"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
С. Омаров |
Жүктеу
|
"КЕЛІСІЛДІ" |
"КЕЛІСІЛДІ" |
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 2 қазаны № 302 бұйрығымен бекітілген |
1. Осы Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – ведомствоның аумақтық бөлімшелері) – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана) орналасқан аумақтық бөлімшелер;
2) ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті;
3) лицензия – жеке немесе заңды тұлғаға қауіптіліктің жоғары деңгейіне байланысты лицензияланатын қызмет түрін не лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрін жүзеге асыруға лицензиар беретін бірінші санаттағы рұқсат;
4) лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі – бір лицензия аясында тиісті лицензияланатын қызмет түрін нақтылау;
5) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
6) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде электрондық нысанда көрсетілетін төлемдерді жүргізу туралы ақпарат беру процестерін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;
7) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
3. Ветеринария саласында лицензиялауға мынадай қызмет түрлері жатады:
1) ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру жөніндегі қызмет;
2) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарға ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызмет.
4. "Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет):
1) ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беруді – ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші);
2) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беруді – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
5. "Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық құжаттарды портал арқылы тапсырған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, ветеринариялық-санитариялық қорытынды туралы, лицензия туралы, бюджетке лицензиялық алымның төленгені (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Портал мен ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.01.2023 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің жұмыскері Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды келіп түскен күні қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және оларды жауапты жұмыскерді тағайындалатын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.01.2023 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
7. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері құжаттар тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/69 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10898 болып тіркелген) бекітілген Ветеринария саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және олардың сәйкестіктігін растайтын құжаттардың тізбесіне (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды алу үшін портал арқылы ведомствоның тиісті аумақтық бөлімшесіне сұраным жібереді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.01.2023 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8. Ведомствоның аумақтық бөлімшесінің жұмыскері және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері сұраным келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігіне рұқсат беру бақылауын жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы еркін нысанда қорытынды жасайды.
Көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытындыға ведомствоның аумақтық бөлімшесінің жұмыскері және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері және көрсетілетін қызметті алушы қол қояды және ведомствоның аумақтық бөлімшесі басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.01.2023 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9. Көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды алынған сәттен бастап көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік лицензияны және (немесе) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік лицензияға қосымшаны ресімдейді.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері көрсетілетін қызметті алушыны лицензияға қосымшаны беруден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін лицензияны және (немесе) тыңдалым өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Тыңдалым рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес өткізіледі.
Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру туралы не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Мемлекеттік лицензия және (немесе) мемлекеттік лицензияға қосымша немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.01.2023 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаларды беру кезінде мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.
11. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер Тізбенің 9-тармағында көрсетілген.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.01.2023 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
12. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердіі енгізілуін қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.