Абай облысында 2024 жылғы 4 – тоқсанда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы ақпарат

Абай облысында 2024 жылғы 4 – тоқсанда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына іс-шаралары жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында жергілікті атқарушы органдармен 29 бақылау іс-шарасын өткізді.

         Бақылау іс – шаралары объектілерінің саны - 29, оның ішінде:

         Жергілікті атқарушы органдар – 18, оның ішінде:

         Ведомстволық бағынысты - 11.

         Анықталған бұзушылықтар саны – 98, оның ішінде:

  • Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделген жұмыс кестесін сақтамау фактілері - 1;
  • Мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімдерін (бизнес-процестерін) бұзу фактілері - 88;
  • Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзу фактілері - 9.

Жүргізілген бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды, оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, мемлекеттік қызметтер көрсетудің ішкі рәсімдерін жақсарту жөнінде 27 ұсыным әзірленді.

Абай облысында 2024 жылғы 4 – тоқсанда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы ақпарат
Дата публикации
21 января 2025