Мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің ережесі

1 тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздік бөлімі (МҚҚАҚБ) «Абай облысы әкімінің аппараты» ММ құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Өздерінің іс-тәжірибелік қызметінде МҚҚАҚБ «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы № 349 – 1ЗРК Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 776қбп қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты» (бұдан әрі-Нұсқаулық) және мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы қатынастарды реттейтін басқа да нормативтік-құқықтық актілерді және осы Ережені басшылыққа алады.
  3. МҚҚАҚБ құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде әкім аппаратының басшысы бекітеді.

 

 

2 тарау. Бөлімнің мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі міндеттері, құқықтары

 

  1. Міндеттер

1) адамдардың құпия мәліметтерге негізсіз кіруіне және қол жеткізуіне жол бермеу;

2) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің ағып кетуінің ықтимал арналарын анықтау және жою, оларды техникалық қорғауды ұйымдастыру;

3) халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру кезінде мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету:

4) құпия жұмыстардың барлық түрлерін жүргізу кезінде құпиялылық режимін қамтамасыз ету;

5) құпия іс жүргізуді ұйымдастыру;

6) ақпараттық қауіпсіздік.

 

  1. Құқықтар мен міндеттер:

1) облыс әкімі аппаратының, басқармалардың, ведомстволық бағынысты әкімдіктердің барлық құпия тасымалдаушыларынан Нұсқаулықтың және құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі басқа да нормативтік-құқықтық құжаттардың талаптарын дәл орындауды талап етуге міндетті;

2) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу үшін қажетті материалдарды сұратуға және алуға;

3) мемлекеттік құпияларды қорғау мәселелері бойынша ұйымдастырушылық және өкімдік құжаттардың жобаларын әзірлеуге;

4) әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінде, сондай-ақ бағынысты ведомстволық бағынысты әкімдіктер мен ұйымдарда олардың мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі талаптарды орындауы бөлігінде құпиялылық режимінің қамтамасыз етілуін бақылауды (тексеруді) жүзеге асыруға міндетті;

5) облыс әкімі аппаратының, басқармалардың және ведомстволық бағынысты әкімдіктердің құпия мәліметтерді жария ету, құпия құжаттардың жоғалуы және құпиялылық режимінің басқа да бұзушылықтары фактілері бойынша жазбаша түсініктемелер талап етуге міндетті;

6) қажетті жағдайлар болмаған немесе құпиялылық режимін өрескел бұзушылықтар анықталған кезде құпия жұмыстарды жүргізуге тыйым салу туралы ұсыныстар енгізуге;

7) шетелдіктердің кездесуіне жауапты құрылымдық бөлімшелерден құпиялылық режимін сақтауды және өткізілген кездесулер туралы есептерді ұсынуды талап етуге міндетті.

8) нұсқаулыққа сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

 

  1. Функциялар

Функциялар Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтың 2-бөліміне сәйкес айқындалған.

 

3-тарау. Мемлекеттік құпияларды қорғау және

ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің қызметін ұйымдастыру

 

  1. МҚҚАҚБ заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтар мен міндеттерге ие;
  2. МҚҚАҚБ әкім аппаратының басшысы қызметке тағайындайтын және қызметке босататын бөлім басшысы басқарады;
  3. МҚҚАҚБ басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады;
  4. Бөлім басшысы аппарат басшысына бөлімнің құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстар береді;
  5. МҚҚАҚБ атынан құрылымдық бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Бөлім басшысы, ал болмаған жағдайда оны алмастыратын тұлға қол қояды.

 

 

 

 

 

Мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің ережесі
Дата публикации
21 января 2025