Абай облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сату тәртібін белгілеу туралы

Абай облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сату тәртібін белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 29-бабы
1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес Абай облысының әкімі ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Абай облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сату тәртібі белгіленсін.
2. «Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Абай облысының әкімі                                               Н. Ұранхаев

Дата публикации
14 октября 2022