Абай облыстық мәслихатының
2022 жылғы 24 тамыздағы
№ 5/29-VII шешімімен бекітілген
«Абай облысы бойынша тексеру комиссиясы»
мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
Осы Ереже Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының мәртебесін, өкілеттіктерін және жұмысының ұйымдастырылуын айқындайды.
1. Жалпы ережелер
Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен Тексеру комиссиясына кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2.Тексеру комиссиясының миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
1) жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуына, мемлекет және квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерiнiң пайдаланылуына жергiлiктi деңгейде сыртқы мемлекеттiк аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыру;
2) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасы және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы, бюджет қаражатының, мемлекет және квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерiнiң пайдаланылуы саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi талаптарының сақталуын бақылау;
3) жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын, аумақтарды дамыту бағдарламаларының және бюджеттiк бағдарламалардың іске асырылуын талдау және бағалау.
1) мыналардың:
2) мыналарға:
3) жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне аудит, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне аудит жүргізеді.
1) облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органынан, мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан құпиялылық режимiнiң, қызметтiк, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, ведомстволық ақпараттық жүйелер деректерінің құрамы мен форматтары туралы мәліметтерді, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру және мемлекеттік аудитті жүзеге асыру, бюджеттің атқарылуы туралы есептерді дайындау үшін қажетті құжаттаманы (ақпаратты) сұратады және алады;
2) барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және лауазымды адамдардың орындауы үшін міндетті, анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама шығарады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік және өзге де ақпараттық жүйелерге мемлекеттік аудит жүргізу үшін қажетті қолжетімділікті алады;
4) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қаулыда немесе нұсқамада белгіленген мерзімдерде ұсынымдар мен нұсқамалардың орындалуы туралы растайтын құжаттары қоса берілген ақпаратын алады;
5) сыртқы мемлекеттік аудит жүргізумен байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік аудит объектілері лауазымды адамдарының тиісті ақпаратын тыңдайды;
6) мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша лауазымды адамдарды тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы оларды тағайындаған адамдарға ұсыныстар енгізеді;
7) лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін сақтамауының анықталған фактілері бойынша, сондай-ақ тиімділік аудитінің нәтижелері бойынша тиісті облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына (бұдан әрі – мәслихат) ұсыныстар енгізеді;
8) аумағында өздері жұмыс істейтін облыстық бюджетке, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте құрылған аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне қатысты сараптамалық-талдау қызметін жүзеге асырады;
9) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген құзырет шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргізуді қозғайды;
9-1) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды, олар бойынша хаттамалар жасайды және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік жазалар қолданады;
10) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетімен (бұдан әрі – Есеп комитеті) және басқа мемлекеттік органдармен келісу бойынша бірлескен немесе қатар тексерулерді жүргізуге қатысады;
11) мемлекеттік аудитті жүргізу үшін мемлекеттік органдардың тиісті мамандарын (олардың келісімі бойынша), сондай-ақ қажет болған кезде аудиторлық ұйымдарды, сарапшыларды олар көрсететін қызметтеріне тиісті бюджеттен бөлінген қаражат шегінде ақы төлей отырып тартады;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
1) аудиторлық есептердің және (немесе) қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есептердің негізінде аудиторлық қорытындыны бекітеді;
2) Тексеру комиссиясының қаулыларын қабылдайды;
3) аудиторлық іс-шара және сараптамалық-талдау іс-шаралары барысында анықталған (анықталатын) бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды;
4) мемлекеттік аудит объектісі лауазымды адамдарының әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларда, материалдарды тиісті аудиторлық дәлелдемелерімен бірге құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілетті органдарға береді;
5) бюджетке өтеуді қамтамасыз ету, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар беру және (немесе) анықталған бұзушылықтар сомасын есепке алу бойынша көрсету жолымен қалпына келтіру және Тексеру комиссиясының нұсқамаларын орындау мақсатында сотқа талап қоюды береді;
6) ішкі аудит қызметтерінің құжаттарын қоспағанда, басқа мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелерін, егер оларды Қазақстан Республикасының азаматтық-процестік заңнамасына сәйкес сот заңсыз деп танымаса, оларды таниды;
7) мемлекеттік аудит нәтижелері танылған жағдайларда басқа мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүргізген мемлекеттік аудит материалдарын негізге ала отырып, мемлекеттік аудит көлемін қысқартады;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда аудиторлық іс-шаралар мен тексерулерді тіркеуді жүзеге асырады;
9) мемлекеттік аудитті және сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізуді тиімді жоспарлау мақсатында, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын, есептілікті Тексеру комиссиясының ведомстволық ақпараттық жүйелері мен Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқорға орналастырады, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбелері бекітілгенге дейін олар туралы ақпарат алмасуды келісілген мерзімдерде жүзеге асырады;
10) тексерулердің қайталануын болғызбау мақсатында мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбелерін және оларға өзгерістерді келіседі;
11) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларына оларда белгіленген мерзімдерде немесе, егер мерзімі көрсетілмеген болса, оларды алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарау және орындау үшін қаулылар мен нұсқамалар жібереді.
