Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының спортты дамыту бойынша тапсырмасында: Балалардың спортпен шұғылдануына жағдай жасау қажет. Мұның бәрі халықтың денсаулығын жақсартуға мүмкіндік беретінін және мемлекет тарапынан спорттық инфрақұрылымды нығайтуға көп көңіл бөлетінін атап өткен болатын.

Қазақстан Республикасының Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында біз мақсатты көрсеткіштерге жету жолында нық қадам жасап келеміз:

–  «Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын азаматтардың үлесі» Абай облысында 40,4%-ды құрайды.  (244 мың адам, облыстың жалпы халық саны – 604 мың адам). Бұл – тұрғындардың салауатты өмір салты мен спортқа деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсететін елеулі көрсеткіш.

Облыста дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту және насихаттау мақсатында, Спорттық іс-шараларды өткізу арқылы жастардың бос уақытын дамыту, тәрбиелеу және ұйымдастыру бойынша 2024 жылға 331 бұқаралық спорт шарасы жоспарланған.

Бүгінгі күні: Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдығы, «Асыл бесік-Ақсуат» өнер және спорт фестивалі, дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту және насихаттау мақсатында бұқаралық спорттық іс-шаралар: Семей қаласында «Біз есірткіге қарсымыз» ұранымен велошеру, мемлекеттік қызметкерлер арасында спартакиада, марафондар өткізілді.

2024 жылдың 21 шілдесінде Семей қаласында 2, 5, 10 және 21 км қашықтықта «QAZAQ MARATHON ABAY» өтті, оған 1000-ға жуық адам қатысты.

10 тамызда 250-ден астам марафоншының қатысуымен «Абай жолы 100 миль» марафоны өтті.

– «Халықты спорттық инфрақұрылыммен 1000 адамға шаққанда қамтамасыз ету» 52%-ға жетті. Бұл ауылдық елді мекендердегі жылдам тұрғызылатын ғимараттарды қоса алғанда, ірі спорттық кешендердің белсенді салынуының арқасында мүмкін болып отыр.

Біздің жұмысымыздың басты міндеті – спорттық инфрақұрылымды кеңейту және оның қолжетімділігін арттыру. Бұл әрбір тұрғынның, әсіресе ауылдық жерлердегі азаматтардың спортпен айналысуына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Сіздердің назарларыңызға Абай облысының бұқаралық спортты дамыту үшін салынып жатқан спорттық инфрақұрылым жағдайы туралы жалпы ақпаратты ұсынамын.

Облыста дене шынықтыру және спортпен шұғылдану үшін 2024 жылдың қорытындысы бойынша 610 бірлік спорт ғимараттары бар.

(Оның ішінде: 1 стадион, 25 спорт кешені, 12 жүзу бассейні, 75 ашық хоккей корттары, 1 ату тирі, 1 теннис корты, 7 ипподром, 488 жазықтықтағы құрылымдар. (жазықтықтағы құрылымдар - шағын футбол алаңдары, спорттық алаңдар, воркуат алаңдары).

2024 жылдың қорытындысы бойынша 395 спорт зал бар (ауылдық жерде – 247). Оның ішінде білім беру ұйымдарында – 309, дене шынықтыру-спорттық құрылымдарында – 86.

Анықтама: 395 спорт зал (ауылда – 247). Спорт кешендердегі залдар – 41, жалпы білім беру ұйымдарында – 287, орта білімнен кейінгі арнайы білім беру ұйымдары – 15, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары – 3, жоғарғы оқу орындарында – 4, спорт мектептері – 35, кәсіпорындар мен мекемелерде – 10.      

 

2023 жылы пайдалануға берілген спорттық нысандар:

- Ақсуат ауылында (Ақсуат ауданы) дене шынықтыру-сауықтыру кешені;

- Қайнар ауылында (Жанасемей ауданы) дене шынықтыру-сауықтыру кешені;

- Қабанбай ауылында (Үржар ауданы) спорт модулі;

- Үржар ауылында (Үржар ауданы) жүзу бассейні.

 

        2024 жылы құрылысы аяқталған спорт нысандары:

- Таскескен ауылында (Үржар ауданы) спорт модулі;

- Шүлбі кентінде «Самұрық-Қазына» қорының қаражатымен көпфункционалды спорт кешені;

- Үржар ауданының Барқытбел ауылында демеушілік қаражаты есебінен қайта жағыртылған (реконструкция) спорт залы.

- Бородулиха ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені;

- Көкпекті ауылындағы жүзу бассейні;

- Әуезов кентінде (Жарма ауданы) «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен ангар үлгісіндегі модульдік спорт залы.

