Абай облысы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

    1. Жалпы ережелер

     

    1. Қаржы-шаруашылық бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
    2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, өзге де нормативтік құқықтық  актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
    3. Бөлімнің құрылымы, штат саны Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде облыс әкімі аппараты басшысының бұйрығымен бекітіледі.

     

    1. Бөлімнің негізгі мақсаттары, функциялары,

                                        құқықтары мен міндеттері

     

    1. Мақсаты:

    Облыс әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық қызметінің

    бухгалтерлік есебін ұйымдастыру.

    Облыс әкімі аппаратының қызметіне қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру.

    1. Құқықтары мен міндеттері:

    Негізгі міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында Бөлім өз құзыреті шегінде:  

    1) өз міндеттерін орындау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінен сұратуға;

    2) белгіленген тәртіппен облыстық басқармалардан және басқа да мемлекеттік органдардан бөлімде қаралып жатқан мәселелерге қатысты құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;

    3) Бөлімнің құзыретіне кіретін міндеттерді орындауды ұйымдастыру бойынша ұсыныстарды басшының және оның орынбасарларының қарауына енгізуге;

    4) ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларынан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүліктің сақталуын қамтамасыз ету және бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдауды талап етуге;

    5) өз құзыретіне кіретін мәселелерді талқылауға қатысуға;

    6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

               Өз қызметін жүзеге асыру кезінде Бөлім қызметкерлері қолданыстағы заңнама талаптарын және ішкі еңбек тәртібі ережесін сақтауға міндетті.

    1. Функциялары:
    • облыс әкімі  мен аппаратының  жұмысын  қаржылық,   шаруашылық

    қамтамасыз ету мәселелерінде облыс әкімі аппаратының қызметін жүзеге асыру;

             2) облыс әкімі аппаратының қызметін бюджеттік жоспарлау, бюджет жобасын, шығыстар сметасын әзірлеу және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру, облыс әкімі аппаратының қызметін қаржылық қамтамасыз ету;

             3) облыс әкімі мен әкім аппаратының қызметін қамтамасыз етуге, ғимараттарды, автогаражды, телекоммуникацияларды күтіп ұстау және қызмет көрсетуге, ақпараттық жүйелерді, жабдықтарды, негізгі құралдарды, құрал-жабдықты сүйемелдеуге және облыс әкімінің аппаратын көлік құралымен қамтамасыз етуге байланысты бухгалтерлік есепті, операцияларды жүргізу;

             4) тиісті қаржы жылына арналған төлемдер мен міндеттемелер бойынша жеке және қаржыландыру жоспарларымен бекітілген сомалар және жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарының базалық шығыстары шегінде міндеттемелер қабылдауды жүзеге асыру;

    5) белгіленген тәртіппен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, жеке қаржыландыру жоспарларына сәйкес қаражаттың дұрыс, тиімді және мақсатты жұмсалуын бақылау;

    6) қаржылық қызметті және штаттық тәртіпті қатаң сақтау, бюджеттік қаражатты ұқыпты және үнемді жұмсау;

    7) жалақыны және басқа да ақшалай төлемдерді дұрыс есептеуді және белгіленген мерзімде төлеуді қамтамасыз ету, салықтар мен бюджетке міндетті төлемдерді уақтылы аудару;

    8) аппарат активтерінің, қорларының және басқа да материалдық құндылықтарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

    9) шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау және оларды белгіленген тәртіппен тиісті органдарға ұсыну;

    10) аппарат балансындағы ақшалай қаражатты түгендеуді, материалдық құндылықтарды есептеуді жүргізуге қатысады, түгендеу нәтижелерін уақтылы және дұрыс анықтауды және оларды есепте көрсетуді қамтамасыз етеді;

    11) ұзақ мерзімді активтер мен басқа да материалдық құндылықтардың оларды сақтау және пайдалану орындарында сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

    12) аппарат қызметшілері мен жұмыскерлерін олардың қызметін жүзеге асыру үшін қажетті материалдық құралдармен қамтамасыз ету;

    13) бастапқы құжаттарды, қағаз және электрондық жеткізгіштердегі бухгалтерлік есеп тіркелімдерін, есептілікті, электрондық өңдеу бағдарламаларын, оларға есептерді, басқа да құжаттарды сақтау, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен архивке тапсыру.

    14) мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу және бекіту, сондай-ақ бекітілген мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

    15) қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес белгіленген мерзімдерде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;

    16) белгіленген мерзімдерде өткізілген конкурстық рәсімдерге сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жеткізуге шарттар жасау және қол қою;

    17) мемлекеттік сатып алу бойынша шарттардың орындалуын бақылау.

     

     

    1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

     

    1. Бөлімнің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктері болады.
    2. Бөлімді аппарат басшысының бұйрығымен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын басшы басқарады.
    3. Бөлім басшысы Бөлімнің қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
    4. Бөлім басшысы басшылыққа Бөлімнің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.
    5. Бөлім басшысы осы мақсаттарда:

    1) Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

    2) Бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыратын және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапты болатын бөлім мамандары қатарынан ол болмаған кезеңде кандидатура ұсынады;

    3) Қазақстан Республикасының заңдарымен мен Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

    1. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бөлім атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға бөлім басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды.
Абай облысы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімі туралы ЕРЕЖЕ
Дата публикации
21 января 2025