12) өздері аудиторлық қорытындыда берген ұсынымдардың және міндетті түрде орындалуға бағытталған нұсқамалардың мониторингін жүйелі негізде жүзеге асырады;
13) жүргізілетін аудиторлық іс-шаралардың қорытындыларын жүйелі түрде талдайды, бюджеттің атқарылуы, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін пайдалану процесінде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің себептері мен салдарларын жинақтап қорытады және зерделейді, сондай-ақ бюджет заңнамасын жетілдіру және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды тиісті уәкілетті органдардың қарауына ұсынады;
14) Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары үйлестіру кеңесінің шешімдерін орындауды және Есеп комитетіне тиісті ақпарат ұсынуды қамтамасыз етеді;
15) Есеп комитетінің сұрау салулары бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы ақпарат ұсынады;
16) құпиялылық режимiнiң, қызметтiк, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында өз қызметі туралы ақпаратты орналастырады;
17) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шаралар қолдануды қамтамасыз етеді.
3. Тексеру комиссиясының қызметін ұйымдастыру және оның
лауазымды адамдарының өкілеттіктері
1) жалпы басшылықты жүзеге асырады және Тексеру комиссиясына жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады;
2) Тексеру комиссиясының регламентін бекітеді;
3) Тексеру комиссиясы мүшелері мен Тексеру комиссиясы аппаратының жұмысын ұйымдастырады;
4) Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттiк органдарында, ұйымдарында және одан тыс жерлерде Тексеру комиссиясының атынан өкiлдiк етедi;
5) бекiтiлген штат саны және облыстық бюджетте көзделген қаражат шегiнде Тексеру комиссиясы аппаратының құрылымы мен штат кестесiн бекiтедi;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Тексеру комиссиясы аппаратының басшысын және қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;
7) мемлекеттiк қызмет туралы заңнамада белгiленген тәртiппен Тексеру комиссиясының қызметкерлерiн көтермелейді және оларға тәртiптiк жаза қолданады;
8) өз құзыретi шегiнде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар бередi, олардың орындалуын тексередi, Тексеру комиссиясының отырыстарында қабылданған қаулыларға және нұсқамаларға қол қояды;
9) мемлекеттік аудитті тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде ұйымдастыруды көздейтін, мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін бекітеді;
10) Тексеру комиссиясының мүшелерiне мемлекеттік аудитті және (немесе) үстеме, бірлескен және қатар тексерулерді жүргізуге тапсырмалар бередi;
11) Тексеру комиссиясының құзыретi шегiнде аудиторлық iс-шараларды жүргiзуге қатысатын Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторларының құрамын айқындайды;
12) Тексеру комиссиясының аудиторлық, сараптамалық-талдау қызметіне мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандартының сақталуы мәніне, соның iшiнде мемлекеттік аудит объектiсiнде бола отырып сапаны бақылау жүргізудің қажеттілігін айқындайды;
13) жергiлiктi бюджеттiң атқарылуына және мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерiнiң пайдаланылуына мемлекеттік аудит мәселелерiне қатысты құжаттамамен құпиялылық режимiнiң, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, кедергiсiз танысады;
14) мемлекеттік аудит объектiлерiнен аудиторлық iс-шараларды жүргiзуге байланысты мәселелер бойынша қажеттi анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсiнiктемелердi талап етедi және өзi белгiлеген мерзiмде алады;
