Мемлекеттік – құқықтық бөлім туралы
Ереже
1) мемлекеттiк органның қызметiнде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;
2) әзірленетін құқықтық актілер жобаларының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін қамтамасыз ету;
3) мемлекеттiк оpгандардың заңнаманы қолдану практикасын қорыту;
4) мемлекеттік органның құзіретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын түсiндiру, мемлекеттiк органда құқықтық насихаттауды ұйымдастыру;
5) нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, процестік құжаттардың, және құқықтық сипаттағы өзге де құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу.
1) осы ереженің 9-тармағына сәйкес мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінен өз функцияларын орындауға қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұрату;
2) мемлекеттік органның құқықтық мәселелер жөніндегі құқықтық актілері мен өзге де құжаттарының жобаларын әзірлеу, сондай-ақ құқықтық насихаттау жөніндегі іс-шараларды іске асыру үшін басқа құрылымдық бөлімшелерді тарту;
3) біліктілікті арттыру курстарынан және (немесе) әділет органдарында, сондай-ақ жоғары тұрған органдардың заң қызметтерінде тағылымдамадан өту арқылы өз қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру;
4) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына норма шығармашылық қызметтің қызығушылық танытатын мәселелері бойынша дәрістер мен семинарлар өткізу туралы ұсыныстар енгізу;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қосымша материалдық ынталандыру алу.
Бөлімнің міндеттемелері:
1) мемлекеттiк орган қызметiнiң құқықтық мәселелерiн қарау кезiнде сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органның мүдделерiн бiлдiру;
2) мемлекеттік орган әзірлейтін құқықтық актілердің, шарттардың, процестік құжаттарың және құқықтық сипаттағы өзге де құжаттардың жобаларын әзірлеуге, оның ішінде оларды мемлекеттік органның басқа да құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу арқылы әзірлеуге қатысу;
3) құқықтық актілердің жобаларын әзірлеумен айналысатын құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері үшін тоқсан сайын тағылымдамалар мен семинарлар өткізу;
4) заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөніндегі шаралардың қабылдануын қамтамасыз ету.
1) мемлекеттік органның бірінші басшысының тапсырмасы бойынша құқықтық актілердің жобаларын және құқықтық сипаттағы өзге құжаттарды, соның ішінде құқықтық насихаттау бойынша жыл сайынғы іс-шаралар жоспарларын әзірлеу;
2) мемлекеттік орган қызметінің мәселелері бойынша құқықтық актілерге түсіндірме беру;
3) мемлекеттік орган әзірлеген және қабылдаған нормативтік құқықтық актілерді жүйелі есепке алуды ұйымдастыру;
4) жартыжылдықтың қорытындысы бойынша мемлекеттік органның норма шығармашылық қызметіне, оның ішінде құқықтық актілердің жобаларын қарау нәтижелері бойынша әділет органдарының ескертулеріне талдау жасау, және оның нәтижелерін:
норма шығармашылық қызметті жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстармен бірге жоғары тұрған басшыны;
қабылданған шаралармен бірге әділет органын хабардар ету;
5) тиісті сот талқылауына алып келген негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында мемлекеттік органның қатысуымен даулар бойынша талап қою жұмысының, сот практикасының жай-күйін жартыжылдықта бір реттен сиретпей талдау жүргізу және мемлекеттік органның бірінші басшысына немесе мемлекеттік органның аппарат басшысына оларды жою және кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізу;
6) мемлекеттік органда құқықтық мониторинг жүргізу жұмысын үйлестіру;
7) заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда, барлық сот сатыларында мемлекеттік органның пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөнінде уақтылы шаралар қабылдау, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына наразылық келтіру туралы өтінішхатпен жүгіну;
8) Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 434-бабының бірінші бөлігінде көзделген сот шешіміне апелляциялық шағым жасау құқығын немесе сот актілеріне дау айту туралы өтінішхат беру құқығын келісу туралы сұрау салуды қарау және осы ережеге қоса берілетін алгоритмді сақтай отырып, тиісті лауазымды адамға ұстанымды енгізу.
Бөлімге осы ережеде және заңнамалық актілерде көзделмеген функцияларды жүктеуге жол берілмейді.
Бөлімге жалпы басшылық жасайды және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады;
мемлекеттік органның басшылығына Бөлімнің құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстар береді;
Мемлекеттік – құқықтық бөлім
туралы ережеге
қосымша
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 434-бабының бірінші бөлігінде көзделген сот шешіміне апелляциялық шағым жасау құқығын немесе сот актілеріне дау айту туралы өтінішхат беру құқығын келісу туралы сұрау салуды қарау алгоритмі
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 434-бабының бірінші бөлігінде көзделген сот шешіміне апелляциялық шағым жасау құқығын немесе сот актілеріне дау айту туралы өтінішхат беру құқығын міндетті түрде келісу (бұдан әрі – келісу) мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) Абай облысының әкімдігі құрған жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар осы алгоритмнің жетінші бөлігіне сәйкес облыстың тиісті әкімдерімен немесе өзге адаммен келісуді жүзеге асырады;
2) аудан әкімдері облыстың тиісті әкімдерімен келісуді жүзеге асырады;
3) ауылдық округтің, кенттің және ауылдық округтің құрамына кірмейтін ауылдың әкімдері тиісті аудан әкімімен келісуді жүзеге асырады.
Облыс әкімімен сот актілеріне апелляциялық шағым немесе дау айту туралы өтінішхат берген жағдайда, келісу жөніндегі талаптар қолданылмайды.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 434-бабының бірінші бөлігінде көзделген сот шешіміне апелляциялық шағым жасау құқығын немесе сот актілеріне дау айту туралы өтінішхат беру құқығын келісу туралы сұрау салу (бұдан әрі – сұрау салу) тиісті орган басшысының қолы қойылған жазбаша нысанда жіберіледі.
Сұрау салуға Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің талаптарына сәйкес ресімделген апелляциялық шағымның немесе сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхаттың жобасы қоса беріледі.
Сұрау салу Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде белгіленген апелляциялық шағым немесе сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхат беру мерзімдері өткенге дейін он жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.
Сұрау салуды Бөлімнің немесе келісуші органның өзге құрылымдық бөлімшесі сот актісіне шағым жасау жөніндегі заңнамада көзделген негіздердің болуы тұрғысынан қарайды. Бөлім немесе келісуші органның өзге құрылымдық бөлімшесі осы алгоритмнің жетінші бөлігіне сәйкес сот шешіміне апелляциялық немесе кассациялық шағым жасау құқығын келісу немесе мұндай келісуден бас тарту туралы ұсынысты келісуші органның басшысына немесе өзге тұлғаға енгізеді.
Келісу туралы шешімдерді келісуші органның басшысы қабылдайды.
Келісу немесе келісуден бас тарту туралы шешімді қабылдау жөніндегі өкілеттік келісуші орган басшысының орынбасарларына, аппарат басшыларына және (немесе) заң қызметі басшысына осындай орган басшысының тиісті шешімімен жүктелуі мүмкін.
Келісу немесе келісуден бас тарту туралы шешім қабылдау жөніндегі өкілеттіктер жүктелген тұлға сұрау салу түскен күннен бастап жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тиісті шешім қабылдайды.
Келісу немесе келісуден бас тарту туралы шешім сұрау салуды жіберген органға осындай шешімді қабылдау жөніндегі өкілеттіктер жүктелген адамның қолы қойылған жазбаша нысанда жіберіледі.