Абай облысы әкімі аппаратының сыртқы байланыстар және хаттама бөлімі туралы ереже

 

Абай облысы әкімі аппаратының

сыртқы байланыстар және хаттама бөлімі

туралы ереже

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Сыртқы байланыстар және хаттама бөлімі (бұдан әрі - бөлім) Абай облысы әкімі аппаратының (бұдан әрі - аппарат) құрылымдық бөлімшесі болып табылады
  2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, аппарат регламентін, аппарат басшысының бұйрықтарын, осы ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлімнің құрылымы мен штат санын облыс әкімі аппаратының басшысы бекітеді.

 

  1. Сыртқы байланыстар және хаттама бөлімінің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері

 

Мақсаттары:

1) облыс әкімінің өңіраралық және халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қатысу жөніндегі қызметін жоспарлау;

2) облыс әкімі аппаратының сыртқы байланыстарын жүзеге асыру және хаттамалық іс-шараларын қамтамасыз ету.

3) облыс басшылығымен шетелдік делегациялардың ресми қабылдауларын, кездесулерін ұйымдастыру.

4) халықаралық көрмелер, жәрмеңкелер және шет мемлекеттердің өкілдерімен келіссөздер ұйымдастыру .

5) жедел бақылауды қамтамасыз ету және халықаралық/сыртқы қызмет бойынша іс-шаралар жоспарларының орындалу барысы туралы ақпарат дайындау.

 

Құқықтары мен міндеттері:

1) өз құзыреті шегінде облыс әкімі аппаратының, облыс әкімдігінің басқа құрылымдық бөлімшелерімен, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауға;

2) облыс әкімінің республикалық, өңіраралық, халықаралық іс-шараларға қатысуын ұйымдастыру;

3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдардың қарамағындағы кез келген, оның ішінде құпия, ақпараттық деректер банктерін пайдалануға;

4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

 

Функциялары:

1) облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінен, өзге де мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан бөлімге жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті құжаттар мен материалдарды белгіленген тәртіппен сұрату және алу;

2) бөлім қарайтын мәселелерді шешуге облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің, өзге де мемлекеттік органдардың, мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлерін тарту;

3) бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімінің тапсырмаларын орындауды зерделеу мақсатында жұмыс топтарын құру;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;

5) Қазақстан Республикасының шетелдегі және Қазақстан Республикасындағы шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерімен ынтымақтасу;

6) кездесулер мен келіссөздер кезінде шетелдік делегацияларды қабылдауды ұйымдастыру және оларға қызмет көрсету;

7) халықаралық деңгейдегі бизнес-форумдар мен семинарлар туралы облыстық басқармалар арқылы бизнес-құрылымдарды хабардар ету;

8) бауырластық байланыс орнату туралы ұсыныстарды талдау;

9) ынтымақтастық және бауырластық қатынастарды орнату туралы меморандумдардың, ниеттер хаттамаларының жобаларын қарау және келісу; 

10) облыс әкімінің қатысуымен өтетін іс-шаралардың хаттамасын (әкімдік отырыстары, кеңейтілген аппараттық кеңестер, комиссиялар отырыстары, әкімнің өңір бойынша шығулары, жұмыс сапарлары және әкімнің қатысуымен басқа да іс-шаралар) жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру;

11) хаттамалардың орындалуы бойынша бақылауды жүзеге асыру, талдау жүргізу, хаттамалардың орындалу қорытындылары бойынша аппарат басшысының атына қызметтік жазба енгізу;

12) Абай облысына келетін шетелдік делегациялардың кездесулерін, болуын, орналасуын және сапарларының бағдарламалары бойынша жұмысын қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

13) шет мемлекеттердің субъектілерімен халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшін Абай облысының оң имиджін қалыптастыруға және ілгерілетуге жәрдемдесу;

14) шетелдік делегациялармен жұмысты ұйымдастыру мәселелері бойынша олардың белгіленген құзыреті шегінде Абай облысы әкімі аппаратының атқарушы органдарының, құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру және бақылау;

15) бірыңғай мемлекеттік және халықаралық хаттамалық практиканың сақталуын қамтамасыз ету;

16) Абай облысына келетін шетелдік делегацияларды және шетел азаматтарын қабылдауды және олармен жұмысты ұйымдастырушылық-хаттамалық қамтамасыз етуге жәрдемдесуді жүзеге асыру;

17) ірі өңірлік іс-шараларға, оның ішінде Абай облысының аумағында форумдарға, конгресстерге, конференцияларға, көрмелерге, қабылдауларға қатысу үшін облыс әкімі басқаратын делегациялардың жұмыс сапарларын ұйымдастырушылық-хаттамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

18) Абай облысының аумағында алдағы жылға жоспарланатын негізгі ұйымдастырушылық-бұқаралық іс-шаралардың, өңіраралық іс-шаралардың жоспарын ұсыну;

19) облыс әкімінің қатысуымен алдағы айға арналған негізгі іс-шаралар жоспарын ұсыну;

20) шетел азаматтарын қабылдауды есепке алу журналын жүргізу;

21) заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау;

22) шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың өкілдерін қабылдау жөніндегі іс-шараларды хаттамалық қамтамасыз ету;

23) шығуға байланысты іс-шараларды хаттамалық қамтамасыз ету;

24) қатысушылардың құрамын және кездесулер өткізу тәртібін келісуді қоса алғанда, облыс әкімінің және шет мемлекеттердің өкілдерімен кездесулерін хаттамалық қамтамасыз ету;

25) облыс әкімінің қатысуымен құжаттарға қол қоюдың ресми рәсімдерін хаттамалық қамтамасыз ету;

26) ресми делегацияларға көліктік қызмет көрсетуді бақылау;

27) облыс әкімінің шет мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен, ұйымдарымен және кәсіпорындарымен, халықаралық ұйымдармен делегацияларға қызмет көрсету бөлігінде келіссөздері мен кездесулерін дайындау;

28) халықаралық іс-шараларды ұйымдастырушылық-хаттамалық бөлігін қамтамасыз ету.

 

  1. Сыртқы байланыстар және хаттама бөлімінің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтар мен міндеттерге ие.
  2. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.
  3. Бөлім басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  4. Бөлім басшысы аппарат басшылығына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстар береді.
  5. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлім атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға бөлім басшысы, ал болмаған жағдайда оны алмастыратын тұлға қол қояды.
Дата публикации
10 января 2025