Абай облысы әкімі
аппараты басшысының м.а.
2024 жылғы «___»___________
№___бұйрығына
қосымша
Абай облысы әкімі аппаратының баспасөз хатшысының
лауазымдық нұсқаулығы
Д-2 санаты (№ 03-01)
1. Жалпы ережелер.
1.1. Абай облысы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы (бұдан әрі баспасөз хатшысы) облыс әкімі аппаратындағы қызметі барысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасы Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін, Қазақстан Республикасының құқықтық –нормативтік актілерін, аппараттың регламентін, аппарат басшысының бұйрықтары, ішкі еңбек тәртібі ережелері мен лауазымдық нұсқаулықтарды басшылыққа алады.
1.2 Баспасөз хатшысы облыс әкімі аппараты басшысының бұйрығымен тағайындалады және босатылады;
1.3. Баспасөз хатшысы облыс әкіміне, аппарат басшысына бағынады және одан тапсырмалар алады;
1.4. Баспасөз хатшысы уақытша болмаған кезеңде оның міндеттерін аппарат басшысының бұйрығымен тағайындалатын облыс әкімі көмекшілерінің бірі орындайды.
2. Баспасөз хатшысының құқықтары
Баспасөз хатшысы құқылы:
2.1. Атқаратын жұмысына қатысты қажетті материалдар мен құжаттарды сұрату және алуға.
2.2. Атқаратын лауазымдық құзыреті шегінде кеңестерге қатысу.
2.3. Бөлімнің қызметіне қатысты мәселелер бойынша үшінші тарап ұйымдарында ұйымның мүдделерін білдіру.
2.4. Басшының қарауына баспасөз хатшысының қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге.
2.5. Іскерлік қажеттілікке байланысты іссапарларға бару.
2.6. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
3. Баспасөз хатшысының лауазымдық міндеттері
3.1. Өз қызметін жүзеге асыру барысында баспасөз хатшысы ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтауға және қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілі бір әрекеттерді жасаудан аулақ болуға міндетті.
3.2. Абай облысы әкімінің және Абай облысы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде ресми парақшаны жүргізуге жәрдемдеседі.
3.3. Баспасөз қызметіне жалпы басшылықты қамтамасыз етеді және баспасөз қызметіне жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады.
3.4. Баспасөз қызметінің Абай облысының мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.
3.5. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында ресми мәлімдемелер, хабарламалар, баспасөз хабарламаларын, құттықтаулар, көңіл айту және басқа да ақпараттық материалдарды дайындайды және таратады.
3.6. Әртүрлі деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен жедел байланыс жасайды, облыстың журналистік қоғамдастығымен өзара іс-қимылды жолға қою және нығайту бойынша жұмысты жүзеге асырады.
3.7. Баспасөз қызметінің жұмысын жетілдіру бойынша облыс әкімі аппаратының басшысына ұсыныстар дайындайды, облыс әкімінің қызметін жариялауға байланысты барлық ұйымдастырушылық мәселелерді шешумен айналысады.
3.8. Облыс әкімінің қызметін немесе маңызды іс-шараларды жариялауды ұйымдастыру мақсатында қызметтік іссапарларға шығады.
3.9. Облыстың қалалары мен аудандарындағы ұқсас бөлімшелерге, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне консультациялық қолдау көрсетеді, өңірлік БАҚ қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді және енгізеді.
3.10. Абай облысының жергілікті атқарушы органдарының қызметіне байланысты бұқаралық ақпарат құралдарындағы сыни материалдардың мониторингін жүргізеді.
3.11. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.
3.12. Өз құзыреттілік шегінде ақпараттық қауіпсіздік шараларын сақтайды және ақпараттық қауіпсіздік бойынша техникалық құжаттаманың талаптарын орындайды.
3.13. Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының, облыс әкімінің хаттамалық тапсырмалары, әкiм мен әкiмдiктiң актiлерi мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады, оның ішінде «Қызметтік пайдалану үшін» белгісі бар құжаттарды, қорғаныс мемлекеттік құпияларды және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
3.14. Облыс әкімінің, әкім орынбасарларының, облыстық басқармалардың қатысуымен облыстағы іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз ету бойынша бір жылға арналған медиа-жоспарды әзірлеуді және бекітуді (жоспарға өзгертулер, толықтырулар енгізеді, түзетулерді ескере отырып және т.б.) жүзеге асырады.
3.15. Жария (ақпараттық) материалдарын (нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, баспасөз релиздерін, есептерді, ресми сайттардың, онлайн-платформалардың беттері мен арналарының контентін, бұқаралық ақпарат құралдарының сауалдарына жауаптарды, депутаттық сауалдарды және т.б.) дайындау және орналастыру кезінде мемлекеттік органның атынан жария орналастыруға арналған ақпараттық материалдарды қоғамдық-саяси, ақпараттық және өзге де салдарына, мемлекет имиджіне тигізуі мүмкін залалға алдын ала бағалау жүргізуге, теріс қоғамдық резонанстың туындау тәуекелдерін анықтауға міндетті.
3.16. Жария материалды ашық қолжетімділікте орналастырғаннан кейін қоғамның пікіріне мониторинг жүргізеді. Жария материалдарды орналастыруда теріс ақпараттық резонанс туындаған жағдайда, қоғамдық резонанстың алдын алу және бәсеңдету бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының алгоритмін (Алгоритм) алдын ала дайындай отырып, оларды қайта қарау немесе жариялау бойынша шаралар қабылданады.
3.17. Қызметтік және кәсіби этика талаптарын сақтайды.
4.1 Баспасөз хатшысының жауапкершілігі
4.1.Облыс әкімі аппаратының баспасөз хатшысы облыс басшылығы алдындағы жұмысты қамтамасыз ету жөніндегі істердің жай-күйіне жауапты болады.
4.2. Баспасөз хатшысы тәртіптік және өзге де жауапкершіліктерге жауапты болады:
- Мемлекеттік қызмет туралы қолданыстағы заңнамада белгіленген шекте осы лауазымдық нұсқаулықта көзделген өзінің лауазымдық міндеттерін орындамағаны (тиісінше орындамағаны) үшін;
- өз қызметін жүзеге асыру барысында жасалған құқық бұзушылықтар үшін-қолданыстағы әкімшілік, қылмыстық және азаматтық заңнамамен белгіленген шектерде;
– материалдық залал келтіргені үшін-қолданыстағы еңбек, қылмыстық және азаматтық заңнамамен белгіленген шекте.
Жұмыс беруші сеніп тапсырған мүлікті атқаратын лауазымынан босатылған кезде, істер номенклатурасына және жоғарыда аталған міндеттерге сәйкес, аяқталған және ағымдағы жобалар бойынша қолда бар қызметтік құжаттама мен тікелей басшы айқындайтын мемлекеттік қызметшіге берілетін болады.
Таныстым______________________________________________________
«___»__________2025 ж.