1.1. Абай облысы әкімдігінің хатшылығы (бұдан әрі – әкімдіктің хатшылығы) «Абай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
1.2. Әкімдіктің хатшылығы өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік-құқықтық актілерін, осы Ережені басшылыққа алады.
1.3. Әкімдік хатшылығының құрылымын және штат санын
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Абай облысы әкімі аппаратының басшысы бекітеді.
2.1. Әкімдік хатшылығының міндеттері: облыс әкімі орынбасарларының, аппарат басшысының қызметін ұйымдастырушылық, ақпараттық-талдамалық, құжаттамалық және консультациялық сүйемелдеу.
3.1. Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінің және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің орындалуын қамтамасыз ету.
3.2. Әкімдік хатшылығына жүктелген мақсаттар мен міндеттерді орындау.
3.3. Абай облысы әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысының қызметін ұйымдастыру, ақпараттық-талдамалық, құжаттамалық және консультациялық сүйемелдеу.
3.4. Абай облысы әкімі орынбасарлары мен аппарат басшысының атына келіп түсетін материалдар мен құжаттарды тиісті шешімдердің толықтығы, өзектілігі, баяндалуының, орындалуының дұрыстығы, жобаларын (резолюция) дайындау тұрғысынан талдау және жүйелеу.
3.5. Облыс әкімі орынбасарлары мен аппарат басшысының баяндамалары мен есептерінің жобаларын дайындауға қатысу.
3.6. Өткізілген кеңестердің, кездесулердің, азаматтардың жеке қабылдауларының қорытындысы бойынша әкім орынбасарлары мен облыс әкімі аппараты басшысының шешімдерінің (хаттамасының және т.б.) жобасын дайындау.
3.7. Әкім орынбасарлары мен облыс әкімі аппараты басшысының төрағалығымен өткен отырыстарға, кеңестерге, кездесулерге, жұмыс сапарларына және т. б. құжаттарды дайындау.
3.8. Абай облысы әкімінің орынбасарларының, аппарат басшысының азаматтарды жеке қабылдауын ұйымдастыру: қабылдау барысында қабылданған шешімді не тапсырманы көрсете отырып, оларды орындаудың нақты мерзімдерін көрсете отырып, хаттамадан үзінді көшірмені одан әрі бақылау үшін ЭҚАБЖ жүйесіне (электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі) салу.
3.9. Облыстық басқармалардың қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу.
3.10. Абай облысы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру.
3.11. Өз құзыреті шегінде халықаралық, республикалық және облыстық іс-шараларды, конференцияларды, форумдарды, кеңестерді, семинарларды, спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шараларды үйлестіру мен дайындауға және өткізуге қатысу.
3.12. Әкім орынбасарларының және Абай облыс әкімі аппараты басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының міндеттері мен мақсаттарының орындалуына талдау және мониторинг жүргізу.
3.13. Өтініштер мен хат-хабарларды (жоғары тұрған адамдардың тапсырмалары, қызметтік хат-хабарлар, сұрау салулар), оның ішінде ҚБП белгісі бар құжаттарды (құпиялылық режимін, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауды ескере отырып) ақпараттық жүйелер және өзге де тыйым салынбаған көздер арқылы Абай облысы әкімінің орынбасарына келіп түсетін құжатқа тиісті бұрыштама енгізе отырып, уақтылы қарау.
3.14. Әкімдік хатшылығына жүктелген өзге де функцияларды орындау.
4.1. Белгіленген тәртіппен Абай облысы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, мекемелерден әкім хатшылығының мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті материалдар мен ақпаратты сұратуға және алуға.
4.2. Абай облысы әкімінің, әкім орынбасарларының және әкім аппараты басшысының атына Абай облысы мемлекеттік органдарының қызметін жетілдіру жөнінде талдамалық анықтамалар, қызметтік жазбалар енгізу.
4.3. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың басшыларын Мемлекет басшысының, әкімнің, облыс әкімінің орынбасарының, аппарат басшысының актілері мен тапсырмаларын, оларға жүктелген міндеттер мен функцияларды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы ұсыныстар енгізу.
4.4. Облыс әкімі орынбасарлары мен аппарат басшысының шешімдерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру.
4.5. Функцияларға сәйкес хатшылыққа жүктелген басқа да міндеттерді орындау.
4.6. Қолданыстағы заңнаманың, осы Ереженің талаптарын сақтау.
5.1. Әкімдік хатшылығының заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтары мен міндеттері болады.
5.2. Әкімдік хатшылығын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен облыс әкімі аппараты басшысының бұйрығымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.
5.3. Әкімдік хатшылығының басшысы хатшылықтың қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және хатшылыққа жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
5.4. Әкімдік хатшылығының басшысы функционалдық міндеттерін айқындайды, хатшылық қызметкерлерін (кураторларын) бекітуді бөледі және әкім хатшылығының қызметкерлеріне міндеттерді бекітеді, тиісті атқарушылық және еңбек тәртібін, іс қағаздарын дұрыс жүргізуді қамтамасыз етеді.
5.5. Әкімдік хатшылығының басшысы бөлімнің іс жүргізуіндегі мемлекеттік құпияның, құпия және қызметтік сипаттағы құжаттардың сақталуына дербес жауапты болады.
5.6. Әкімдік хатшылығының басшысы мемлекеттік органның басшылығына бөлімнің құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстар береді.
5.7. Басшы болмаған кезеңде хатшылыққа жалпы басшылық бас инспекторлардың біріне жүктеледі.
5.8. Хатшылықтың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әкімдік хатшылығының атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға бөлім басшысы, ал болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.