Абай облысында жергілікті атқарушы органдармен мемлкеттік қызметтерді 13 басқарма және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары, 12 қалалар мен аудандардың әкімдіктері, оның ішінде дербес бөлімдер, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары, ауылдар, кенттер, ауылдықокругтер әкімдерінің аппараттары көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес жергілікті атқарушы органдар 181 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Оның ішінде Абай облысының қалалары мен аудандарының әкімдіктері мемлекеттік қызметтің 62 түрін, Абай облысының әкімдігінің басқармалары 77 түрін, ведомстволық бағынысты ұйымдары (мансаптық орталықтар, балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, барлық түрдегі мектепке дейінгі ұйымдар, медициналық ұйымдар) 42 қызмет түрін көрсетеді.
2024 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша Абай облысының жергілікті атқарушы органдарымен 7 млн.112-ден астам мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде электрондық түрде көрсетілген қызметтердің үлесі шамамен 99% немесе 7 029 317 қызметті құрайды, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1% - ға жоғары (98%).
Анықтама:
2024 жылы барлығы 7 112 786 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Қағаз түрінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы – 64 719 қызмет көрсетілді (0,8%). Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсетілді – 3 373 қызмет (0%). «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (ХҚКО) арқылы – 15 377 (0,2%). «Электрондық үкімет» порталы арқылы – 7 029 317 қызмет (99%).
Абай облысы бойынша 2024 жылы жергілікті атқарушы органдар (облыс әкімінің аппараты, қалалар, аудандар әкімдері, мемлекеттік қызмет көрсететін ведомстволық бағынысты ұйымдары бар облыстық басқармалар) 110 бақылау іс-шарасын өткізді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 18 бақылау іс-шарасына (92 бақылау іс-шарасы) артық.
Өткізілген іс-шаралардың нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарын 1713 бұзушылық анықталды.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу – 1;
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің бизнес – процестерін бұзу – 1 604;
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартында көзделмеген «артық құжаттарды талап ету» – 32;
«Толық емес» құжаттар топтамасы кезінде мемлекеттік қызметтер көрсету – 25; Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесін сақтамау – 6.
Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімімен ағымдағы жылдың 12 айында 11 тексеру шарасы өткізілді. 1385 бұзушылық анықталды. Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша 206 ұсыныс жолданды. Оның ішінде бүгінгі күні барлық ұсыныстар орындалды.
2024 жылы Абай облысының жергілікті атқарушы органдарымен 1 168 түсіндіру іс-шарасы өткізілді, халықты қамту – 375 мың адамды құрады
«Жаңа өмір» және «Жұлдыз» газеттерінде 4 жарияланым, «Abai eli» газетінде 13 мақала. Абай облысының жергілікті атқарушы органдарының әлеуметтік желілерінің беттерінде (Facebook, Instagram), ақпараттық ресурстардың бірыңғай порталының сайттарында 1 121 жарияланым, 20 түсіндіру жұмыс (жиналыстар, кездесулер), Egov.kz. мемлекеттік қызметтерді портал арқылы электрондық түрде алу мәселелері бойынша 10 түсініктеме өткізілді.
2024 жылы Абай облысының жергілікті атқарушы органдарының 9 маманы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Абай облысындағы облыстық филиалында біліктілігін арттырудан өтті.
Облыс әкімдігі «Электрондық үкімет» порталының сервистері (ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын, мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін өткізу, БАҚ-та жариялау және т.б.) арқылы электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді алуды танымал ету жөнінде тұрақты негізде шаралар қабылдауда.
Облыс бойынша өзіне-өзі қызмет көрсетудің 275 бұрышы жұмыс істейді.
270 000 мыңнан астам электрондық қызмет көрсетілді. Бұрыштардағы консультанттар "электрондық үкімет" порталының сервистері, Egov Mobile мобильдік қосымшалары, @EgovKzBot2.0 телеграмма-боты және онлайн режимде ЭЦҚ ресімдеу арқылы электрондық қызметтерді өз бетінше алу бойынша халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Облыс бойынша өзіне-өзі қызмет көрсетудің 275 бұрышы жұмыс істейді. 270 000 мыңнан астам электрондық қызмет көрсетілді. Бұрыштардағы консультанттар «электрондық үкімет» порталының сервистері, Egov Mobile мобильдік қосымшалары, @EgovKzBot2.0 телеграмма-боты және онлайн режимде ЭЦҚ ресімдеу арқылы электрондық қызметтерді өз бетінше алу бойынша халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
2024 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілді. Әлеуметтанулық зерттеу барысында мемлекеттік қызметтің 70 түрі бойынша 12 мыңнан астам респондент сұралды. Қоғамдық мониторинг көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына, қолжетімділігіне және рәсімдеріне қанағаттану деңгейін айқындау, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде проблемалық мәселелерді анықтау мақсатында жүргізіледі. Қоғамдық мониторинг қорытындысы бойынша Абай облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызмет көрсетуге қанағаттану деңгейі 70,6% - құрады.