Абай облысы әкімі аппаратының
бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі
туралы ереже
1) Абай облысының әкімі мен әкімі аппаратының қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету, облыс әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің іс жүргізуді ұйымдастыру және жетілдіру жөніндегі жұмысын үйлестіру.
2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, облыс әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларының, облыс әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуын бақылауды ұйымдастыру.
3) облыс әкімі мен аппаратының қызметін құжаттамалық қамтамасыз етуді цифрландыру және автоматтандыру процесіне қатысу, құжаттардың орындалуын бақылау.
4) әкімдіктің, облыс әкімінің актілерін есепке алуды қамтамасыз ету, актілер жобаларын ресімдеу және түпнұсқалығы мәселелері бойынша сараптамалар жүргізу.
1) облыс әкімі аппаратының бөлімдерінен, облыстық басқармалардан, аумақтық инспекциялардан, комитеттерден, департаменттерден іс жүргізу мәселелері бойынша, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппараты Кеңсесі Басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалу барысы туралы ақпарат пен басқа да материалдарды сұратуға;
2) бөлімнің қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік және өзге де ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізуге;
3) нормативтік-құқықтық және өзге де актілер жобаларының мүдделі органдармен келісілуін, мемлекеттік және ресми тілдердің түпнұсқалығын бақылауға және ол сәйкес келмеген жағдайларда тиісті жобаларды пысықтауға қайтаруға;
4) облыс әкімінің, әкім орынбасарларының, облыс әкімі аппаратының басшысының қарауын талап етпейтін мәселелер бойынша хат-хабарларды тиісті басқармаларға, мемлекеттік органдарға жіберуге және қайтаруға;
5) іс жүргізуді, құжаттардың сақталуын, аппараттың құрылымдық бөлімшелерінде істердің дұрыс ресімделуін тексеруге;
6) адресаттарға дұрыс ресімделмеген құжаттарды, сондай-ақ шешімі олардың құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша құжаттарды қайтаруға;
7) өз қызметін жүзеге асыру кезінде бөлім қызметкерлері қолданыстағы заңнаманың талаптарын және әкім аппаратының регламентін сақтауға міндетті;
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
6.Функциялары:
1) басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету жүйесін ұйымдастыруды, жүргізуді және жетілдіруді қамтамасыз ету, құжаттармен, оның ішінде «Қызметтік пайдалану» таратылуы шектеулі қызметтік ақпараттың мәліметтерін қамтитын жұмыстың белгіленген тәртібінің сақталуын бақылау;
2) Абай облысы әкімдігінің аппаратында және құрылымдық бөлімшелерінде құжаттаманы ұйымдастыруды, құжаттаманы басқаруды жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізу;
3) орындау мерзімдерін ішкі бақылауды жүзеге асыру;
4) орындаушылардың Қазақстан Республикасы заңнамасының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құжаттармен жұмыс жөніндегі талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
5) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратына, облыс басшылығына Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының басшысының, облыс әкімі мен әкімдігінің, облыс әкімі аппарат басшысының актілері мен тапсырмаларын орындау бойынша ұсынылатын құжаттардың орындалуына мониторинг және талдау;
6) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппараты Басшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілері мен тапсырмаларын орындау сапасы бойынша облыс әкімі мен әкімдігіне, облыс әкімі аппаратының басшысына қызметтік және талдамалық жазбалар дайындау;
7) анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою бойынша жедел шаралардың орындалуын және қабылдануын бақылауды ұйымдастыру мәселелері бойынша орындарда практикалық көмек көрсету;
8) әкім аппаратында электрондық құжат айналымы тәртібін және орындалуын бақылауды қамтамасыз ету және оны облыс әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінде үйлестіру;
9) құжаттардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру бойынша міндеттерді қоюға, ақпараттық технологияларды әзірлеуге, жобалауға және енгізуге қатысу;
10) облыс әкімі аппаратының бөлімдеріне, аудандар әкімдерінің аппараттарына және облыс басқармаларына құжаттандыру, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін қолдану мәселелері бойынша ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету;
11) құжаттардың түпнұсқаларын ағымдағы архивтік сақтауды ұйымдастыру және оларды мемлекеттік архивке сақтауға беру;
12) әкімдіктің, облыс әкімінің актілерін тіркеу, тарату;
13) аппарат бөлімдері мен мемлекеттік органдар дайындаған облыс әкімі мен әкімдігі актілерінің жобаларын ресімдеуге сараптаманы жүзеге асыру;
14) актілер мәтіндерінің түпнұсқалығына сараптаманы жүзеге асыру.
1) бөлімнің әрбір қызметкерінің міндеттері мен лауазымдық өкілеттіктерін айқындайды;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.