9 айлық есеп

 

2023 жылдың 9 айында Абай облысының жергілікті атқарушы органдарына 19 662 өтініш түсті. Тіркелген өтініштердің жалпы санынан ең көп саны: облыстың қалалары мен аудандарының әкімдіктеріне – 11 120 (56,5%), басқармаларға – 6308 (32%), облыс әкімінің аппаратына – 2234 (11,5%) түсті. Көп жағдайда зейнеткерлер 38%, ерекше қажеттіліктері бар адамдар 23%, көп балалы аналар 25% және жұмыссыздар 14% жүгінеді. Өңірлердің тұрғындары үшін дәстүрлі мәселелер маңызды болып қала береді: тұрғын үй және жер учаскелерін беру, коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым, абаттандыру, автомобиль жолдарын жөндеу, жұмыспен қамту және басқа да әлеуметтік мәселелер.

Жоғарыда аталған кезеңде облыс бойынша 1563 азаматтарды қабылдау жүргізіліп, 3966 адам қабылданды.

Азаматтарды қабылдау туралы ақпарат облыстың қалалары мен аудандары әкімдіктерінің сайтында және әлеуметтік желілерінде тұрақты негізде жарияланады.

Дата публикации
20 ноября 2023