1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның басымдықтары мен ұсынымдарына сәйкес Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясының және Қазақстан қатысушысы болып табылатын отбасы және гендерлiк теңдiк мәселелерi жөнiндегi халықаралық шарттардың контексiндегi отбасы мен гендерлiк теңдiкке қатысты кешендi өңiрлiк (облыстық және қалалық) бағдарламаларды қалыптастыру;
2) отбасы мүдделерін қорғау және Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру мәселелері бойынша Абай облысының жергілікті атқарушы органдарымен және азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жасау;
3) Абай облысындағы әйелдердің жағдайы мен отбасылық-демографиялық ахуалды талдау, Қазақстан Республикасындағы гендерлiк және отбасылық-демографиялық саясаттың негiзгi бағыттары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзiрлеу;
4) әлеуметтiк-экономикалық мәселелер бойынша өңiрлiк тұжырымдамалар мен бағдарламаларды әзiрлеуге қатысу;
5) мыналарға:
әйелдердi басшы лауазымдарға, мәслихат депутаттарына ұсынуға, шешiмдер қабылдау деңгейiнде әйелдердiң 30% өкiлдiгi болуына;
халыққа гендерлiк бiлiм беру мен ағартуға, гендерлiк бiлiм беру жөнiнде оқу-әдiстемелiк әдебиет, ақпараттық бюллетендер, бағдарламалар, әдiстемелiк құралдар әзiрлеуге, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара iс-қимыл жасауға, ата-аналарды әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігінің мәселелерi бойынша ағартуға, қыздарды техникалық мамандықтарға оқуға тартуға, әлеуметтiк-экономикалық бағдарламаларға гендерлiк көрсеткiштер енгiзуге;
экономикалық саладағы әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігіне қол жеткiзуге, кәсiпкерлiктi дамытуға, әйелдердi шағын және орта бизнеске тартуға, отбасылық бизнестi дамытуға, экономикалық бiлiм беру орталықтарын ұйымдастыруға;
отбасы институтын нығайтуға, отбасы қатынастарында әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігіне қол жеткiзуге;
отбасындағы және жұмыс орнындағы зорлық-зомбылықты түп-тамырымен жоюға, әйелдер мен балалар трафигiне қарсы күрес жүргiзуге;
демографиялық жағдайды жақсартуға жәрдемдесу;
6) халықтың денсаулығын, оның iшiнде ұрпақты болуын сақтау және нығайту, өмiр сүру сапасын арттыру проблемаларын зерделеу және ол бойынша ұсыныстар енгiзу;
7) Абай облысының жергiлiктi атқарушы және өкiлдi органдарымен, орталық мемлекеттiк органдардың аумақтық бөлiмшелерiмен, заңды тұлғалармен, азаматтармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық, жыныстар теңдігінің, отбасы және демография мәселелерi жөнiндегi конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысу;
8) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттiк органдардың аумақтық бөлiмшелерiнiң, заңды тұлғалардың, азаматтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының және халықаралық ұйымдардың Комиссияның құзыретiне кiретiн проблемалар жөнiндегi ұсыныстарын қарау, Абай облысы әкiмiнiң тиiстi ұсынымдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның ұсыныстарын дайындау;
9) отбасы, жыныстар теңдігінің сақталмауы мәселелерiне қатысты азаматтардың өтiнiштерiн, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын қарау болып табылады.
1) өзiнiң отырыстарында жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттiк органдардың аумақтық бөлiмшелерiнiң, заңды тұлғалардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерiн және азаматтарды тыңдауға;
2) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан, орталық мемлекеттiк органдардың аумақтық бөлiмшелерiнен және заңды тұлғалардан қажеттi құжаттар, материалдар мен ақпарат сұратуға және алуға;
3) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға және орталық мемлекеттiк органдардың аумақтық бөлiмшелерiне жыныстар теңдігі, отбасы және демография мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық кесiмдердi бұзу фактiлерi бойынша тексерулер мен қызметтiк тергеулер жүргiзу қажеттiгi туралы өтiнiш жасауға;
4) Абай облысы әкiмдiгi мен әкiмiнiң жыныстар теңдігі, отбасы және демография мәселелерін қозғайтын кесiмдерiнiң жобалары бойынша ұсыныстар енгiзуге;
5) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттiк органдар аумақтық бөлiмшелерiнiң және заңды тұлғалардың өкiлдерiн Комиссияның жүргiзуiне жатқызылған мәселелердi қарау үшiн комиссия отырыстарына шақыруға құқығы бар.
Комиссия төрағасының орынбасары болады.
Комиссияның сандық және жеке құрамын Комиссия төрағасының ұсынысы бойынша әкiм белгiлейдi.
Комиссия отырысы, егер оған Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса заңды болып саналады.
Комиссияның шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi.
1) Комиссияның қызметiн ұйымдастырады және басшылықты жүзеге асырады;
2) Комиссия отырыстарының күн тәртiбiн жасайды;
3) Комиссияның отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етедi;
4) Комиссия мүшелерiнiң ішінен Комиссия отырысының күн тәртiбiне енгiзiлген мәселе бойынша баяндамашыны белгiлейдi;
5) тоқсан сайын Абай облысының әкiмі мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия төрағасының алдында Комиссия жұмысының қорытындылары туралы есеп бередi;
6) оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссия жүзеге асыратын қызмет үшiн жауапты болады.
1) Комиссия отырыстарының күн тәртiбiн дайындайды;
2) Комиссия шешiмдерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi және оны бақылайды;
3) Комиссия мүшелерiнiң және оның қызметiне тартылған мамандардың жұмысын үйлестiредi.
15. Комиссияның қызметін ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді «Абай облысының қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.