Абай облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімі туралы Ереже

Абай облысы әкімі аппаратының мемлекеттік

қызметтерді мониторингілеу бөлімі туралы

Ереже

 
1. Жалпы ережелер
 
1.Абай облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Абай облысы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2.Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 
3.Бөлімнің құрылымы, штат саны Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіппенштат санының лимиті шегінде облыс әкімі аппараты басшысының  бұйрығымен  бекітіледі.
 
 
2. Бөлімнің міндеттері, құқықтары мен жауапкершілігі 
 
4.Міндеттері: 
1)мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру;
2)мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мониторинг және бақылау;
3) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру.
5.Құқықтары:
1)осы ережеге сәйкес қызметін жүзеге асыруға құқылы;
2)осы ережеде қарастырылған қызметтерді қамтамасыз ету үшін Бөлімге тіркелген мүлікті қолдануға құқылы;
3)өз құзыры шегінде мемлекеттік органдардан толық көлемде ақпарат сұратуға және алуға;
4)қалалар мен аудандар әкімдерінің аппаратында, қалалар мен аудандар әкімдіктерінде, облыстың мемлекеттік органдарында облыс әкімінің, оның орынбасарларының және аппарат басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалуына кешенді тексерулер жүргізуді ұйымдастыруға және қатысуға құқылы; 
5)мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті қосымша ақпарат алуға тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салуға құқылы;
6)Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқылы;
7)қолданыстағы заңнама талаптарын және iшкi еңбек тәртiбi ережелерiн сақтауға міндетті;
8)мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша мемлекеттік қызметті алушылардың өтініштерін қарауға міндетті;
9)мемлекеттік қызметтерді алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдауға міндетті;
10)мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органмен, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен, жергілікті өкілетті және атқарушы органдармен, үкіметтік емес бірлестіктермен өзара әрекет етуге міндетті;
11)Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте және мерзімдерде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпарат, сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша ақпарат ұсынуға міндетті. 
6. Функциялары:
1)мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар мен аймақтағы қызмет берушілердің қызметін үйлестіру;
2)мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарға  әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету;
3)мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мәселелері бойынша іс-шаралар өткізу (кеңестер, семинарлар, дөңгелек үстел және т.б);
4)көрсетілетін қызметті берушілер мен жергілікті халықты «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы, «электронды үкімет» порталының сервистері арқылы қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру бойынша кешенді іс-шаралар жүргізу (сайттардағы ақпарат, мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі және басқалар); 
5)«Мемлекеттік аппаратты жаңғырту» (азаматтардың қажеттіліктері негізінде проактивті мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге көшу), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және мемлекеттік орган қызметінің аясын/саласын/өңірін цифрландыру» жобалық қызметі саласындағы функцияларды жүзеге асыру аясында мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге реинженирингті жүзеге асыру; 
6)мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыс әкімінің, әкімдігінің актілерінің орындалуын қамтамасыз ету; 
7)жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді анықтау және/немесе алып тастау бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына талдау жүргізу және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар дайындау; 
8)мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің болуына, оларды жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурстарына орналастыру мерзімдерінің сақталуына талдау жүргізу;
9)мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді өзектендіру қажеттілігіне талдау жүргізу;
10)Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына мемлекеттік бақылау (бақылау іс-шараларын) жүргізу; 
11)«Мониторинг» ақпараттық жүйесі арқылы жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылуына профилактикалық бақылауды жүзеге асыру;
12)мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамалары талаптарының сақталуына талдау жүргізу; 
13)мемлекеттік қызметтер көрсетілетін орындарда, «электрондық үкімет» веб-порталында, мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тәртібі туралы ақпараттың өзектілігіне талдау жүргізу;
14)мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру және автоматтандыру бойынша талдау жүргізу;
15)Қазақстан Республикасы заңдарында, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерде көзделмеген негіздер бойынша бірінші және екінші санаттағы рұқсатты беру кезінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту, көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды не мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларымен реттелмеген құжаттарды талап ету фактілерін анықтау;
16)мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайдың болуына талдау жүргізу;
17)мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне талдау жүргізу;
18)мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету кезеңі туралы деректердің енгізілуіне талдау жүргізу;
19)мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг қорытындыларына талдау жүргізу;
20)мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдігіне ішкі талдау жүргізу;
21)Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерімен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру. 
 
 
3.Бөлімнің қызметін ұйымдастыру 
 
7.Бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие. 
8.Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.
9.Бөлім басшысы Бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
10.Бөлім басшысы аппарат басшысына Бөлімнің құрылымы және штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді. 
11.Бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша Бөлім атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жолданатын құжаттарға Бөлім басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны ауыстыратын тұлға қол қояды. 

 

Абай облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімі туралы Ереже
Дата публикации
30 апреля 2025