Абай облысы бойынша инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулын іске асыру туралы

Абай облысында 2029 жылға дейін инвестициялық жобалар пулы қалыптастырылып, 8 мың жұмыс орнын құра отырып, жалпы сомасы 2,3 трлн теңгеге іске асыру әлеуеті жоғары 25 жобаға дейін ұлғайтылды.

1) цемент қаптамасының үшінші желісін сатып алу (құны-678 млн теңге);

2) фиброцементті қасбеттік плиталарды дайындау үшін өндірістік желіні енгізу (құны-1,5 млрд теңге);

3) қонақ үйлерді салу (құны-500 млн теңге);

4) автокөлік құралдарын пайдаланудан туындаған қалдықтарды қайта өңдеу кешенін кезең-кезеңімен салу және дайын өнім шығару (құны-2,3 млрд теңге);

5) 1360 гектар аумақта суғару жүйелерін салу                              (17 жаңбырлатқыш машинаны орнату), (құны-1,4 млрд теңге);

6) алдын ала оқшауланған құбырлар өндіру зауытын салу (құны-603 млн теңге);

7) түйіршіктелген жем өндірісі мен өңдеу кешенін салу (құны-6,3 млрд теңге);

8) 1000 гектар аумақта суғару (7 жаңбырлатқыш машинаны орнату), (құны-1,1 млрд теңге);

9) күнбағыс майын тазарту, құю және қаптау желісі бар цех салу (құны-7,1 млрд теңге);

10) технологиялық желілерді жаңарту және өндіріс алаңдарын кеңейту (құны-10 млрд теңге);

11) нефрологиялық орталықты салу (құны-1 млрд теңге);

12) медициналық орталықты салу (құны-2,8 млрд теңге);

13) қағаз және картон бұйымдарын өндіру (құны-6 млрд теңге);

14) «Родниковое» кен орнын игеру үшін алтын өңдеу фабрикасын салу (құны-1 млрд теңге);

15) ағаш өңдеу зауытын салу (құны-7,5 млрд теңге);

16) ет өңдеу кешенін салу (құны-7,2 млрд теңге);

17) шошқа етін өндіру бойынша вертикалды интеграцияланған кешен құру (құны-32,8 млрд теңге);

18) жел электр станцияларын салу (құны-55 млрд теңге);

19) қуаты 100 мың тонна катодтық мыс болатын байыту-өндірістік кешенін салу (құны-329,2 млрд теңге);

20) теміржол салу (құны-577,5 млрд теңге);

21) тау-кен байыту комбинатын салу (құны-560,5 млрд теңге);

22) Қазақстан Республикасында жаңа мыс балқыту зауытын салу (құны-587,7 млрд теңге);

23) хромиттерді байыту және ферроқорытпа зауытын салу бойынша тау-кен байыту кешенін салу (құны-33,9 млрд теңге);

24) орталық сынақ зертханасын салу (құны-1,5 млрд теңге);

25) көмір-химия зауытын салу (құны-157 млрд теңге).

 

Дата публикации
20 января 2025