Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
Желісі - 361 бірлік (балабақшалар - 167, шағын орталықтар-194 бірлік).
Контингент - 25950 бала, оның ішінде 9927 - мектепке дейінгі жекеменшік ұйымдарға барады.
Анықтама: 91 мемлекеттік балабақша (9586 бала); 76 жекеменшік балабақша (9824бала), 2 жекеменшік шағын орталық (318 бала).
2 жастан 6 жасқа дейін – 90,5 %.
Педагог қызметкерлер - 2503 адам (жоғары білімді – 1213, орта-арнайы-1290, магистр дәрежесімен -23).
Облыстың мектепке дейінгі ұйымдары 100% бейнебақылаумен жабдықталған.
Кезектілік 6,1 мыңнан астам баланы құрайды(2 ден 6 жасқа -3,3 мың) 2029 жылға дейін МЖӘ аясында 2100 орындық 9 балабақша құрылысы жоспарланған.
Абай облысында балаларды кезекке қою және мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама алу рәсімі ақпараттық жүйелер арқылы автоматтандырылған vko.ddo.kz, balabaqsha.snation, Indigo24.kz.
Ата-аналар өздері ақпараттық жүйелердің жеке кабинеті арқылы жолдама алады. Қазіргі уақытта кезекке қою базаларының операторлары жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелерінен деректерді біріктіру және "ТАЛДАУ"АҚ-дан кезекті есепке алудың бірыңғай базасына беру жөніндегі жұмысты жүзеге асырады. Тестілеу үшін байланыс арнасын ұсыну бойынша жұмыс жүргізілуде.
Орта білім беру
2024-2025 оқу жылында Абай облысында 100 023 бала контингенті бар 302 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді.
1 сынып оқушыларының саны - 10 163 бала, оның ішінде қазақ тілінде – 7231 (71,1), орыс тілінде – 2932 оқушы.
2024 жылғы шығарылым 14 856 баланы құрайды, оның ішінде 9сынып-9824,11сынып-5032.
"Алтын белгі" белгі үміткерлері - 222, Үздік аттестат - 463. Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан - 4615 түлек немесе 91%.
Мемлекеттік ұйымдармен қатар 7 жеке білім беру ұйымдары жұмыс істейді (Семей қ. - 6, Аягөз-1), олардың контингенті 1274 құрайды.
Аудандардың ерекшеліктеріне байланысты ауылдық мектептердің көпшілігі шағын жинақталған мектептермен ұсынылған.
2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша күндізгі жалпы білім беретін мектептердің 52,6 % (159) шағын жинақты болып табылады,оларда 11893 (11,8%) оқушы оқиды.
111 ауылдық елді мекенде тұратын және көлікпен тасымалдауға мұқтаж мектеп жасындағы балалардың жалпы саны 3227 адамды құрайды. Оның ішінде күн сайын екі ауысымда 3227 бала тасымалдауменқамтылды.
Тасымалдауды 108 автобус бірлігі жүзеге асырады, оның ішінде шарт бойынша жалға алынған 11 автобус.
Сондай-ақ, облыс мектептерінде цифров-сыныптар ашылды, онда оқушылар цифрлық технологияларға деген қызығушылықтарын дамытады және бағдарламалау, 3D модельдеу, робототехника бағыттары бойынша оқиды. Жыл сайын облыстық it форумдар, чемпионаттар, фестивальдар өткізіледі, онда IT-сынып оқушылары мен колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері ғылыми-технологиялық және IT саласындағы өз жобаларын көрсетеді.
Оқулықтармен қамтамасыз ету 100% құрайды.
Кәсіптік білім беру
Абай облысының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде 33 колледж жұмыс істейді, оның ішінде 18 мемлекеттік, 15 жекеменшік.
2024-2025 оқу жылында білім алушылар контингенті 21221 адамды құрайды, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша 11 471 студент оқиды. Облыстың ТжКБ жүйесінің кадрлық әлеуетін 1102 педагог және өндірістік оқыту шеберлері құрайды.
Дуальді оқытуды енгізетін колледждер саны - 21 (контингенті 2968). Академиялық дербестікті енгізу шеңберінде білім беру бағдарламаларын колледждер жұмыс берушілердің қатысуымен Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттың және кәсіптік стандарттардың талаптары негізінде дербес әзірлейді, яғни жұмысқа орналасу кезінде колледж түлектері жұмыс берушілердің сұраныстарына толық сәйкес келетін болады. 2023-2024 оқу жылында "Talap" КЕАҚ Білім беру бағдарламаларының тізіліміне колледждер мамандықтар бойынша 300-ден астам білім беру бағдарламаларын енгізді.
Облыста 21 мемлекеттік колледж жанында 16 жатақхана жұмыс істейді. Жалпы жобалық қуаттылығы 2921 орынды құрайды.
Қазақстан Республикасының WorldSkills қозғалысына енуінің алғашқы күндерінен бастап Семей қаласының колледждері Қазақстан қалаларының рейтингісіндегі жүлделі орындар саны бойынша әртүрлі деңгейдегі-өңірлік, ұлттық, әлемдік чемпионаттарда көшбасшы болып табылады. 2024 жылы Лион қаласында (Франция) өткен 47 WorldSkills International әлем чемпионатының қорытындысы бойынша оған әлемнің 67 индустриалды-дамыған елдері қатысты, IT және жаңа технологиялар жоғары колледждің студенттері Бабенко Тимур және Жуасбаев Эльнар, оқытушы Түсіпбаева Күлпан Мұхаметқалиқызының басшылығымен "Мобильді робототехника" құзыреттілігі бойынша 7-ші орын алып үздік медальондардың иегерлері атанды.
Колледждерге ТжКБ бағдарламалары бойынша мамандар даярлау және кәсіптік білім берудің барлық жүйесін еңбек нарығында сұранысқа ие құзыреттерді қалыптастыруға қайта бейімдеу бойынша талаптар арттырылды. Бұл үшін колледждерді бейімдеу маңызды. Техникалық және кәсіптік білім берудің мамандануы салалық бағыттар бойынша неғұрлым нақтыланған кезде , бейімдеу оқу орындарын салалық жинақтау тұрғысынан қажет.