Инвестицияны дамыту бөлімі

2024 жылғы қаңтар-қарашада облыс экономикасына негізгі капиталға инвестициялар 471,5 млрд теңгені құрады,  жоспарланған инвестициялар 676,4 млрд теңге. (2023 жылғы қаңтар-қараша – 440,6 млрд.теңге). НКИ-105%.

Өңірлік үйлестіру кеңесі 2024 жылы 881 жұмыс орнын құрумен 47,8 млрд теңге сомаға инвестициялық жобаны айқындау үшін 3 жобаны қарады.

ҚР СІМ 2024 жылға арналған тікелей шетел инвестициялар жоспары 149 млн АҚШ долл.  мөлшерінде белгіленді,                             II тоқсанның қорытындысы бойынша тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 373 млн АҚШ долл.

2024 жылдың IV тоқсанына 8 мыңнан астам жұмыс орнын құра отырып, 2029 жылға дейін жалпы сомасы 2,3 трлн теңгеге     25 инвестициялық жоба пулы өзектендірілді.

2024 жылы 9,1 млрд теңгеге 8 инвестициялық жоба іске асырылып, 307 жұмыс орны құрылды.

Анықтама: 50 жұмыс орнын құра отырып, құны 1,5 млрд теңге болатын талшықты цементті қасбеттік плиталарды дайындау үшін өндірістік желіні енгізу.

- 30 жұмыс орнын құра отырып, құны 678 млн теңге болатын цемент қаптамасының үшінші желісін сатып алу.

- 15 жұмыс орнын құра отырып, құны 500 млн теңге қонақ үйлер салу.

- 100 жұмыс орнын құра отырып, құны 2,3 млрд теңге дайын өнім шығара отырып, автомобиль көлігін пайдалану кезінде пайда болатын қалдықтарды қайта өңдеу кешенін кезең-кезеңімен салу.

- 57 жұмыс орнын құра отырып, құны 1,0 млрд теңге болатын "Родниковое" кен орнын игеру үшін алтын өндіру фабрикасын салу.

- құны 1,4 млрд теңге, 25 жұмыс орнын құрумен 1360 га алаңда суару жүйелерін салу (17 жаңбырлату машинасын орнату).

- - 25 жұмыс орнын құра отырып, құны 603 млн теңге болатын оқшауланған құбырлар шығаратын зауыт салу.

- 1000 гектарға суару (7 жаңбырлату машинасын орнату), құны 1,1 млрд теңге, 5 жұмыс орнын құрумен.

Дата публикации
24 декабря 2024