        Ағымдағы жылы құрылысы жүріп жатқан спорттық нысандар:

1) Курчатов қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені;

2) Бесқарағай ауылындағы жүзу бассейні;

3) Петропавловка ауылындағы (Бородулиха ауданы) спорттық-демалыс орталығы;

4) Көкбай ауылындағы (Абай ауданы) спорт модулі.

5) Қопа ауылында (Аягөз ауданы) «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен ангар үлгісіндегі модульдік спорт залы.

 

Демеушілер есебінен салынып жатқан спорт нысандарын атап өтетін болсақ:

- Үржар ауданы Жанай ауылында меценат Серікбол Берікболұлының демеушілігімен құны шамамен 140 млн. теңгені құрайтын жаңа спорт ғимаратының құрылысы жүргізілуде. Жобаны 2025 жылы аяқтап, кейін Үржар ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне тапсыру жоспарланған.

- Үржар ауданының Егінсу, Бестерек және Елтай ауылдарында демеушілік қаражат есебінен үш спорт залы жаңғыртылуда.  

- Семей қаласында толық көлемді жабық футбол манежін салу бойынша «Freedom Holding» компаниясы Абай облысы әкімдігімен меморандумға қол қойылып, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жалғасуда.  (Жобаның жалпы құны 1 млрд теңгені құрайды).

Сондай-ақ, Семей қаласындағы Пищевик стадионының жер аумағына 12,5 мың орындық стадион салу жоспарлануда. Жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде, іске асыру мерзімі 2026 жыл.

Бұдан басқа, 29 объектіге жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.

Сондай ақ Абай облысының әкімі дене шынықтыру және спорт басқармасының жұмысын жақсарту және спорттық инфрақұрылымды дамыту мақсатында 3 және 4 қабатты ғимараттарды басқармаға пайдалануға бергені  аймақтық спортты дамытуға бағытталған үлкен қадам болып табылады.

Бұл қадам Абай облысының спортшылары мен жаттықтырушыларға жаңа мүмкіндіктер береді.

Қазіргі таңда облыс бойынша 23 спорт мекемесі жұмыс істейді. Анықтама: (оның ішінде 14 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі                                                 (4 мамандандырылған, 10 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі), 2 жоғары спорт шеберлігі мектебі, 2 спортты дамыту дирекциясы, олимпиадалық резервті дайындау орталығы, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубы, спорттық - бұқаралық іс-шараларды өткізу орталығы, ұлттық және ат спорты түрлері бойынша спорт клубы, дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері).

Облыс құрылғанға дейін 13 мекеме. Облыс құрылғаннан кейін 10 спорт мекемесі  ашылды.

  1. Олимпиадалық спорт түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясы.
  2. Олимпиадалық резерв даярлау орталығы.
  3. Женіл атлетикадан Балалар жасөспірімдер спорт мектебі.
  4. Қысқы спорт түрлері бойынша Балалар жасөспірімдер спорт мектебі.
  5. Олимпиадалық спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі.
  6. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы.
  7. Бұқаралық іс-шараларды өткізу орталығы.
  8. Ұлттық және ат спорт түрлері бойынша спорт клубы.
  9. Дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері.
  10. Олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясы.

 

Облыста спорттың 72 түрі дамып келеді (23 олимпиадалық, 24 олимпиадалық емес, 10 ұлттық және 8 паралимпиадалық, 4 сурдлимпиадалық, 3 паралимпиадалық емес), өз қызметін 47 аккредиттелген спорт федерациялары жүзеге асыруда.

 23 спорт мекемеде спортшылардың жалпы саны 13693 спортшы 66 спорт түрімен айналысады (23 олимпиадалық, 18 олимпиадалық емес, 10 ұлттық, 8 паралимпиадалық, 4 сурдлимпиадалық, 3 паралимпиадалық емес). Жаттықтырушылар саны 734, оның ішінде 444 штаттық, 290 қосымша.

Облыстағы 14 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде (БЖСМ, ОРМБЖСМ) 34 спорт түрімен айналысады, оның ішінде: 15-і жазғы олимпиадалық, 4-і қысқы олимпиадалық, 13-сі олимпиадалық емес спорт түрлері және 2-і ұлттық спорт түрлерімен 12406 спортшы жаттығады.

 

ЖОҒАРЫ СПОРТ ЖЕТІСТІКТЕРІ

Әртүрлі спорт түрлері бойынша Абай облысының 453 спортшысы Қазақстан Республикасының құрама командасына енді - ересектер 153, жастар 148, жасөспірімдер 149. (анықтама:2024 жылы 167 спортшыға өсті).

