«Абай облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы                              1-тармағының 4-2), 4-3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 «Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын және «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде               № 10886 болып тіркелген) сәйкес Абай облысының мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Абай облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Абай облыстық мәслихатының төрағасы                                   К. Сулейменов

Дата публикации
25 июля 2023