Абай облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау-инспекторлық жұмыс бөлімі туралы ереже

Абай облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру және  бақылау-инспекторлық жұмыс бөлімі туралы

ереже

 

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Ұйымдастыру және бақылау-инспекторлық жұмыс бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Абай облысы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі - аппарат) болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан-2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын», «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Сайлау туралы», Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексімен, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ аппарат регламентін, аппарат басшысының бұйрықтарын, осы ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен облыс әкімі аппаратының басшысы бекітеді.

 

  1. Ұйымдастыру және бақылау - инспекторлық жұмыс бөлімінің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
  2. Мақсаттары:

1) облыс әкімінің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;

2) облыс әкімі мен әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;

3) қалалар мен аудандар әкімдерінің, облыстық басқармалардың Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыс әкімі және әкімдігі қойған міндеттерді іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіру (жетекшілік ету);

4) облыс әкімінің, облыс әкімі аппараты басшысының қалалар мен аудандар әкімдеріне берген тапсырмаларының орындалуын бақылау;

5) Президент сайлауын, референдумды, барлық деңгейдегі депутаттарды, қалалар, аудандар, ауылдық округтер әкімдерін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;

6) көпбалалы аналарға арналған наградалар жөніндегі облыстық комиссияның жұмысын қамтамасыз ету.

 

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) өз құзыреті шегінде облыс әкімі аппаратының, облыс әкімдігінің басқа құрылымдық бөлімшелерімен, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауға;

2) облыс әкімі аппараты басшысының келісімімен облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың қызметін тексеруді ұйымдастыру үшін аппараттың басқа құрылымдық бөлімшелерінің, облыс басқармаларының қызметкерлерін тартуға;

3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдардың қарамағындағы кез келген, оның ішінде құпия, ақпараттық деректер банктерін пайдалануға;

4) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың басшыларын оларға жүктелген міндеттер мен функцияларды, Мемлекет басшысының, облыс әкімінің, аппарат басшысының актілері мен тапсырмаларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, сондай-ақ тексеру қорытындылары бойынша тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы ұсыныстар енгізуге;

5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

 

6.Функциялары:

1) облыс әкімінде, аппарат басшысында кеңестер ұйымдастыру және өткізу;

2) облыс әкімінің қалалар мен аудандарға, жергілікті мемлекеттік органдарға, шаруашылық жүргізуші субъектілерге жұмыс сапарларын ұйымдастыру;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, орталық атқарушы билік органдары басшыларының, облыс әкімінің, аппарат басшысының қатысуымен іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

4) облыс әкімінің халық алдында кездесулерін, облыс әкімінің облыстық мәслихат депутаттары алдындағы есептерін ұйымдастыру және өткізу;

5) облыс әкімдігінің отырыстарында, облыс әкімі жанындағы кеңейтілген аппараттық кеңестерде қарау үшін мәселелер тізбесін дайындау, облыс әкімінің, облыс әкімі аппараты басшысының төрағалығымен өтетін кеңестердің күн тәртібін жасау;

6) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, облыс әкіміне, аппарат басшысына облысты дамытудың өзекті мәселелері бойынша талдамалық және ақпараттық жазбалар дайындау;

7) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, орталық атқарушы билік органдары басшыларының сапарларына, облыс әкімінің жұмыс сапарларына ақпараттық, анықтамалық және талдамалық материалдар дайындау;

8) бөлімнің тоқсандық жұмыс жоспарларын, негізгі іс-шаралардың ай сайынғы жоспарларын, облыс әкімінің апта сайынғы желілік іс-шаралар жоспарларын дайындау;

9) облыс әкімдігінің отырыстарына, облыс әкімінің, аппарат басшысының қатысуымен өтетін кеңестерге, Қазақстан Республикасы Үкіметі отырыстарына материалдар дайындау, сондай-ақ өңірлік кеңестер мен қоғамдық-саяси іс-шараларды ұйымдастыруға, дайындауға және өткізуге қатысу;

10) облыс әкімінің өңірлерге жұмыс сапарларын ұйымдастыру және материалдар дайындау, облыс әкімінің қатысуымен көшпелі кеңестер дайындау;

11) Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы                                Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшелерінің, республиканың басқа облыстарынан, жақын және алыс шетелдерден делегациялардың (қонақтардың) облысқа сапарларын дайындау және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;

12) облыс әкімінің қатысуымен республикалық, облыстық селекторлық кеңестерді, облыс әкімдігінің отырыстарын, кеңейтілген кеңестерді дайындауды және өткізуді ұйымдастыру;

13) облыстың, қалалар мен аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуының жыл сайынғы паспорттарын дайындауды қамтамасыз ету;

14) облысты, қалалар мен аудандарды дамытудың өзекті мәселелерін қалыптастыру және тұрақты жаңарту;

15) бас инспекторларды облыстық бюджеттен қаржыландырылатын өңірлерге және облыстық басқармаларға бекіту;

16) жергілікті атқарушы органдардың өздеріне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау жөніндегі қызметіне мониторинг жүргізу;

17) қалалар мен аудандарға инспекциялық шығуларды, қалалар мен аудандар әкімдері мен әкімдіктерінің, олардың аппараттарының, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын облыстық басқармалардың қызметіне тұрақты кешенді және тақырыптық тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу;

18) облыс әкіміне, аппарат басшысына атқарушылық тәртіп бойынша қызметтік және талдамалық жазбалар дайындау;

19) ОСК, облыстық аумақтық сайлау комиссиясымен сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;

20) сайлау өткізу жұмысын ұйымдастыру;

21) наградалық іс қағаздарын жүргізу;

22) наградтарды ұйымдастыру;

23) наградталғандарды есепке алу (наградталғандардың тиісті тізімін жүргізу);

24) көпбалалы аналар мен мемлекеттік награда бойынша наградтауға ұсынылған бірыңғай республикалық дерекқорды уақтылы толықтыру;

 

  1. Ұйымдастыру және бақылау - инспекторлық жұмыс бөлімінің

қызметтін ұйымдастыру

 

  1. Бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтар мен міндеттерге ие.
  2. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Абай облысы әкімі аппаратының басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын басшы басқарады.
  3. Бөлім басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  4. Бөлім басшысы аппарат басшылығына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстар береді.
  5. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бөлім атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Бөлім басшысы, ал болмаған жағдайда оны алмастыратын тұлға қол қояды.
Дата публикации
10 января 2025