Жыл

Барлығы

Жазғы, қысқы олимпиадалық

Олимпиадалық емес

Ұлттық

Пара, сурдо

2023

286

98

129

47

12

2024

453

205

141

47

60

 

2024 жылы облыстың 125 үздік спортшыларына (Қазақстан Республикасы, Азия және Әлем чемпионаттары мен кубоктарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне) ынталандыру мақсатында ай сайынғы жабдықталым төленеді.

Анықтама: 2023 жылғы ай сайынғы жабдықталым алатын спортшылар саны 56 спортшы, 2024 жылы 69 спортшыға өсті.

Азия және Әлем чемпионаттарында, Әлем кубогында барлығы 244 жүлдеге жеңіп алынды:

Жыл

Жазғы, қысқы олимпиадалық

Олимпиадалық емес

Ұлттық

Пара, сурдо

Пара Азия ойындары

 

 

 

1 қола

Әлем чемпионаты

1 қола

8 алтын

22 күміс

24 қола

3 алтын

2-күміс

2 қола

8 алтын

8 күміс

5 қола

Әлем кубогы

2 күміс

10 алтын

7 күміс

11 қола

3 алтын

1 күміс

3 қола

3 алтын

1 күміс

3 қола

Азия чемпионаты

3 алтын

9 күміс

13 қола

27 алтын

19 күміс

23 қола

1 алтын

3 күміс

3 алтын

3 күміс

3 қола

«Дети Азии» турниры

2 қола

 

 

 

5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындары

 

 

3 алтын

3 күміс

1 қола

 

Барлығы

30 медаль

151 медаль

25 медаль

38 медаль

 

Спорттық атақтар:

Жыл

ҚР еңбек сіңірген спортшысы

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері

Спорт шебері

Спорт шеберіне үміткер

1 разряд

2024

3

Тайменов Данияр-пара армреслинг

Вишневская Галина-биатлон

Хижнякова Ольга-сурдо лег.атл

22

125

1051

156

 

Абай облысынан 33 ші жазғы Олимпиада ойындарына 1 спортшы қатысты: грек-рим күресінен-Тұрсынов Нұрсұлтан 87 келі салмақ дәрежесі, Тұрсынов олимпиаданы 7 орынмен аяқтады.

5-ШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫ:

Байрақты бәсекеге облысымыздан спорттың 7 түрінен 12 спортшымыз ел намысын қорғады.

        Халықаралық додада спортшыларымыз жеңіс тұғырынан көрініп, ел қоржынына 3 алтын, 3 күміс, 1 қола жүлде салды.

қазақ күресі 1 орын-Тұқышев Дидар,  Сарипова Зарина, Нысантайқызы Роза.

құсбегілік 2 орын Байқадамов Ерзат., жорға 9 км Тілеуғалиұлы Ербұлан., арқан тартыс Жұманова Айгерім., кураш 3 орын Арғынов Ерзат .

Қазіргі уақытта облыста кәсіби спорт саласында ҚР чемпионаттарында 2 команда өнер көрсетуде. Футболдан – «Елімай» ФК, футзалдан – «Семей» ФК.

«Елімай» футбол клубы құрылған жылы 2022-2023 маусым UBET ҚР бірінші лигасында 1-ші орынға ие болды. Биылғы маусымда Olimpbet-Қазақстан чемпионатында 6 орынға тұрақтады.

«Семей» футзал командасы 2023 жылы құрылып алғашқы жылы 2023-2024 жылғы маусымның қорытындысы бойынша ҚР Кубогының күміс жүлдегері және ҚР чемпионатының жеңімпазы атанды, футзалдан «Чемпиондар Лигасына» жолдама алды.

Қорытындылай келе, “Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту, спорттық инфрақұрылымды жетілдіру және халықаралық спорттық жарыстардағы нәтижелерді жақсарту, олимпиадалық спорт түрлерін дамыту бойынша тапсырмалары аясында жүйелі жұмыстар жалғасуда. Облыстағы спорттық нысандардың қолжетімділігін арттыру, жастар арасында спортқа қызығушылықты нығайту және жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру бағыттары басымдыққа ие. Алдағы уақытта осы міндеттерді жүзеге асыру үшін қосымша шаралар қабылданып, барлық ресурстар толықтай жұмылдырылатын болады. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауда және қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін ұдайы жетілдіріліп отырады.

АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ
Дата публикации
17 декабря 2024