Абай облысында діни ахуал тұрақты

Бүгінгі таңда облыста 7 конфессияны білдіретін 176 діни бірлестік бар (Анықтама: 142 – исламдық, 12 - православиелік, 5 - католиктік, 17 - протестанттық).

Өңірде 176 діни ғимарат бар (Анықтама: 142 - мешіт, 12 - православие шіркеуі, 5 - католик шіркеуі, 15 - протестанттық ғибадат үйі,  2 - Ехоба куәгерлерінің ғибадат үйі).

Басқарманың қарамағында «Абай облысы дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ бар.  Онда теологтар, дінтанушылар, писхологтар және заңгерлер жұмыс істейді. Орталық қызметінің негізгі мақсаты облыстағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, интернет-кеңістікті мониторингілеу, деструктивті контентті бұғаттау, радикалды діни идеологияға иммунитетті қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізу, діни бірлестіктермен жұмыс істеу.

ОҢАЛТУ ЖҰМЫСТАРЫ

Басқарма деструктивті діни ағым жақтастарын радикалсыздандыру және оңалту бойынша жұмыстарды үйлестіреді.

ҚАРСЫ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ

2024 жылы бұқаралық ақпарат құралдарында 3468 басылым жарияланды. Интернет кеңістігін мониторингілеу барысында деструктивті сипаттағы 11368 материал (сілтеме) анықталып, олар «Кибернадзор» ақпараттық жүйесіне енгізілген. «Контр» ақпараттық жүйесіне 425 түрлі форматтағы материалдар енгізіліп, оның ішінде 352 мақұлданды. «Аналитикалық интернет картасы» ақпараттық жүйесі арқылы Абай облысынан 50 438 жазылушы радикалды діни топтардың тұтынушылары екені анықталды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 218 адам радикалды ақпараты бар топтардан шығып өнделді, 345 жазушы өңделуде.

Үлестірме материалдар 7620 дана, тақырыптық мәтіні бар коммуналдық қызмет көрсету түбіртектерінің артқы жағынан – 9000 дана шығарылып таратылды. Басқарма тапсырысымен 6 бейнеролик шығарылды және 1 қысқаметражды фильм «Адасқан бала», 2 аудиожазба адам көп шоғырланатын орындарға қойылды.

2024 жылдың IV тоқсанында барлығы 612 материал жарияланды, оның ішінде: бұқаралық ақпарат құралдарында – 13, интернет-порталдарда – 599 (жергілікті пабликтерде – 190). Интернет кеңістігі бойынша жалпы жарияланған материалдар саны: Instagram – 329, Facebook – 92, ВКонтакте – 53, Youtube – 20, TikTok – 65, басқалар – 41. Интернет кеңістігін мониторингтеу барысында 1789 деструктивті сипаттағы материал (сілтеме) анықталып, республикалық «КиберНадзор» жүйесіне енгізілді. Есепті кезеңде «Контр» жүйесіне 79 түрлі форматтағы материал енгізілді.

2025 жылдың І тоқсанында жалпы 2 517 материал жарияланды, оның ішінде: бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-порталдарда орналастырылған материалдар саны – 79 (жергілікті пабликтерде – 77, республикалықтарда – 2), интернет кеңістікте (Instagram – 1 566, Facebook – 316, ВКонтакте – 160, YouTube – 56, TikTok – 72, басқа платформаларда – 426). Интернет кеңістігіне жүргізілген мониторинг нәтижесінде 2 223 деструктивті сипаттағы материалдар (сілтемелер) анықталып, республикалық «КиберНадзор» жүйесіне енгізілді. «Контр» жүйесіне 55 түрлі форматтағы материал енгізілді.

 

 

Абай облысында діни ахуал тұрақты
Дата публикации
20 мая 2025