15) Тексеру комиссиясының мүшелерiн қызметке тағайындаған, сондай-ақ оларды қызметiнен босатқан кезде олардың кандидатуралары бойынша ұсынысты тиісті мәслихаттың қарауына енгізеді;
16) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірліктің мәслихатына аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi ұсыну жөніндегі міндетті облыстың Тексеру комиссиясы мүшелерiнiң бiрiне жүктейдi;
17) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірліктің облыс, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгiнiң отырыстарына қатысуға құқылы;
18) Тексеру комиссиясы Төрағасының жанынан консультативтiк-кеңесшi және консультативтiк-сараптамалық органдар құрады;
19) өзi болмаған жағдайда, Тексеру комиссиясы Төрағасының мiндетiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Тексеру комиссиясы мүшелерiнiң бiрiне жүктейдi;
20) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
1) Тексеру комиссиясының аудиторлық, сараптамалық-талдау, ақпараттық және өзге де қызметiн ұйымдастырады және жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады, тексерiлетiн мемлекеттік аудит объектілерінің жұмыс iстеуiне кедергi келтірмейді және олардың ағымдағы шаруашылық қызметiне араласпайды;
3) жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуына, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерінің пайдаланылуына мемлекеттік аудитті жоспарлау және жүргізу мәселелерiне қатысты құжаттамаға құпиялылық режимiнiң, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, кедергiсiз қол жеткiзе алады;
4) мемлекеттік аудитті жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша қажеттi анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсiнiктемелердi мемлекеттік аудит объектiлерiнен талап етедi және өздерi белгiлеген мерзiмдерде алады;
5) өздерi басқаратын (жетекшiлiк ететiн) қызмет бағыттарының мәселелерi бойынша өз құзыретi шегiнде дербес шешiм қабылдайды;
6) өз құзыретi шегiнде мемлекеттік аудитті тиiмдi ұйымдастыру үшiн қажеттi ресурстардың көлемiн айқындай отырып, мемлекеттік аудиттің бағдарламаларын бекiтедi, аудиторлық қызметті ұйымдастыру бойынша міндеттердің бөлінуіне сәйкес, нұсқамаларға қол қояды;
7) мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған бекiтiлген тізбесіне сәйкес Тексеру комиссиясы аппаратының қызметкерлерiне мемлекеттік аудит жүргізуге тапсырмалар бередi;
8) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірліктің облыс, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгiнiң отырыстарына қатысуға құқылы;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
1) мәслихаттың қызметтен босату туралы шешім қабылдауы;
2) оларға қатысты соттың айыптау үкiмi заңды күшiне енуі;
3) белгіленген тәртіппен әрекет қабiлеті шектеулі немесе әрекетке қабілетсіз деп танылуы;
4) анттарын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және осы Ережені бұзуы, өздерінің мәртебесімен сыйыспайтын теріс қылық жасауы, лауазымдық міндеттерін сақтамауы;
5) қайтыс болуы себепті, сондай-ақ хабарсыз кеткен деп танылған не қайтыс болды деп жариялан жағдайда;
6) Қазақстан Республикасы азаматтығының тоқтатылуы;
7) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуі;
8) басқа лауазымға тағайындалуы себепті қызметінен мерзімінен бұрын босатылады.
1) Тексеру комиссиясының қызметiне мемлекеттiк органдардың және өзге де ұйымдардың заңсыз араласуына;
2) мемлекеттiк органдардың сұрау салулары бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесінде көзделмеген тексерулердi жүргiзуге Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторлары мен өзге де лауазымды адамдарын тартуға жол бермеу жолымен қамтамасыз етiледi.