Абай облысы әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметі туралы ЕРЕЖЕ

    1. Жалпы ережелер
    2. Абай облысы әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (бұдан әрі – кадр қызметі) «Абай облысы әкімінің аппараты» ММ құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

             Кадр қызметі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңын (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы үлгілік ережені, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның актілерін,  өзге  нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

    1. Кадр қызметі:

    Бөлім басшысы – 1 бірлік.

    Бас инспектор – 3 бірлік.

    Бас маман – 6 бірлігінен тұрады.

    Кадр қызметінің құрылымын және штат санын мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы штат санының лимиті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітеді.

     

    1. Кадр қызметінің
      негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

     

    1. Кадр қызметінің міндеті – мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру.

          Функциялары:

          1) мемлекеттік органның персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру;

          2) мемлекеттік органның кадрларға, оның ішінде мамандықтар және біліктіліктер бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау;

         3) мемлекеттік органның кадр құрамын қалыптастыру және конкурстық іріктеуді ұйымдастыру;

          4) мемлекеттік органның кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізуді, соның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасында (ақпараттық жүйесінде) арқылы жүргізу.

    1. Кадр қызметінің міндеті – мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік және келісімшарттық қызметті өткеруді қамтамасыз ету.

          Функциялар:

          1) мемлекеттік органда кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру;

          2) мемлекеттік органның кадрларының кәсіби дамыу, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығына сәйкес тағлымдамалардан, даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру жолымен қамтамасыз ету;

          3) конкурстық, тәртіптік, аттестаттау және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

          4) мемлекеттік қызметке кіру, мемлекеттік қызметті өткеру және тоқтату рәсімдерін сақтауды қамтамасыз ету, қызметтік тексерістерді жүргізу, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау, аттестаттау және оқыту жүргізу, соның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасында (ақпараттық жүйесінде);

          5) кадрларды іріктеуді ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін есепке алуды жүзеге асыру, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалауды жүргізуді ұйымдастыру;

          6) келісімшарттық қызметшілерді іріктеуді және олармен келісімшарт жасасу, өзгерістер енгізу және бұзу процесстерін ұйымдастыру.

    1. Кадр қызметінің міндеті – мемлекеттік органда ұжымдық мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек ахуалын дамыту.

          Функциялары:

          1) мемлекеттік органда еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді қамтамасыз ету;

          2) мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуді қолдану тәртібін әзірлеу.

    1. Кадр қызметі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаменайқындалатын персоналды басқару бойынша өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады.

          Кадр қызметіне оның қызметіне тән емес қосымша міндеттер мен функциялар жүктелмейді.

    1. Кадр қызметі Заңға, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның актілеріне сәйкес өзінің міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
    2. Кадр қызметі:

          1) оған Заңмен және Үлгілік ережемен жүктелген міндеттері мен функцияларын орындау үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерінен сұратады және алады;

          2) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен және оның аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды.

    1. Кадр қызметі мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерінен ұйымдастырушылық дербес, аппарат басшысына, ал аппарат басшысы лауазымы енгізілмеген мемлекеттік органдарда мемлекеттік органның басшысына тікелей бағынады.

     

    1. Кадр қызметінің қызметін ұйымдастыру
    2. Кадр қызметі мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерінен ұйымдық тұрғыдан дербес, облыс әкімі аппаратының басшысына тікелей бағынады.
    3. Кадр қызметін облыс әкімі аппаратының басшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын басшы басқарады.
    4. Кадр қызметінің басшысы кадр қызметінің жұмысын жалпы басқаруды жүзеге асырады және кадр қызметіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
    5. Кадр қызметінің басшысы аппарат басшысына кадр қызметінің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.
    6. Кадр қызметінің басшысы осы мақсаттарда;

    1) кадр қызметінің әрбір қызметкерінің міндеттері мен лауазымдық өкілеттіктерін айқындайды.

    2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

    1. Кадр қызметінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кадр қызметі атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға кадр қызметінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды.

     

Абай облысы әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметі туралы ЕРЕЖЕ
Дата публикации
30 апреля 2025