Абай облысының 2024 жылғы қаңтар - ақпан айларындағы әлеуметтік- экономикалық дамуының қорытындылары туралы
Өнеркәсіпте 277,1 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, өнеркәсіптік өндіріс индексі - 100,9% құрады.
Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 30,6 млрд. теңгеге жетіп, нақты көлем индексі - 100,7% құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 6,2 млрд.теңгені немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 108,3% құрады.
28,1 мың шаршы метр тұрғын үйлер қолданысқа беріліп, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 104,2%.
Облыс экономикасына 31,1 млрд. теңге инвестициялар салынды, нақты көлем индексі - 104,7%.
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны
2023 жылға қарағанда 1,9% өсіммен 53,1 мың бірлікті құрады.
Бөлшек сауда айналымы 9,2% өсіммен 67,4 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі - 102,7%.
2024 жылдың қаңтар - ақпан айларында облыс бюджетіне 21,9 млрд. теңге меншікті кірістер түсті.