Абай облысы бойынша теміржол көлігімен әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Заңының «Темір жол көлігі туралы» 14-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:
1. Абай облысындағы «Семей-Жаланашкөл» бағыты бойынша темір жол көлігімен әлеуметтік маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынасы айқындалсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оның күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай облыстық
мәслихатының хатшысы Сулейменов К.С.