жылғы қаңтар-қараша айларында – 24 млрд теңгені құрады.

Өнірдің әлеуметтік экономикалық дамуы және оның инфрақұрылымын дамытуға аударымдар - 2023 жылы - 1,7 млрд теңге.

Қайта тіркеу мәселесі Абай облысының Жер ресурстарын басқару департаментімен, Абай облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасымен, Мемлекеттік кірістер департаменттерімен бірлесіп пысықталуда.

9 наурызда облыс әкімінің бірінші орынбасарының төрағалығымен Мемлекеттік органдардың өкілдерімен кеңес өткізілді.

10 наурызда облыс әкімінің бірінші орынбасарының төрағалығымен 7 кәсіпорын басшыларымен кездесу-кеңес өтті.

5 НҚА әзірленді:

  1. «Абай облысы бойынша бір гектар жер қойнауын пайдаланушылардың еңбекқорлық салдарын жою жөніндегі міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін айқындау туралы» - Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 3 ақпандағы № 25 қаулысы;
  2. «Абай облысы бойынша кен іздеушілікке арналған аумақтарды айқындау туралы» - Абай облысының әкімдігінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 53 қаулысы;
  3. Абай облысының әкімдігінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 53 «Абай облысы бойынша кен іздеушілікке арналған аумақтарды айқындау туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы - Абай облысының әкімдігінің 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 11 қаулысы;
  4. Абай облысының әкімдігінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 53 «Абай облысы бойынша кен іздеушілікке арналған аумақтарды айқындау туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы - Абай облысының әкімдігінің 2024 жылғы 23 мамырдағы № 11 қаулысы;
  5. Абай облысының әкімдігінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 53 «Абай облысы бойынша кен іздеушілікке арналған аумақтарды айқындау туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы - Абай облысының әкімдігінің 2024 жылғы 20 тамыздағы № 161 қаулысы.

 

Инвестицияны дамыту бөлімі

2024 жылғы қаңтар-қарашада облыс экономикасына негізгі капиталға инвестициялар 471,5 млрд теңгені құрады,  жоспарланған инвестициялар 676,4 млрд теңге. (2023 жылғы қаңтар-қараша – 440,6 млрд.теңге). НКИ-105%.

Өңірлік үйлестіру кеңесі 2024 жылы 881 жұмыс орнын құрумен 47,8 млрд теңге сомаға инвестициялық жобаны айқындау үшін 3 жобаны қарады.

ҚР СІМ 2024 жылға арналған тікелей шетел инвестициялар жоспары 149 млн АҚШ долл.  мөлшерінде белгіленді,                             II тоқсанның қорытындысы бойынша тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 373 млн АҚШ долл.

2024 жылдың IV тоқсанына 8 мыңнан астам жұмыс орнын құра отырып, 2029 жылға дейін жалпы сомасы 2,3 трлн теңгеге     25 инвестициялық жоба пулы өзектендірілді.

2024 жылы 9,1 млрд теңгеге 8 инвестициялық жоба іске асырылып, 307 жұмыс орны құрылды.

Анықтама: 50 жұмыс орнын құра отырып, құны 1,5 млрд теңге болатын талшықты цементті қасбеттік плиталарды дайындау үшін өндірістік желіні енгізу.

- 30 жұмыс орнын құра отырып, құны 678 млн теңге болатын цемент қаптамасының үшінші желісін сатып алу.

- 15 жұмыс орнын құра отырып, құны 500 млн теңге қонақ үйлер салу.

- 100 жұмыс орнын құра отырып, құны 2,3 млрд теңге дайын өнім шығара отырып, автомобиль көлігін пайдалану кезінде пайда болатын қалдықтарды қайта өңдеу кешенін кезең-кезеңімен салу.

- 57 жұмыс орнын құра отырып, құны 1,0 млрд теңге болатын "Родниковое" кен орнын игеру үшін алтын өндіру фабрикасын салу.

- құны 1,4 млрд теңге, 25 жұмыс орнын құрумен 1360 га алаңда суару жүйелерін салу (17 жаңбырлату машинасын орнату).

- - 25 жұмыс орнын құра отырып, құны 603 млн теңге болатын оқшауланған құбырлар шығаратын зауыт салу.

  • 1000 гектарға суару (7 жаңбырлату машинасын орнату), құны 1,1 млрд теңге, 5 жұмыс орнын құрумен.

 

Шағын және орта бизнесті дамыту бөлімі

 

Осы жылы субсидиялауға және гарантия беруге 8,5 млрд теңге бөлінді, Әкімдік бюджетінен 950 млн теңге берілді.

Осы жылы 9,5 млрд теңге сомасына екі 225 жобаны субсидиялады және 5,3 млрд теңге сомасына 78 проект бойынша гарантия берілді.

Анықтама: 23 жылы «Даму» 22,9 млрд сомаға 407 жобаны субсидиялады және 4,8 млрд сомаға 260 жоба бойынша кепілдіктер берді.

Бізде, «Қамқор» кредиттік бағдарламасына екі жыл ішінде 1,5 млрд теңге бөлініп, ол суммаға 32 жоба кредит алды.

Облыста социалды кәсіпкерлік қатарына енгізу үшін арнайы комиссия бар, 2022 жылдан бастап 45 өтінім келіп, 30 жоба социалдық статус алды.

 

 

Дата публикации
10 января 2024
Дата обновления
10 января 2024
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
Инфографики
15 октября 2026
АБАЙ ОБЛЫСЫ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ
15 октября 2026
Абай облысы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамы және орналасқан жері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы