Облыс бойынша 23 спорт мекемесі жұмыс істейді. Анықтама: оның ішінде 14 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі (4 мамандандырылған, 10 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі), 2 жоғары спорт шеберлігі мектебі, 2 спортты дамыту дирекциясы, олимпиадалық резервті дайындау орталығы, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубы, спорттық - бұқаралық іс-шараларды өткізу орталығы, ұлттық және ат спорты түрлері бойынша спорт клубы, дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері). Айта кетсек 2023 жылы облысымызда 10 спорт мекемесі ашылды.
Абай облысында 2023 жылы дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтар саны 2022 жылмен салыстырғанда (38%) 4% - ға ұлғайды, спорт объектілерін пайдалануға беруге және спорт ұйымдарының ашылуына байланысты «Халықты дене шынықтырумен және спортпен қамту» көрсеткіші облыс халқының 42% пайызын немесе 254,8 мың адамды құрады.
2024 жылы халықты жоспарлы қамту 46% құрайды (Абай облысы бойынша 608,2 мың халықтың 279,7 мың адамы).
Облысымызда 6-17 жас аралығындағы оқушылар саны-100 102 бала.
-6-18 жас аралығында спортпен айналысатын балалар саны 48 473 бала 48,4 % құрайды.
Оның ішінде:
Білім беру мекемелерінде 1 135 спорт секцияларында 23 770 бала жаттығады.
Қосымша білім беру мекемелерінде 151 спорт секцияларында 5820 бала шұғылданады.
«Нұр-жолы» спорттық клубында 1013 бала спортпен шұғылдануда:
жүзу - 663 адам; су добы - 118 адам; футзал - 118 адам; баскетбол - 56 адам; үстел теннисі - 58 адам.
«Елімай» футбол клубында 370 бала дайындалады. (320 ұл, 50 қыз).
Облыстың 14 БЖСМ - де 14322 спортшы айналысады.
Балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік спорттық тапсырыс аясында 2023 жылы 3178 бала мен жасөспірім спорт секцияларымен қамтылған. (26 өңім беруші 15 спорт түрінен 45 секция).
2024 жылға жалпы 2024 жылы бала саны 4556 баланы қамту жоспарланған.
2023 жылы дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту және насихаттау мақсатында облыста бұқаралық спорттық іс-шаралар: бұқаралық жеңіл атлетикадан марафондар, веложарыс, мемлекеттік қызметшілер арасында спорттық жарыстар, облыстық білім басқармасымен бірлесіп Ұлттық мектеп лигасы өткізілді.
Облыста спорттың 58 түрі дамып келеді (22 олимпиадалық, 24 олимпиадалық емес, 6 ұлттық және 6 паралимпиадалық), 23 спорт мекемеде спортшылардың жалпы саны 15259 спортшы, 668 жаттықтырушы.
Облыстағы 14 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде (БЖСМ, ОРМБЖСМ) 37 спорт түрімен айналысады, оның ішінде: 13-і жазғы олимпиадалық, 4-і қысқы олимпиадалық, 12-сі олимпиадалық емес спорт түрлері және 7-і ұлттық спорт түрлері, онда 114-те спорт бөлімшелерінде 14322 спортшы жаттығады. Жаттықтырушылардың жалпы саны 572 адамды құрайды, оның 415-і штатық.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубы жұмыс істейді, оның ішінде спорттың келесі түрлері бойынша 11 бөлімше бар, онда 196 адам айналысады: жеңіл атлетика, дзюдо, жүзу, таэквондо, пауэрлифтинг, шахмат, арбада билеу, үстел теннисі, армрестлинг, тоғызқұмалақ, бочча. Тұрақты негізде облыстық және республикалық деңгейдегі спорттық іс-шаралар өткізіледі. Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын ерекше қажеттіліктері бар халықтың үлесі 13,1% -. құрайды. 2024 жылы жоспарланған қамту 13,7%.
Медициналық - дене шынықтыру диспансері: штат құрамына: 11 дәрігер, оның 3-і спорт дәрігерлері, мейірбикелер – 12 бірлік, кіші медицина қызметкерлері – 5 бірлік және 7 басқарушы.
Медициналық дене шынықтыру диспансерімен тереңдетілген медициналық тексеруден өту туралы келісімге сәйкес 7200 спортшы тексерістен өтті. Медициналық құрал-жабдықтар сатып алынды: механотерапия аппараты, магниттік терапия аппараты, УВЧ аппараты, физиотерапиялық аппарат, велотренажер 3, велоэргометр, механикотерапия аппараты 2, электрокардиограф.
Астанада «Астана медицина университеті» базасында 3 дәрігер спорттық медицина мамандығы бойынша сертификат алды.
Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орталығы» КММ жарыстарды ұйымдастыру және өткізуді, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді медальдармен, кубоктармен және дипломдармен марапаттауды жүзеге асырады. Ағымдағы жылы Абай облысында 331 спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жоспарлануда.
Әртүрлі спорт түрлері бойынша Абай облысының 453 спортшысы Қазақстан Республикасының құрама командасына енді (анықтама: 2023 жылы 250 спортшы). Оның 150-і жазғы олимпиадалық спорт түрлерінен, 55-қысқы олимпиадалық спорт түрлерінен, 141-і олимпиадалық емес спорт түрлерінен, 60-ы пара және сурдлимпиадалық спорт түрлерінен, 47-і ұлттық спорт түрлерінен.
2024 жылы облыстың 125 үздік спортшыларына (Қазақстан Республикасы, Азия және Әлем чемпионаттары мен кубоктарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне) ынталандыру мақсатында ай сайынғы жабдықталым төленеді.
Анықтама: 2023 жылғы ай сайынғы жабдықталым алатын спортшылар саны 56 спортшы, 2024 жылы 69 спортшыға өсті.
2023 жылы облысымызда 2 Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 20 спорт шебері, 655 спорт шеберіне үміткер және 151 бірінші разрядты спортшылар дайындалды.
2024 жылдың 5 айында 2 Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы, 1 Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 11 Қазақстан республикасының спорт шебері, 230 спорт шеберіне үміткер және 36 бірінші разрядты спортшылар дайындалды.
Абай облысының спортшылары Республикалық және халықаралық аренада жоғары нәтижелер көрсетуде. 2023 жылы барлығы Республикалық және Халықаралық жарыстарда облысымыздың спортшылары 2875 медальға қол жеткізді.
(Анықтама: Оның ішінде Республикалық деңгейдегі жарыстарда барлығы 2405 медаль, оның ішінде 732 алтын, 699 күміс және 974 қола медаль жеңіп алды. Халықаралық деңгейде 470 медаль, оның ішінде 126 алтын, 142 күміс және 202 қола медаль).
Париж қаласында (Франция) 2024 жылдың 26 шілде 11 тамыз аралығында 32 спорт түрінен 33-ші жазғы Олимпиада өтеді.
Бүгінгі таңда Абай облысында Париж-2024 жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға грек-рим күресінен 1 жолдама иегері бар, қазіргі таңда Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасымен бірлескен халықаралық жиындарда дайындықтан өтуде.
Олимпиада ойындарына қатысуға жолдама иегері туралы ақпарат:
Грек-рим күресінен
Турсынов Нурсултан – (с/д 87 кг) Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Париж олимпиадасының жолдамасының иегері, Әлем чемпионаты 5 орын, Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері (2022, 2024 жыл), Токио 2020 олимпиада ойындарының қатысушысы.
Облысымызда бүгінгі таңда өз қызметін 46 аккредиттелген спорт федерациялары жүзеге асыруда.
2023 жылы басқарманың оң шешімі бойынша 45 спорт түріне аккредиттеу туралы куәлік берілді. 2024 жылы мамыр айында басқарманың оң шешімі бойынша аккредиттеу туралы 1 спорт түріне берілді.
Спортты дамытудың маңызды мәселесі спорттық инфрақұрылымды дамыту болып табылады. Бүгінгі таңда облыста 537 спорт ғимараты бар.
Оның ішінде:21 спорт кешені; 12 жүзу бассейні; 1 стадион (1500 және одан да көп орындық трибуналары бар стадион); 1 ату тирі; 75 ашық хоккей корты; 1 теннис корты; 7 ипподром; 419 жазықтық спорт ғимараты).
2023 жылы пайдалануға берілген спорт нысандары:
- Ақсуат және Қайнар ауылдарындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешендері;
- Үржар ауданы Қабанбай ауылында спорт модуль;
- Үржар ауданында Үржар ауылында жүзу бассейні іске қосылды;
- Демеушілік қаражат есебінен Семей қаласында «Әлем» спорт кешені және «BURA» жекпе-жек залы салынып, пайдалануға берілді.
Сондай-ақ, «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен Шүлбі кентінде көпфункционалды спорт кешенінің құрылысы аяқталды. (многофункциональный спортивный комплекс на базе воздухоопорного сооружения).
Сонымен қатар, «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 4 спорт нысанының құрылысы жүргізілуде:
1) Бородулиха ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені;
2) Көкпекті ауылында жүзу бассейні;
3) Абай ауданының Көкбай ауылында спорт модулі;
4) Үржар ауданының Таскескен ауылында спорт модулі.
Ағымдағы жылы 5 нысанның құрылысын бастау жоспарлануда:
1) Курчатов қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені;
2) Шар қаласындағы бассейн;
3) Бесқарағай ауылында жүзу бассейні;
4) Бородулиха ауданының Петропавловка ауылында спорт-демалыс орталығы;
5) Жарма ауданының Қалбатау ауылында стадион.
Сондай-ақ, «Пищевик» стадионының жер аумағына «Семей қаласында 12 мың орындық стадион» салу жоспарлануда. Жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде, іске асыру мерзімі 2026 жыл.
Өткен жылы облыс әкімі Абай мен Freedom Holding жаңа жабық толық өлшемді футбол манежін салу туралы Меморандумға қол қойды. Бұл "Елімай" академиясының балаларына жыл бойы футболмен айналысуға мүмкіндік береді. Жобаға салынған инвестициялардың жалпы сомасы 1 млрд теңгеден сәл асады.
Осы жазда "Ұшақтар" Комсомол ауданы кентінде жабық футбол манежі құрылысы басталады, іске асыру мерзімі 2024 жыл.
Бұдан басқа, 11 объектіге жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.
Анықтама: